3.Сазды және сынықты шөгінді тау жыныстары Шөгінді таужыныстар экзогендік геологиялық процестердің нəтижесі болып та- былады. Олар жер қыртысының беті мен беткі бөлігінде өте көп таралған. Олардың
даму тереңдігі кейде 15-20 км-ге жетеді. Шөгінді таужыныстардың қалыптасуы экзо- гендік агенттердің геологиялық əрекетіне байланысты жоғарыдағы тиісті тарауларда жеткілікті толық қарастырылған.
Шөгінді таужыныстар химиялық жəне түйірөлшемдік (гранулометриялық) құрамының ерекшеліктері, құрылымы мен бітімі бойынша төртке – сынықты, саз, органогендік жəне хемогендік кластарға бөлінеді (3.1-кесте).
Сазды таужыныстардың құрылымдары əр түрлі белгілер –минерал түйіршіктерінің өлшемі, агрегаттарының пішіні мен орналасуы, ондағы қалдықтар бойынша сипатталады.
Пелиттік құрылым. Бұл сазды таужыныстарға ең тəн құрылым, себебі минералдар таужыныста 0.01 мм-ден кіші түйіршіктер құрайды.
Алевропелиттік құрылым. Мұнда сазды минералдардың ішінде құмайттык түйіршіктер/0.01-0.1 мм/ 5-50% құрайды.
Псаммопелиттік құрылым. Мұнда құм түйірлері/0.1-2 мм/ 5-50% құрайды.
Реликтілік құрылым сазтаста бастапқы таужыныстың минералдарының пішіндерінің сақталғанын керсетеді .
Псевдоаморфтық құрылым сазтастардың өте ұсақ түйіршіктерден тұруына байланысты тастілімде үйектелген жарыққа əсер етпейтінін көрсетеді.
Қабыршақтық құрылымда сазды минералдар топ-топ болып бағдарланған, сондықтан микроскоп үстелшесін айналдырғанда агрегатты үйектелу байқалады.
Бағдарланған құрылым сазды минералдардың таужыныста оптикалық бір бағытта орналасқанын көрсетеді.