Д. Т. Кен же таев Ә.Ә. Сай лы баев Ө. О. Тұяқ баев зайырлылық ЖӘне дінтану негіздері негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет177/194
Дата18.10.2023
өлшемі3,82 Mb.
#118474
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   194
Байланысты:
Зайырлылык жане динтану 9 каз УЧЕБНИК

Қазақстандағы діни ахуал қандай?
Қа зақ стан да ғы ді ни ахуал.
Ал дың ғы та қы рып тар да сөз бол ған дай
Қа зақ стан да, не гі зі нен, екі дін дәс түр лі си пат қа ие. Олар – Қазақстан 
халықтарының басым бөлігі ұстанатын ис лам ді ні жә не хрис тиан ді ні. 


216
Елі міз де осы жағ дай ес ке рі ліп, Президент Жар лы ғы мен мұ сыл ман-
дар дың ді ни мей ра мы – Құр бан айт жә не пра вос ла вие ді ни ме ре ке сі – 
Рож дест во Хрис то во күн де рі рес ми түр де атау лы күн ре тін де жа рия-
ла нып, де ма лыс бе ріл ген. 
Тәуел сіз дік орнаған соң Қа зақ стан да ме шіт тер мен шір кеу лер қайт а 
қал пы на кел ті рі ліп, жа ңа дан са лы на бас та ды. Те ле ар на лар да ді ни бағ-
дар ла ма лар көр се ті ліп, ді ни бір лес тік тер өзін дік көз қа рас та рын біл ді-
ре тін ма те ри ал да рын жа рық қа шы ға ру ға мүм кін дік ал ды. 
Адам құ қы ғы мен ді ни се нім бос тан ды ғы ның за ман ға сай тү сі ні гі Бі-
рік кен Ұлт тар Ұйымы (БҰҰ) қа был да ған, жал пы жұрт шы лық мойын да-
ған ха лы қа ра лық шарт тар мен анық та ла ды. Олар дың ішін де 1948 жыл ғы 
10 жел тоқ сан да БҰҰ-ның Бас Ас са мб лея сын да қа был дан ған «Жал пы ға 
бір дей адам құ қық та ры дек ла ра циясы» ма ңыз ды құ жат бо лып са на ла-
ды. Бұл құ жат та әр бір адам ның ой лау ға, ар-ұж дан, дін бос тан ды ғы на 
құ қы ғы жа рия етіл ген. 
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік сая-
саты тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың 
құқықтары мен бостандығын мойындауға кепілдік беруге, қоғамның 
жалпыадамзаттық және діни құндылықтарын мойындауына және руха-
ни қайта өркендеуіне бағытталған. 
Біздің еліміздегі мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қа-
тынас моделінің негізі қағидалары: 
• адам құқықтары мен бостандығын құрметтеу
• қоғамдық және діни мүдделердің тепе-теңдік ұстанымын қамтама-
сыз ету; 
• сындарлы қатынас және әріптестік ұстаным орнату; 
• өзара түсінушілікке және өзара әрекеттесуге қолдау білдіру.
Осы айтылғандар негізінде діни сенім бостандығы аясында мемле-
кеттік саясаттың негізін құрайтын ұстанымдар: 
• бейтараптылық қағидасы; 
• төзімділік қағидасы; 
• тепе-теңдік (паритет) қағидасы.
Мемлекеттің бейтараптылық ұстанымын сақтау діни бірлестіктер-
дің жұмыстарына араласпауды білдіреді. Мемлекет бейтараптылық 
ұстанымына сәйкес өз азаматтарының дінге қатынасын қадағаламайды; 
заңға қайшы әрекеттер орын алмаған жағдайда діни білімнің мазмұны-
на және діни рәсімдерге араласпайды.
Мемлекеттің діни бірлестіктерден бөлінуі мемлекеттік-діни қатынас-
тардың теңдігін, діни бірлестіктердің қызметінің заңды түрде жүзеге 
асырылуын және олардың заң алдында теңдігін қамтамасыз етуді біл-
діреді. 


217
Осы ретте, діни бірлестіктердің қызметінің бостандығы шексіз еместі-
гін де ескеру қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясының 
22-бабына сәйкес «ар-ұждан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы 
адами және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерді 
елемеуге немесе оларды шектемеуге тиіс».
Бұл заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкiмнiң діни 
қызметті шектеуге құқығы жоқ екенін білдіреді. Төзімділік принципі 
діни сенімге құрметпен қарауды білдіреді.
Еліміздегі мемлекеттік-діни саясаттың маңыздылығы сонда, Қазақ-
стан тек өз азаматтарына ғана емес, сонымен қатар ел аумағында заңды 
түрде тұрып жатқан шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың ар-ұж-
дан және діни сенім еркіндігінің сақталуына кепілдеме береді. Ар-ұж-
дан еркіндігі жеке түрде және діни бірлестіктер құру түрінде де жүзеге 
асырыла алады.
Бұдан шығар тұжырым: Қазақстанда заңды түрде белгілі бір дінге 
және (немесе) діни бірлестікке артықшылықтар мен жеңілдіктер беріл-
мейді және шектеулер қойылмайды.
Тепе-теңдік (паритет) қағидасы дін ұстанушылар мен діни бірлес-
тіктердің барлығының заң алдында теңдігін білдіреді. Сондықтан зор-
лық-зомбылық жасауға, мемлекеттің конституциялық құрылысы мен 
билігін өзгертуге үгіттейтін немесе заңнамаға қайшы басқа да әрекеттер 
жасайтын діни бірлестіктер өздерінің қызметін еркін түрде жүзеге асыра 
алмайды. 
Еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болып 
табылатын қағидалардың ортақ ерекшеліктерін тұжырымдай отырып, 
мына мәселені анық әрі нақты түсініп алу керек: мемлекет ар-ұждан жә-
не діни сенім еркіндігі мәселелері бойынша бейтараптылық ұстанады; 
ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді; мем-
лекет белгілі бір дінге немесе діни сенімге артықшылық бермейді және 
қолдау көрсетпейді.
1. Ұлттық дүнетанымға не жатады?
2. Ді на ра лық та ту лық де ген не?
3. Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан құрылды?
1. Не лік тен эт но са ра лық жә не ді на ра лық ты ныш тық пен ке лі-
сім ді қол дау қа жет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   194




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет