№
|
«Тұзды (гипертониялық) клизманы қою» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбегі.
|
Жауабы
|
1.
|
Мақсаты: ішектің созылып, керіліп, жиырылуын күшейту және мол сұйықтықтың ішек тесігіне жиналу арқылы жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен және желден босату.
|
|
2.
|
Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек ісінуінде.
|
|
3.
|
Қарсы көрсетілімдері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну,ойық жара процесінде, анус аймағының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.
|
|
4.
|
Әзірлеу: залалсыздандырылған: тұзды ерітіндіні (10% натрий хлорид 100-200 мл), алмұрт баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, лотокті, қысқышты, салфеткаларды, клеенканы, шпательді, қолғапты, жаялықты, вазелин майын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, контейнерді.
|
|
5.
|
Пациентке емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
|
|
6.
|
Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстіне жаялықты төсеңіз пациентті кермемен қоршаңыз.
|
|
7.
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
|
|
8.
|
«Су» моншасында 380C дейін жылытылған 50-100 мл тұзды ерітіндіні алмұрт баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
|
|
9.
|
Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.
|
|
10.
|
Пациентті сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы мен тізе буынынан бүгілуі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.
|
|
11.
|
Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып,ал оң қолменжел шығаратын түтіктің домалақ ұшын абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен анал тесігіне енгізіп,оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластырып, 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
|
|
12.
|
Алмұрт баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын-ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғастырып, жаймен тұзды ерітіндіні енгізіңіз.
|
|
13.
|
Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.
|
|
14.
|
Алмұрт баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарыңыз.
|
|
15.
|
Одан дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып,оң қолмен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.
|
|
16.
|
Анал тесігі айналасын тазартыңыз.
|
|
17.
|
Пациенттен арқасына бұрылып жатуын сұраңыз.Оның қал жағдайын сұраңыз
|
|
18.
|
Ұштықты жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
|
|
19.
|
Қолғапты шешіп,қолғапты,салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналаған контейнерге салыңыз.
|
|
20.
|
Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
|
|