Енгізілетін жерлері: бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігіне, санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне.
|
|
6
|
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
|
|
7
|
Емделушіге емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз.
|
|
8
|
Емделушіні ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:
бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;
санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;
иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.
|
|
9
|
Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз.
|
|
10
|
Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).
|
|
11
|
Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және тығыздалу болмау керек.
|
|
12
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
|
|
13
|
Шприцті құрастырыңыз(стандартты қара).
|
|
14
|
Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара).
|
|
15
|
Спирттелген екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз.
|
|
16
|
Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтін поршенін ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).
|
|
17
|
Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіңіз және бекітіңіз.
|
|
18
|
Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,5 см кем қалдырмаңыз
|
|
19
|
Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
|
|
20
|
Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.
|
|
21
|
Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.
|
|
22
|
Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз.
|
|
23
|
Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
24
|
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|