Ескерту: жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазарту –дайындықтың негізгіміндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.
Дағды: «ПАЦИЕНТТІ Ректоромоноскопияға даярлау» техникасын көрсету
№
|
«ПАЦИЕНТТІ Ректоромоноскопияға даярлау» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: пациентті зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік және сигма тәрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жағынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу.
|
|
2
|
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді, клеенканы, Эсмарх кружкасын, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолғапты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Ректоромоноскопияны дәрігер жасайды,
мейіргер көмекші қызметін атқарады
|
|
3
|
Пациентке емшараның мақсатын, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз.
|
|
4
|
Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін пациентке хабарлаңыз.
|
|
5
|
Пациентке тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық кружка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған кружка) қойыңыз.
|
|
6
|
Пациент зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.
|
|
7
|
Тұп-тура зерттеу алдында пациенттің қуығын босатуын сұраңыз.
|
|
8
|
Пациентті манипуляциялық (ректоромоноскопия) кабинетіне апарыңыз.
|
|
9
|
Пациентті палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етіңіз
|
|
Ескерту:
ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыкқа енгізіледі;
ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі;
егерде науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады;
науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |