Аурудың алдын алу шаралары
Баланың денсаулығын сақтау – ата-аналық
міндеттердің бірі. Ал оның денсаулығын сақтау
шараларының бірі – аурудың алдын алу арқылы жүзеге
асады. Аурудың алдын алу жоғарыда айтып өткен денені
шынықтыру, тазалыққа көңіл бөлу, дұрыс қоректенуге
байланысты. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың
денсаулықты сақтау үшін айтқан келесі өсиеттері де
өте маңызды.
196
Ибн Мажә, 4141. Х.
197
Бухари, Марда, 19.
191
Тәрбие тармақтары
Бір хадисте былай делінген: «Асқазан – дененің
қауызы. Тамырлар соған қарай ашылады. Егер асқазан
саулықты болса, тамырлар (денеге) саулық жеткізеді.
Егер асқазан бұзылса, тамырлар (денеге) кесел
жеткізеді»
198
.
Ауруға жол ашатын себептердің бірі хадисте былай
түсіндірген: «Ыдыстарыңның бетін жауып жүріңдер,
дорбаларыңның аузын байлаңдар. Себебі, жыл ішінде
бір түн бар, сол түні оба түседі. Беті ашық қалған
ыдыстар мен аузы байланбаған дорбалардың бәрінің
ішіне кіреді»
199
.
Кейбір хадистерде денсаулығымызға пайда-
лы кеңестер де ұсынылған. Мысалы, «исмид» де-
ген сүрменің адамның көз нұрын арттырып, шашты
өсіретіні айтылған. Пайғамбарымыздың баяндауынша,
Мәдина қаласындағы «ажуә» деген құрманы таңертең
жеген адамға бір күн бойы улану мен сиқыр әсер
етпейді. Әр айда таңертең үш күн бал жеген адам ауыр
кеселге шалдықпайды, әртүрлі шөптермен қоректенетін
сиыр сүтінде ауруларға шипа бар және т.б. аурулардан
алдын ала сақтану шаралары да жеткілікті. Сонымен
қатар жұқпалы аурулардан сақтану үшін сол кезеңнің
өзінде хадистерде карантин әдісі өсиет етілген: «Алапес-
тен арыстаннан қашқандай қаш»
200
, «Бір жерде оба
шыққанын естісеңдер, ол жерге бармаңдар. Егер сен
тұрып жатқан жерде оба шықса, ол жерден кетпе»
201
.
198
Мәжмауз-Зауаид, 5/86.
199
Муслим, Әшрибә, 99.
200
Бухари,Тыбб, 19.
201
Бухари, Тыбб, 30.
192
Исламдағы бала тәрбиесі
Пайғамбарымыз тіпті сау мал мен ауру малды бір жер-
ге жайып, бір жерден су ішкізуге тыйым салған.
Достарыңызбен бөлісу: |