1Жоғарғы жақсүйек артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Сырткы ұйқы артeриясынын тармақтары топ0графиялық ерекшелiктерiне байланысты 4 топка: алдыңгы, артқы, медиалді және сонгы тармактарына бөлiнеді.
Осының сонғы тармағына жоғаргы жак сyйек артeриясы кіреді.
Жогаргы жаксүйек артериясы, а. maxillaris, сыртқы yйкы артериясынан төмeнгі жақсүйектiң бyындық өсiндісі мойыны деңгейiнде тiк бyрыш жасап тармакталады.
Артeриянын бастапқы бөлшмш шыкшыт безбeн, кейiн тамырмен, иреленiп, горизонталді алдынан төменгi жақсyйектің бyтагы мен lig. sphenomandibulare арасына багытталады. Кейін артерия т. pterygoideus lateralis пен т. temporalis арасында жатып, қанат-таңдай шұңқырына жетеді де, соңғы тармақтарына бөлінеді.Жоғарғы жақсүйек артериясының тармақтары топографиясына байланысты шартты түрде үш топқа жіктеледі.
Бірінші топқа жогарғы жақсyйек артериясының төменгi жақсүйек мойыны маңындағы тармақтары жатады (төменгі жақсүйек белігінің тармақтары).
Екінші топқа a. maxillaris-r'm, т. ptherygoideus lateralis пен т. tem poralis арасында жатқан бәлігінен тармақталатын (қанаттық бәлігінің тармақтары) тармақтар жатады.
Үшінші топқа жогаргы жақсүйек артериясының қанат-таңдай шұңқырында орналасқан тармақтары (жоғаргы жақсүйек артериясының қанат-таңдай болігі) жатады.
Жогаргы жақсyйек артериясы а.таxillaris сыртқы үйқы артериясынан төменгi жақсүйекті буындық өсіндісі мойыны деңгейінде тік бүрыш жасап тармақталады. Артерияныц бастапқы бөлімі шықшыт безбен, кейін тамырмен, иреленіп, горизонталді алдынан төменгі жақсүйектің
бұтағы мен lig. sphenomandibulare арасына багытгалады. Кейін артерия т. pterygoideus
lateralis пен т. temporalis арасында жатып, қанат-таңдай шүңқырына жетеді де, соңгы
тармақтарына бөлінеді.Жоғаргы жақсүйек артериясының тармақтары топографиясына байланысты шартты түрде үш топқа жіктеледі.
Бірінші топқа жогарғы жақсүйек артериясының төменгі жақсүйек мойыны
маңындағы тармақтары жатады (төменгі жақсүйек белігінің тармақтары).
Екінші топқа a. maxillaris-r'm, т. ptherygoideus lateralis пен т. tem poralisарасында жатқан болігінен тармақталатын (қанаттық бәлігінің тармақтары) тапмақтар жатады. Үшінші тонқа жогаргы жақсүйек артериясының қанат-таңдай шүңқырында орналасқан тармакгары (жоғаргы жақсүйек артериясының қанат-таңдай болігі) жатады.
2Беттің терең қабаты шайнау жұмысына қатынасады, одан басқа, самай бұлшықеті анық сөйлеу қызметін атқаруға қатынасады. Сондай-ақ тағы үш қосымша көмекші шайнау бұлшықеттері бар-екі қарыншалы, төменгі жақ –тіл асты, иек асты –тіл асты бұлшықеттері.
Беттің қанмен, лимфамен және нервтермен қамтамасыз етілуі
Беттің қанмен қамтылуы негізінен сыртқы ұйқы артериясының (a.carotis externa) үш
тармағы: бет, беткей самай және жоғарғы жақ артериялары есебінен іске асады Сыртқы ұйқы артериясы –жалпы ұйқы артериясының (a.carotis communis) тармағы болып табылады, бұл артерия мойында қалқаншашеміршектің жоғарғы шеті деңгейінде сыртқы және ішкі ұйқы артерияларына бөлінеді. Бет артериясы (a.facialis) сыртқы ұйқы
артериясынан төменгі жақсүйектің бұрышы тұсында бөлініп шығып, одан әрі алға қарай
жүріп, төменгі жақсүйектің төменгі қырын айналып өтеді де, меншікті шайнау
бұлшықетінің алдымен ауыз қуысының бұрышына (езу) қарай бағытталады. Ауыздың
езу тұсымен артерия жолда иірімдер жасап, көздің ішкі бұрышына қарай жүріп, сол
жерде өзінің соңғы тармағымен аяқталады (a.angularis). Бұл тармақ көздің ішкі бұрышы
маңайында ішкі ұйқы артериясының көз тармағынан бөлінетін (a.dorsalis) бұтағымен
анастомоз жасайды. Бет артериясы өз жолында ымдау бұлшықеттерінің астымен, немесе
ішімен жүреді де, мынадай тармақтар береді: өрлеуші таңдай тармағы (жұмсақ таңдайға
),иек асты, төменгі және жоғарғы еріндерге, таңдай бадамшасына, сілекей бездеріне.
Беткейлік самай артериясы (a.temporalis superficialis) –сыртқы ұйқы артериясының екінші (ортаңғы) тармағы болып табылады. Бұл артерия құлақмаңы безінің ішімен өтіп,
оған тармақтар береді, сонымен қатар –сыртқы есту жолына, құлақ қалқанына және көздің сыртқы бұрышына баратын беттің көлденең артериясын береді. Беткейлік самай
артериясы самай аймағына барған соң, өзінің соңғы екі тармағына (маңдай және шеке)
бөлінеді. Үшіншіартерия –жоғарғы жақ артериясы (a.maxillaris), сыртқы ұйқы артериясының соңғы тармағы, беттің терең аймағын қанмен қамтамасыз етеді. Бұл
артерия қысқалау болғанмен, диаметрі едәуір үлкен болып келеді, ол бастапқы бөлімінде
төменгі жақсүйектің мойнын айнала өтіп, төменгі самай шұңқырына келеді, одан әрі
қанат-таңдай шұңқырына бағытталады. Жоғарғы жақ артериясы сыртқы есту жолын,
дабыл қуысын, мидың қатты қабығын, төменгі жақ сүйектің тістерін, иекті, шайнау және
ұрт бұлшықеттерін, жоғарғы-артқы азу тістерін, төменгі қабақты, көз бұлшықеттерін,
жоғарғы ерінді және ұртты, жоғарғы ит тістер мен күрек тістерді, таңдайды,
жұтқыншақты, есту түтігін, мұрын қуысын т.б. қандандырады.
Беттің веналық жүйесі –бір-бірімен анастомоздар жасайтын беткей және тереңгі екі үлкен веналық тамырлардан құралады. Беткей орналасатын –бет венасы, екіншісі тереңгі –төменгі жақсүйекарты венасы, бұл екі вена, әдетте мойында бір-біріне қосылып, ішкі мойындырық венасына құйылады. Бет венасы бет артериясымен қатар
жүреді, оның басталатын бөлімі бұрыштық вена (v.angularis) жоғарғы көз венасымен
анастомоз жасайды. Төменгі жақсүйекарты венасы (v.retromandibularis) екі венаның
қосылуынан v.maxillaris (беттік тереңгі аймағынан) және v.temporalis super ficialis (самай
аймағынан) пайда болады, бұл да ішкі мойындырық венасына құйылады. Беттің тереңгі
аймағындағы шелмайда қанат тәрізді бұлшықеттер мен төменгі жақсүйек аралығында
тереңгі веналық өрім орналасқан, ол-қанат тәрізді өрім деп аталады (plexus pterygoideus).
Бұл веналық өрімнен негізінен v.v.maxillares бастау алады. Аталған веналық өрім
анастомоздар арқылы бет венасымен, қуысты веналық синуспен, көз веналарымен
байланысқан. Осы анастомоздар жолымен инфекция беттің беткейлік қабаттарынан
тереңгілеріне өтіп кетуі мүмкін, оның нәтижесінде синустардың флебит-теріне, ми қабықтарының қабынуына алып келуі кездеседі.
Беттің беткей бөлімдерінен лимфа тамырлары құлақмаңы, иекасты және жақасты
түйіндеріне лимфаны алып келеді. Бұдан басқа иекасты түйіндер лимфаны төменгі
еріннен, иек терісінен, күректістер маңының қызыл иегінен, тілдің ұшынан қабылдайды.
Құлақмаңы түйіндеріне лимфа маңдай терісінен, көз қабақтарының сыртқы бөліктерінен
келіп құйылады. Жақасты түйіндеріне лимфа тамырлары мұрын терісінен, мұрын
қуысының кілегейлі қабығынан, ұрт терісінен,жоғарғы және төменгі қабықтардың ішкі бөлімдерінен, конъюнктивадан, төменгі және жоғарғы еріндерден, ауыз қуысы
кіреберісінен, тілдің бүйірлік бөлімдерінен келеді. Тереңгі лимфа тамырлары лимфаны,
негізінен бадамша бездерге, беттің тереңгі түйіндеріне, тілдің және мойынның лимфалық
түйіндеріне апарады.
Беттің терісі, негізінен үшкіл нервтің барлық соңғы бұтақтарымен нервтенеді,
сонымен қатар бет терісінің аздаған бөлігін –мойын өрімінің нерв ұштары қамтамасыз етеді. Ымдау бұлшықеттері бет нервісінен, ал шайнау бұлшықеттері үшкіл нервтің
үшінші тармағынан нервтенеді.
Бет нерві –(n.facialis-VІІ жұп) мидың астыңғы бетінде көпірдің артқы қырынан
кіреберіс –ұлу нервімен қатар шығады. Одан әрі екі нерв те ішкі есту тесігіне (porus
acusticus int.) кіреді, ал тереңірек бет нерві өз бетімен аттас өзекке (Фаллопий) өтеді де,
әуелі горизонталды сыртқа қарай, одан соң артқа қарай бұрылып, дабыл қуысының
жоғарғы-ішкі қабырғасына жанаса келе, өзек бірден төмен қарай иіліп, вертикалды тік
бағытталады, нерв бассүйектер самай сүйектің емізікті –біз тәрізді тесігі (foramen stylomastoideum) арқылы шығады. Бет нервінің аталған тесіктен шыға берістегі бөлігі
сыртқы есту тесігінің дәл ортасы арқылы өтетін вертикалды сызық бойында, есту
тесігінен 1-1,5см төменірек және тері бетінен есептегенде 3 см тереңдікте өтеді (М.А.
Егоров). Бұдан кейін нерв құлақмаңы сілекей безінің ішімен өтеді де, радиалды бағытта
көптеген тармақтарға тарамдалып, нервтік өрім жасайды (plexus parotideus). Өрімнен 5
топ тармақтар қалыптасып, радиалды бағытта ымдау бұлшықеттеріне бағытталады. Бес
топқа тарамдалатын нүкте сыртқы есту тесігінен 2 см төменде проекцияланады. Бет
нервінің тармақтары мынадай: самайлық (rr.temporales), бетсүйектік (rr.zygomatici),
ұрттық (rr.buccales), төменгі жақсүйек қырына (rr.marginalis mandibulae), мойын (r.colli).
Бұдан басқа бет нерві тағы да құлақтың артқы, маңдай, шүйделік бұлшықеттеріне, екі
қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасына, біз-тіласты бұлшықеттеріне жәнемойынның теріасты бұлшықетіне (m.platisma) тармақтар береді.
Бет нервінің өзегі (Фаллопий өзегі) самай сүйек ішінде орналасқан, қабырғасы жұқа
және көптеген тесіктері болуымен сипатталады. Жоғарыда айтылғандай, өзек дабыл
қуысына жанаса өтетіндіктен, оның кілегейлі қабығы нервтің эпиневрий қабығымен
тікелей жанасады. Бұл жағдай, дабыл қуысының іріңді қабынуы салдарынан
инфекцияның кілегейлі қабықтан бет нерві өзегіне оңай өтіп кетуіне әкеп соғады. Оның
нәтижесінде беттің ымдау бұлшықеттерінің парезі немесе параличі болып, көздің
жабылмай қалуы, ауыздың бұрышы төмен түсіп кетуінен беттің, ауыздың қисаюы
сияқты симптомдардың пайда болуы сирек емес. Беттің іріңдік сырқаттарын емдеуге
пластикалық операциялар жасау кезінде, бет нервін зақымдаудан аулақ болу үшін, бет
терісін тілу сызықтары құлақтың сырғалық бөлігінен алғақарай радиалды бағыттажүргізілуі қажет.
Үшкіл нерв –(n.trigeminus-Vжұп) –аралас құрамды болып келеді: сезімтал,
қозғалтқыш және вегетативті (парасимпатикалық) талшықтардан тұрады. Сезімтал
талшықтары беттің алдыңғы бөлігінің терісін нервтейді және ауыз, мұрын қуыстарының
кілегейлі қабықтарынан, көз конъюнктивасынан сезімталдықты өткізеді. Бұдан басқа
беттің арнаулы бөліктерінде сезім ағзаларының рецепторлары орналасады (I, II, VII, VIII
IX). Үшкіл нерв барлық шайнау бұлшықеттерін және ауыз қуысы түбінің
бұлшықеттеріннервтейді. Вегетативті (секреттік) талшықтар бет аймағының бездерін қамтамасыз етеді.
Үшкіл нерв жуан сезімтал және жіңішке қозғалтқыш екі түбіршіктерден құралған. Самай
сүйек пирамидасының алдыңғы бетінде, оның ұшына таман сезімтал түбіршік
үшкілтүйінді (ganglion trigeminale) жасайды. Түйіннен 3 нерв бөлініп шығады: көз, жоғарғыжақсүйек және төменгі жақсүйек нервтері. Қозғалтқыш түбіршік үшкіл түйіннің астыменөтіп, төменгі жақсүйек нервіне қосылады. Үшкіл нервтің бірінші тармағы көз нерві(n.ophthalmicus) бассүйек ішінен көз ұясына fissure orbitalis арқылы кіреді, кіреберістеөзінің үш тармағына бөлінеді: маңдай (n.frontalis), көз жас (n.lacrimalis) және мұрын-кірпікше (n.nasociliaris) нервтері.1) Маңдай нерві өз кезегінде 2 бұтаққа бөлінеді: көзұясыүсті (n.supraorbitalis) және шығыршық үсті (n.supratrochlearis) нервтері, бұларкөзұясының жоғарғы қабырғасымен бағытталып, өздері аттас тесіктерден немесеойықтардан шығады да, маңдай терісін, жоғарғы қабақты, көздің медиалды бұрышын,мұрын түбірін нервтейді. 2) Көзжас нерві көзжас безін, көздің латералды бұрышыныңтерісі мен конъюнктивасын нервтейді. 3) Мұрын-кірпікшелік нерв –мұрын қуысыныңалдыңғы бөлігін, көз алмасын, көздің медиалды бұрышының терісі мен конъюнктивасынжәне көзжас қапшығын қамтамасыз етеді. Көз ұясының артқы бөлігінде көру нервініңлатералды жағында кірпікшелік түйін (ganglion ciliare) жатыр, одан көз алмасының ішінепарасимпатикалық қысқа талшықтар кіреді, олар көз қарашығын тарылтатын жәнекірпікшелік бұлшықеттерді нервтейді.
Үшкіл нервтің екінші тармағы –сезімтал жоғарғы жақсүйек нерві (n.maxillaris). Олбассүйек қуысынан қанат-таңдай шұқырына дөңгелек тесік арқылы өтеді де, әрі қарайfissura orbitalis inferior арқылы төменгі көзұялық өзекпен жүреді де, осы аттас тесік
арқылы беттің алдына шығып, өзінің тармақтарына таралады. Олар көздің төменгі
қабағының терісін, мұрынның бүйірлік бетін, жоғарғы ерінді, ұрттың жоғарғы бөлімін,
жоғарғы жақсүйектің тістері мен қызылиегін, мұрын қуысының, таңдайдың, сынатәрізді
сүйек пенжоғарғы жақсүйек синустарының кілегейлі қабықтарын нервтейді.
Үшкіл нервтің үшінші тармағы –төменгі жақсүйек нерві (n.mandibularis) сезімталжәне қозғалтқыш бөліктерінен құралған. Бассүйек қуысынан сопақша тесік арқылы
шығады да, бірден тармақтарға бөлінеді. Сезімтал тармақтары ұрттың төменгі бөлігінің,
самайдың терілеріне құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолының бөлімдеріне, төменгі
жақсүйек терісіне, иекке, төменгі ерінге, төменгі жақсүйектің тістері мен қызылиегіне,
самай –төменгі жақсүйек буынына, ұрт пен еріндердің, тілдің кілегей қабықтарын
қамтамасыз етеді. Сезімтал нерв тармақтары мыналар: құлақ-самай нерві
(n.auriculotemporalis), ұрт нерві (n.buccalis), тіл нерві (n.lingualis), төменгі тісұяшығы
нерві (n.alveolaris inferior). Соңғы нерв төменгі жақсүйек өзегінен өте бере барлық
тістерге т.б. бұтақтар беріп, одан әрі иек асты тесіктен (f.mentale) шығып, аттас нерв
n.mentalis түрінде иек асты терісі мен төменгі ерінді нервтейді.
Үшкіл нервтің бет терісіне баратын, соңғы тармақтары –
көзұя үсті, көзұяасты жәнеиек асты нервтері бассүйектің бет бөліміндегі тесіктерден шығады. Олардың шығатыннүктелерінің проекциясы –(n.supraorbitalis, n.infraorbitalis) үшін, көзұяның жоғарғы және
төменгі қырларының ортасы арқылы жүргізілетін вертикалды сызықтан 0,5см ішке
қарай, ал төменде иек асты нервтің шығатын нүктесі төменгі жақсүйек денесі биіктігінің
ортасында, бірінші және екінші кіші азу тістер аралығында анықталады. Бұл тесіктердің
проекциясын білу клиникалық тәжірибеде неврит патологиясында терілік нерв
тармақтарына анестезия немесе блокада жасауға маңызды.
Орындаған :Бисенов.М 109
Достарыңызбен бөлісу: |