Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет91/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   101
Баламен ақылдасу
Құрандағы  аяттардан  баланы  болашақ  өмірге  да-
ярлау  барысында  үлкендердің  үнемі  оған  ақыл-кеңес 
беруі,  тәрбиелеуі  ғана  емес,  сонымен  қатар  онымен 
ақылдасып, пікірін сұрап отыру керектігін де көреміз. 
Бұл әрі ата-ананың баласына қаншалықты мән беретінін 
көрсетеді.  «Саффат»  сүресінде  Ибраһим  пайғамбар 
мен  ұлы  Исмаил  арасында  болған  оқиға  баяндала-
ды.  Ибраһим  пайғамбар  (а.с.)  түсінде  ұлы  Исмаилды 
құрбандыққа шалуы керектігін көреді. Болған жайды ба-
ласына білдіреді: «Баласы қасында келе жатқан кезінде: 
«Уа,  балапаным,  расында  мен  ұйықтап  жатқанымда 
сені  бауыздағанымды  көрдім.  Ойланып  көр,  бұған  не 
айтасың?»
244
 дейді. Кейбір тәпсір кітаптарында Исма-
ил пайғамбардың осы кезде 13 жаста болғандығы ай-
тылады.  Міне,  осы  аятта  Ибраһим  пайғамбар  ұлымен 
ақылдасып,  оның  пікірін  сұрайды.  Балаларымызға 
қатысты мәселелерде ата-аналық беделімізді қолданып, 
олардың орнына шешім қабылдау қате ұстанымдардың 
бірі.  Себебі,  мұндай  жағдайда  бала  әрдайым  әке-
шешесіне арқа сүйеп, өздігінен шешім қабылдай алмай-
ды.  Болашақта  да  батыл  қадамдар  жасауға  жасқанып 
тұрады.  Сондықтан  өзіне  қатысты  мәселелерде  үнемі 
пікірімен  санасып,  бірге  ақылдасып  шешу  –  баланы 
болашақ өмірге дайындаудың ең оңтайлы тәсілдердің 
бірі. 
Сондай-ақ  Құранда  Жүсіп  пайғамбардың  бала 
кезінде (бір тәпсір кітабында 12 жасында болғандығы 
айтылады)  көрген  түсін  әкесі  Жақып  пайғамбарға 
айтқанда, әкесі оны байыппен тыңдап, баласына былай 
244
 «Саффат» сүресі, 102-аят.


212
Исламдағы бала тәрбиесі
деп тіл қатады: «Балапаным, түсіңді бауырларыңа айт-
па, әйтпесе олар саған қастандық жасауы мүмкін»
245
.
Аяттардан  байқап  отырғанымыздай,  Жақып 
пайғамбар  да,  Ибраһим  пайғамбар  да  балаларымен 
әңгімелескенде  «балапаным»  деп  сөзге  бастайды.  Ба-
ланы  баурап  алар  осындай  жылы  сөздердің  әке  мен 
ұлдың,  ана  мен  қыздың  арасын  жақындатып,  ашық-
жарқын  әңгімелесуге  сеп  болары  айқын.  Тағы  да 
бір  ескеретін  мәселе,  «Саффат»  сүресінде  Ибраһим 
пайғамбардың (а.с.) ұлымен ақылдасу үшін оны серу-
енге  шақырғанын  көруге  болады.  Демек,  балаңызбен 
ақылдасар  сәтте  оған  арнайы  уақыт  бөліп,  серуен, 
дәмханада  тамақтану  немесе  саябақта  қыдыру  секілді 
сәттерді  пайдаланған  жөн.  Олардың  пікірін  бастан-
аяқ байыппен тыңдау қажет. Жоғарыдағы аятта көріп 
отырғанымыздай, Жақып пайғамбар (а.с.) ұлының түсін 
басынан-аяғына дейін зейін қойып тыңдап, сол жайлы 
өз пікірін білдіреді. Бұдан алар сабағымыз, біз де ата-
ана ретінде баламыздың бізге айтпақ болған нәрселерін 
құлақ салып тыңдап, оның да пікірін сұрап, сосын бірге 
ақылдасып  шешкенде,  баланың  бойында  ата-анасына 
деген құрметтің арта түсері анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет