Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет88/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Маған да азан оқышы!
Далада бір топ бүлдіршін ойынның қызығына түсіп жатқан. 
Араларында  Махзура  да  бар  еді.  Кішкентай  Махзура  азан 
шақырғандай  даусын  созып,  өз  қылығына  өзі  тырқылдап  күліп 
тұрған.  Тура  сол  сәтте  балалардың  қасынан  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 өтіп бара жатты. Махзураның оқыған азанын 
естіп, кішкентай баланың жанына барып күлімсіреген күйі: 
 Қанекей, маған да азан оқып берші! – деді. 
237
 Ибн Мажә, Никах 3; Әбу Даууд, Никах 41.


204
Исламдағы бала тәрбиесі
Сонда  барып  ісінің  дұрыс  емес  екенін  байқаған  бала, 
ұялғанынан  төмен  қарады.  «Қазір  Пайғамбар  маған  ренжісе  не 
істеймін?» – деп
 ойлады ішінен. Бірақ бойын тез жинады. Өйткені 
сүйікті Пайғамбары өзінен азан оқуын сұрап тұр ғой! Тамағын бір 
кенеп алды да, бар өнерін салып, азанды нақышына келтіріп оқып 
шықты.  Бірнеше  қатесі  бар  еді.  Пайғамбарымыз  жаңылысқан 
жерлерін түзетті. Сосын арқасынан қағып:
− Ой, бәрекелді, жарайсың! Аллаһ берекетін берсін! – деді.
Махзура  таң-тамаша!  Ұрсуын  күтіп  тұрғанда,  қайта  мақтау 
естіді!  Бұған  қоса  батасын  алды!  Пайғамбарымыздан  бата  алу 
жұрттың  бәрінің  арманы  болатын.  Балақайдың  кіп-кішкентай 
жүрегі қуаныштан жарылып кетердей дүрсілдеп қоя берді.
Махзура  балалық  шақтың  осы  қымбат  сәтін  ешқашан 
ұмытпады.  Үлкейгенде  Мәдина  қаласында  ұзақ  уақыт  муаззин 
(азан шақырушы) қызметін атқарды. 
Аллаһ тағаланың адамзатқа кемеңгер тәрбиеші етіп жіберген 
елшісі  Мұхаммед  пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  балалардың 
жағымсыз қылықтарына еш уақытта ашу шақырмайтын. Жасаған 
қателігінің  жібін  жатқызып,  жақсылыққа  қарай  жетелей  түсетін. 
Іс-әрекетінің қасында әрдайым дұғасы ілесе жүретін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет