Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет35/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Алты жас 
Бұл балалықтан жасөспірімге қарай қадам басатын 
кез болғандықтан, бала екінші өтпелі кезеңді басынан 
өткізеді.  Бес  жасына  қарағанда  мінезі  шатақтау  бо-
лып, сырттан қарағанда енжарлыққа бой алдырғандай 
68
  Ажлуни, Кәшфул-Хафа, 22/173-174.
69
  Чекирдектен чынара. Нил йайынлары. 2002. Б. 106-108.


79
Сәбидің дүниеге келуі
көрінеді. Бірақ осы жаста бала әжептеуір жетістіктерге  
қол  жеткізеді.  Өзі  жуынып,  киініп,  түймелерін  өзі 
қадай  алады.  Қырқу,  жабыстыру,  сурет  салу,  бояу 
секілді  істер  қолынан  келеді.  Оңы  мен  солын  танып, 
кеше  мен  бүгінді  ажыратып,  үйрену  талабы  да  арта 
түседі. Әріптер мен сандарды үйреніп, жазу, есептеу-
ге кірісе бастайды. Мұсылман ғұламалары балалардың 
мектепке  бару  кезеңі  ретінде  5-7  жас  аралығын  атай-
ды.  Бірақ  айта  кететін  жайт,  мұсылман  ғалымдары 
мектепке  бару  үшін  белгілі  бір  жастан  гөрі,  баланың 
ақылы мен қабілеттерінің жетілуін басты назарға ала-
ды.  Мысалы,  хадисшілердің  көпшілігі  негізінен  ха-
дис  тыңдауға  болатын  жас  ретінде  бес  жасты  атай-
ды.  Алиул-Қари  көпшілік  ғалымдардың:  «Ең  азы  бес  
жасында хадис тыңдауы керек, одан кішкентайлардың 
тыңдауына болмайды» деген пікірін білдіре келіп, хадис 
сабақтарына балалардың бес жасынан бастап қатысуына 
болатындығын айтады. Сәхәуи болса, көбінесе бес жа-
ста  балалардың  хадис  тыңдай  бастауына  болатынын, 
бірақ одан ерте де, одан кеш те болуы мүмкіндігін ай-
тады. Алиул-Қаридың пікірінше, хадисті үйрену үшін 
ең оңтайлы жас – тәмииз жасы. Тәмииз жасы дегеніміз, 
айтқандарды  түсініп,  дұрыс  жауап  бере  алатын  жас. 
Кейбір ғұламалар бала өзіне айтылғандарды түсініп, жа-
уап бере алатын болса, бес жастан кіші болса да, тәмииз 
жасына  кірген  болып  саналады  деп  есептеген.  Деген-
мен,  көпшілік  тәмииз  жасын  7-8  жас  деп  белгілеген. 
Бірақ бұл өзгермейтін қағида емес. Ақыл-есінің дамуы-
на қарай әр балада тәмииз жасы әр түрлі болып келеді. 
Мысалы, Имам Шафиғи кішкентай кезінен бастап, ха-
дис,  Құран,  әдебиет,  тіл,  т.б.  сабақтарды  үйреніп,  15 
жасына  келгенде  халықтың  сұранысы  бойынша  діни 


80
Исламдағы бала тәрбиесі
мәселелерге  пәтуа  бере  бастаған.  Ал  Ибн  Синаның 
он  жасында  Құранды,  әдебиетке  қатысты  білімді  өте 
жақсы  меңгеріп,  дін  методикасы  (Усулуд-дин),  мате-
матика,  алгебра  сияқты  ғылым  салаларына  қатысты 
мәліметтерді жатқа білгені айтылады. Тіпті ғалым Ис-
маил Хаккы Бурсауи: «Мұсылмандар баласын төрт жа-
сында мектепке беруі немесе оған ұстаз тағайындауы 
керек»  деген  екен.  Міне,  осы  айтылғандардан  кейбір 
кісілердің балаларын өте ерте жастан мектепке немесе 
діни  білімдерді  үйренуге  бергендерін  көреміз.  Хадис 
ғалымы  И.  Жанан  осы  тұрғыда  өз  көзқарасын  былай 
баяндайды:
Балалардың  білімге  қадам  басуы,  жас  деңгейіне 
емес жеке даму ерекшеліктеріне байланысты ерте бо-
луы да мүмкін. 
Балаларға кей нәрселерді кішкентай кезінде үйрету 
мүмкін  болғанымен,  кейбіреулерін  үйрету  оңайға 
түспейді.  Кейбір  дұға,  сүрелерді  кішкентай  кезінен 
үйретуге болады. Оқу, есеп, грамматика, логика секілді 
ойлануды  қажет  ететін  ілімдерді  сәл  есейгенде  қолға 
алу керек
70



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет