Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Отбасы, ошақ қасындағы ғибадат пен дұға



Pdf көрінісі
бет34/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Отбасы, ошақ қасындағы ғибадат пен дұға
Үй ішінде құлшылық жасайтын арнайы орын бо-
луы керек және бұған уақыт бөлінуі тиіс. Бес уақыт 
намаз мүмкіндік болса (мешітке бармаған жағдайда) 
үй ішінде жамағатпен оқылғаны жөн. Баланы қолынан 
жетектеп, арагідік мешітке апарып тұрған дұрыс. Бұл, 
әсіресе  әйелдің  намаз  оқи  алмайтын  жағдайларында 
жүзеге  асқаны  жөн.  Иә,  анасы  намаз  оқи  алмайтын 
белгілі күндерде бала «намаз оқымаса да, дұға жаса-
маса  да  болады  екен  ғой»  деген  ойға  қалмауы  керек. 
Я болмаса бұл мәселені былай да шешуге жол ашық: 
«әйел кісі өзіне тән жеке жағдайларда дәретін алып, 
жайнамазын жаяды. Қолын жайып, дұға жасайды. Ол 
намаз оқыған сыңай танытып, біріншіден, сауап алса, 
екіншіден, оны көрген баласы да намазға немқұрайды 
қарамайтын  болады»
67
.  Тәрбие  тұрғысынан  мұның 
маңызы  зор.  Осының  арқасында  бала  үйден  үнемі 
сәждеге жығылғандарды, көзіне жас алғандарды, дұға 
тілеп жалбарынатындарды көріп өседі. Құлшылыққа 
деген  ыждағаттылықты  байқайтын  болады.  Әйел 
адамда  кей  кездері  жаратылысына  қарай  ғибадат 
жасай  алмайтын  уақыттар  болатынын  аңғарғанға 
дейін я оның діндегі орнын сіз түсіндіргенге дейін әркез 
мешітке апарып тұрғаныңыз дұрыс. 
67
  Ибни Абидин, Рәдду-л Мұхтар, 1/291.


76
Исламдағы бала тәрбиесі
Уақыты келгенде, азан оқыла салысымен балаңыз 
«Әке, намаздың уақыты кірді» деп өзіңізге ескертетін 
болады. Сіз жұмысқа алданып жүріп «Аллаһу акбар-
ды» естімей қалуыңыз мүмкін. Сол кезде «Намаз» деп 
дауыстайды.  Үйреткен  нәрселеріңізді  кейін  өзіңіздің 
есіңізге салып тұратын болады. 
Бұдан бөлек дұғаға отыратын арнайы бір сағат 
уақытыңыздың  болғаны  жөн.  Алдын  ала  белгілеп 
қойған  бұл  сағатта  сіз  қол  жайып,  дұғаңызда  ішкі 
мұң-мұқтажыңызды  ақтарып,  пенденің  қай  кезде  де 
сүйенері Ұлы Жаратушы екенін іс жүзінде көрсетуіңіз 
керек. Дұғаны дауыстап айтқан жөн. Аллаһ елшісі дұға 
еткенде,  оны  сахабалар  еститін  болған.  Дұғалардың 
көпшілігі бізге Айша анамыз (р.а.) арқылы жеткен. Бұл 
тұрғыда Әли, Хасан мен Хұсейіннің (р.а.) жеткізгендері 
де  бар.  Ендеше,  сіздер  де  маңайыңыздағыларға 
естіртіп  тілек  тілеңіз.  Бұл  басқалардың  қалай  дұға 
жасау  керектігін  үйренуіне  септігін  тигізеді.  Егер 
балаңыздың  сезімтал  болғанын,  Аллаһтың  аты 
аталғанда  бей-жай  қалмауын  қаласаңыз,  о  бастан 
өзіңіз де сондай болғаныңыз абзал.
Өмірімде өзім куә болған біраз жайттар баршылық, 
есіме  түссе  болды,  ішкі  жан-дүнием  тебіреніп  сала 
береді. Балалық шағымда әжемнің діндарлығы маған 
айрықша  әсер  етті.  Ол  кісі  бақилық  болғанда,  мен 
әлі  кішкене  бала  едім.  Ислам  дініне  қатысты  сөз 
қозғалғанда,  яки  Құран  оқығанда  көңілі  толқып  сала 
беретін.  Тіпті  қасында  отырғанда  «Аллаһ»  деп  сәл 
қатты  дауыстап  жіберсеңіз,  сол  мезетте-ақ  оның 
өңі  бозарып,  реңі  қуқыл  тартып,  күні  бойы  жүзінен 
соның  әсер-табының  кетпегенін  байқар  едіңіз.  Менің 
жан дүниеме әжемнің осындай имандылығының әсері 


77
Сәбидің дүниеге келуі
көп болды. Хат танымаса да, оқымаса да ол кісінің дін 
дегенде емешегінің езіліп тұруы, шынайы ықыласы, не 
істесе де бар пейілімен істеуі, Аллаһты еске алғанда 
кемсеңдеп жылауы маған ерекше әсер еткені шындық. 
Мен сол кездің көптеген ғұламаларынан дәріс алдым. 
Олардың небір керемет уағыздарын тыңдадым. Алай-
да, әжемнің тақуалығынан алған сабағым мүлдем бөлек 
еді. Ондай тәрбиені мен басқа ешкімнен көрген емеспін. 
Тіпті, мен мұсылманшылықты бойға сіңіруімде, жал-
пы алғанда, әжеме, әкем мен шешеме, солардың ыстық 
ықыласына борыштармын деп білем. 
Сірә,  тақырыптан  ауытқып  барамыз,  мәселеге 
қайта оралсақ. Сонымен, отбасында ата-ананың өз іс-
қимылдарын жақсы белгілеуі аса маңызды. Жоғарыда 
да айтып өткеніміздей, белгілі бір сағатта Аллаһқа бар 
ішкі тілеуіңізді ақтарып дұға етуіңіз, «алдыңа келдім» 
деп іштей егіліп, естен танғаныңызды, әсіресе, баланың 
қасында шын пейілмен дауыстап жалбарынғаныңызды 
олардың  көруі  я  естуі  өте  маңызды.  Ақыретіңізді 
ойлап,  қатты  уайымға  салынғаныңызды  көруі, 
соны  ойлап  әркез  көзіңізге  жас  алғаныңызды  білуі 
ешқашан баланың есінен шықпайтын болады. Әсілі біз 
құлшылықты  жасағанда,  Аллаһты  көріп  тұрғандай 
жасауымыз керек. Намаздағы қимылдарымыздың бәрі 
де бойымызда үрей барын сездіретіндей болуы тиіс. 
Басқаша  айтсақ,  Аллаһтың  құзырындағы  жағ-
дайымызды  былай  бейнелеуге  болады:  Біз  Аллаһпен 
бетпе-бет келіп тұрғандаймыз. Ұлы Жаратушы «Ей, 
құлым, тұр, өміріңнің есебін бер» дейтіндей. Біз болсақ 
оның рақымын тілеп ұлылығының алдында екі бүктеліп 
қол  қусырамыз.  Оның  ұлылығын  біліп,  өзіміздің 


78
Исламдағы бала тәрбиесі
бейшаралығымызды  сезіп  тұрған  тұрысымыз,  өзіміз 
үшін әрі маңайымыз үшін де ғибратты болмақ! 
Қуаттылығы  әлсіз  бір  хадисте  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Менің Аллаһпен бірге болатын бір 
сәтім бар. Ол сәтте маған періштелер де, басқалар да 
жақындай алмайды»
68
 деген. 
Сондықтан біздің де Аллаһқа ғана арнаған белгілі 
бір  сағатымыз  болғаны  дұрыс.  Бұл  іс-әрекеттеріңіз 
уақыты  келгенде  сізді  көріп-өскен  балаңыздың  да 
құлшылық жасауда игілігіне асады.  
Күнәларға барғызбауда да сіздің көз жасыңыздың 
әрі  іштей  қатты  қайғыруыңыздың  маңызы  зор.  Бұл 
бала санасында мәңгі қалады. Бір жамандыққа барар 
алдында дереу көз алдына сіз елестеп, ол «Әй, балам, 
мұның не?» деп тұрғандай күй кешетін болады. 
4-5  жасында  балаңызды  саябақтармен  қатар 
мешіттерге  де  апарыңыз.  Мешітте  ондағы  басқа 
мұсылмандардың  да  құлшылық  жасағанын  көреді. 
Құлшылықтың адамзаттың бәріне бұйырылған парыз 
екеніне  көз  жеткізеді.  Мешітке  баланы  ертіп  апа-
ру  оның  тұла-бойына  мұсылмандық  өмір-салтының 
сіңуіне  көмектеседі.  Әрі  әкесімен  немесе  анасымен 
бірге  барғандықтан,  балалық  шақтың  ең  ыстық 
сәттері ретінде жадында мәңгі сақталып қалады
69
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет