Дініміздегі оқу – жазу ұғымдарының орны
Құран Кәрімнің алғашқы әмірі «Раббыңның аты-
мен оқы!..»
97
деп басталған. Мұнда «Құранды оқы!»
деп ашық айтылмаған, тіпті «Сендерге берілген
кітапты оқыңдар» деп те айтылмаған. Бұл «оқы» де-
ген бұйрықтың мәнісі Құранда:
«Оқы, сол жомарт раббыңның атымен оқы, ол
адамға қаламмен жазуды үйретті»
98
− деп баяндала-
ды.
Өздеріңіз де байқағандай, бұл жерде оқу мен жазу
мәселелері қатар аталған. Иә, адам оқып-жаза алуы
тиіс, алайда нені оқып, нені жазса да негізгі мақсат
аят-ы тәкуинияны (ғаламдағы құдіреттің дәлелдерін)
зерделеуге әрі өзінің ішкі болмысын, Құранның негізін
түсінуге бағытталуы керек. Сол себепті, оқығанда
әрі жаратылуымызды, әрі ғаламды, әрі қасиетті
кәламды Аллаһтың атымен оқуымыз керек. Бұл жер-
де Құран әуелі жаратылысымызға назар аудартып,
бізді «Қалай жаратылдыңдар?» деген сауалдың түп-
төркінін із-деуге, ізденуге шақыратындай. Осыдан соң
іле-шала жаратылыстың «алақтан», басқа бір тұста
«бір тамшы судан» екенін баяндап, ой-пікірімізді
жаратылыстағы сырларға аударады.
96
И. Жанан, Хз. Пейгамберин сүннетинде тербие, 156-б.
97
«Алақ» сүресі 96/1.
98
«Алақ», 96/3-4.
107
Сәбидің дүниеге келуі
Бұл – «Ғалам кітабын Құранмен бірге оқы!» де-
ген Аллаһтың адамға берген ең ғажап дәрісі. Олай
дейтініміз, оны естіген қарапайым адам болсын, ой-
шыл болсын екеуі де өздеріне керекті тағылымын ала-
ды.
Құран Кәрімнің «Қалам» сүресінде «Нун...
Қаламға да, жазғандарына да серт!» делініп,
қаламның маңызын аңғартады. Бұл жердегі нун
әрпінің мағынасы бұлыңғыр. Бірақ ірі тәпсірлерде
бұл әріптің «балыққа» жорамалдануымен қатар сия-
сауыт мағынасына келетіндігін айтушылар да бар.
Енді біз Аллаһтың аятты нунмен бастап, қаламмен
аяқтағанына ой жіберіп көрейік. Аллаһтың қаламға
серт етіп аяқтауы оның қаншалықты маңызды екенін
білдіреді. Бұл қалам амал парақтарымызға өмірдегі
жүріс-тұрысымызды, қылған амалдарымызды жа-
затын кирамән катибин (екі періште) болсын, мейлі
тағдырымызды анықтайтын мәлә-и аланың (көктегі)
тұрғындары болсын, мейлі Аллаһтың алғашқы жазу-
ын түсірген қалам болсын, мейлі біздер қолданатын
қалам болсын − бәрі де меңзелген болуы ықтимал.
Айырмашылық – соны кімнің қолданатындығында,
қалай дегенде де Аллаһтың қаламға серті бұлардың
барлығын қамтиды.
Құранның басқа бір аятында «Аллаһтан тек ғалым
құлдары ғана қорқады» («Фатыр», 35/28) делінген.
Иә, Аллаһқа тек ғалымдар ғана шынайы құрметпен
қарайды, өйткені улухиятқа
99
деген құрмет білім мен
танымнан туындайды. Аллаһты танымайтындар мен
улухият аясының сырларынан бейхабар жандардың
99
құдайылық – ауд.
108
Исламдағы бала тәрбиесі
бойында Құдайға деген құрмет пен үрей бар деп айту
қиын.
Достарыңызбен бөлісу: |