Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Мураһиқ жасы: 10-15 жас аралығы



Pdf көрінісі
бет41/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   101
Мураһиқ жасы: 10-15 жас аралығы
Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 балаға на-
маз оқыту жайлы айтқан хадисінде он жастың аталуы 
тегін  емес.  Бұл  жаста  баланың  бойында  әлі  балиғат 
жастың  белгілері  байқалмаған  жағдайда,  балалық 
пен  балиғат  ортасындағы  «мураһиқ  жасы»  бастала-
ды. Балиғатқа толу дегеніміз, қыз баланың етеккірінің 
келуі, ұл баланың ұйқыда немесе ояу халінде «мәни» 
деп аталатын ұрығының ағуы. Қыз бала үшін ең ерте 
етеккір 9 жасында келуі мүмкін. Бұл ретте 4 мәзхабтың 
да  көзқарасы  осындай.  Одан  ерте  келген  қан  етеккір 
болып саналмайды. Ең кеші 17 жас деп қабылданған. 
Ұл балалар үшін мәнидің ағуы ең ерте 12 жас. Ал ең 
кеші  18-19  жас  деп  айтылады.  Демек,  қыз  баланың 
балиғатқа толуы 9 жастан, ұл баланыкі 12 жастан бас-
талуы мүмкін. Ал бұл белгілер қыз бала мен ұл бала-
да кешеуілдеп жатса, онда оның келгенін күтпестен 15  
жаста балиғат жасына аяқ басқан болып саналады.
Қыз баланың 9, ал ұл баланың 12 жасынан бастап 
балиғат белгілері байқалмаса, 15 жасына дейін мураһиқ 
жасында  деп  есептеледі.  Мураһиқ  жас  −  балалардың 
88
  Чекирден чынара. Нил йайынлары. 134-135 - бб.


97
Сәбидің дүниеге келуі
психологиялық,  физиологиялық,  ақыл-ой  және  әлеу-
меттік тұрғыдан балиғаттыққа дайындалатын, балалық 
пен жастық шақ арасындағы өтпелі кезең. Ислам дінінде 
айтылған  осы  мураһиқ  жасы  жасөспірімдік  кезеңге 
сәйкес келеді.
10-15 жас аралығы − баланы дене және психоло-
гиялық  жағынан  тәрбиелеуде  жауапты,  балалықтан 
жастыққа  қарай  бет  түзеген  кезең.  Баланың  бүкіл 
ағзасында, орталық жүйке жүйесінде, ішкі бездер мен 
дене мүшелерінде үлкен өзгерістер пайда болады. Міне, 
осыдан барып жасөспірімнің өсуінің жылдамдауы әрі 
жыныстық  жағынан  есеюі,  бойында  албырттық  пен 
ретсіздік байқалады. Жасөспірімнің толысу кезеңіндегі 
тағы да өзіне тән үйлесімсіздік – жілік сүйектерінің тез 
өсуі, қолдары мен сирақтарының ұзындау, кеуделерінің 
қушық келуі. 
Жынысына  қарай  жасөспірімдердің  денесінің 
өсуі  әр  қилы  келеді.  Айталық,  қыздар  ер  балаларға 
қарағанда  (10-11  жаста)  бір-екі  жыл  бұрын  толысады 
және ер балалардан бойы мен салмағы жағынан басып 
озады. Денесінің өсу пропорциясы да өзгеріп, бұл кезде 
сүйектің қатаю процесі жылдамдай түседі. Сондықтан 
баланың денесінде қисаю секілді оғаштық байқалады. 
Бұл  үшін  денені  түзететін  тиісті  дене  шынықтыру 
жаттығулары  қолданылмаса,  дене  бітімі  сол  күйінде 
тым тез бекіп қалады.
10-15 жас аралығындағы баланың көрген-білгенін 
талдауға,  кез-келген  нәрсеге  сыни  көзбен  қарауға, 
өзінше  ой  қорытуға  қабілеттілігі  артады.  Жүйке 
жүйесінің тез қозушылығы мен жылдам шаршауының 
салдарынан  көңіл-күйінде  де  өзгерістер  жиі  болып 


98
Исламдағы бала тәрбиесі
тұрады.  Бұл  кезеңде  ол  батырларға  еліктейді,  саяхат 
жасауға, қиын істерді бастан кешіруге қызығушылығы 
оянып, сондай-ақ жолдастық сезімі артады.
Осы  жас  аралығын  психолог  С.  Ғаббасов  бы-
лай  суреттейді:  «Әуелінде  ана  құрсағында  өсіп  жан 
иесі  болып  жетсе,  жасөспірім  кезеңінде  немесе  11 
мен 15 жас аралықтарында екінші рет жаңғыра түлеп, 
кісіліктің келбетіне жетуге құлаш ұрған − саналы тұлға 
болуға  талпыныс  жасайды.  Бұл  шағында  олар,  бүкіл 
айналасындағы  болмыстарды  ғана  емес,  ең  бастысы 
өзін-өзі  тануға,  ішкі  жан-дүниелерінің  сұраныстарын 
ұғынуға  зер  салады.  Адам  алғаш  дүние  есігін  ашып 
туғанда, «...өздігімнен еш нәрсеге дәрменім жоқ, мені 
күні-түні  бағыңдар,  қараңдар,  сақтаңдар...»  деп  зар 
қаға жетсе, ал екінші рет жаңғыра түлегенде кісіліктің 
келбетін  шарқ  ұра  іздеп,  «...маған  үйретпеңдер,  мен 
бәрін де өзім шешемін, өз бейнетімді өзім көремін...» де-
уге дейін барып, айналасына жар салуға дайын тұрады. 
Кез-келген  жасөспірімнің  ішкі  ойы  осындай  тайталас 
пікірлерге  толы  болады.  Осы  кезеңде  олардың  ішкі 
сезімдері  мен  жан-дүниелері  ғана  өзгеріске  ұшырап 
қоймайды, сонымен қоса, олардың дене бітімдері де алу-
ан түрлі өзгерістерге ұшырайды. Кейбіреуінің денелері 
өте жылдам сұңғақтанып, тіпті өзіне-өзі ұнамай олпы-
солпы сияқтанып та көрінеді. Мұндай үндессіздіктерге 
риза болмай, іштей уайымдап қапаланумен де күндер 
кешеді. Сондықтан да, олардың психикасы ұстараның 
жүзіндей лыпылдап, кейде дұрыс айтылған сөздің өзі 
шаншудай қадалып, қарама-қайшылығы мол пікірлерге 


99


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет