Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет49/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Мұғжизаларды түсіндіру
Қиямет күніне дейінгі болатын оқиғаларды көзбен 
көргендей  бүге-шігесіне  дейін  баяндап  айтып  кеткен 
Аллаһ елшісін танып-білу әрі балаларымызға таныту 
–  Пайғамбарымызға  деген  сенімімізді  жаңартудың 
нышаны. Осы тұрғыдан алғанда Пайғамбарымыздың 
нақты  әрі  ешқандай  түсіндіруді  қажет  етпейтін 
105
 Пайғамбарымыздың ең жақын ұрпағы
106
 Тирмизи, Мәнақиб, 31.


118
Исламдағы бала тәрбиесі
хабарларының көп екені соншалық, хадис-шәріптерінде 
ол  өзі  дүниеге  келген  бақыт  ғасырынан  күні  бүгінге 
дейінгі аралықта болатын ең маңызды оқиғаларды дәл 
атап,  алдын  ала  ескертіп  кеткен.  Айталық,  моңғол 
шапқыншылығы, Сирияның қырғынға ұшырауы
107
, Ев-
фрат өзенінің құнының еселеп артуы
108
, Талиқандағы 
мұнай қорлары
109
, ақырзаманда азғындықтың кең өріс 
алуы
110
  секілді  көп  жайттан  нақты  хабар  берген. 
Бұларды көріп-біле тұра, оның айтқандарына сенбеу 
мүмкін емес. 
Осылардың барлығын рет-ретімен ұрпақ санасы-
на құя алсақ, бала Пайғамбарымыздың ұлылығына бас 
иіп, ерекше құрметпен қарайтын болады. Мұндай бала-
ның санасынан ешкім де Аллаһ елшісін өшіре алмайды. 
Ешқандай  ұстаздан  сабақ  алмаған,  Аллаһтан  басқа 
ешкімнен  ештеңе  үйренбеген  хазірет  Мұхаммедтің
 
(саллаллаһу  алайһи  уәсәллам)
  бұрынғы  әрі  болашақтағы  барлық 
ілімдерді  білгенін
111 
білуіміз,  әрі  басқаларға  да 
жеткізуіміз бұл Пайғамбарымыздың алдындағы адал 
борышымыз болып саналады. 
Аллаһ  елшісінің  адамға  және  бүкіл  қоғамға 
қатысты  жасаған  төңкерістері  туралы  байыпты 
еңбек жазылар болса, ол нар көтере алмас жүкке айна-
лар еді. Біз бұл жайында тыбб-ы нәбәуи (пайғамбарлық 
медицина),  Пайғамбардың  ғайыптық  хабарлары 
және  оның  басқа  да  тұлғалық  қасиеттері  жайын-
107
 Бұһари,  Жиһад,  95,  96;  Әбу  Дауыд,  Мәлахим,  10;  Ибн  Мәжа, 
Фитән, 36; Мүснәд, 5/40,45.
108
 Бұһари, Фитән, 24; Мүслим, Фитән, 30; Әбу Дауыд, Мәлахим, 
12, 13.
109
 Әли әл-Мұттақи, Кәнзул-Ұммал, 14/591.
110
 Тирмизи, Фитән, 39.
111
 Қады Ияз, Шифа, 1/354.


119
Сәбидің дүниеге келуі
да  жазылғандарды  мыңдаған  еңбектерге  қалдырып, 
басқа бір тақырыпқа ойысқанды жөн көрдік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет