135
Тәрбие тармақтары
Пайғамбарымыз мінберде отырған кезінде немересі
Хасанды алдына алып, халыққа бір қарап, немересіне
бір қарап:
«Бұл ұлым – сәйид (мырза), бәлкім, Аллаһ
тағала соның себепкерлігімен екі мұсылман топты
ауызбіршілікке келтіріп, араларындағы қақтығысты
тоқтатар» –
дегені баяндалады
131
.
Пайғамбарымыз өзінің балалары мен немерелерін
ғана емес, сахабалардың да балаларын жақсы көрген.
Хазірет Усамә (р.а.) өзінің балалық шағындағы бақытты
сәтін былай баяндайды: «Аллаһ расулы бір тізесіне мені,
екінші тізесіне немересі Хасанды отырғызды, сосын
бізді құшағына қысып:
«Аллаһым, рақымдылығыңды
оларға төге гөр, себебі мен оларға мейірімдімін» –
деді»
132
.
Юсуф ибн Абдилләһ ибн Сәлам (р.а.) былай дейді:
«Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
менің атымды Юсуф
деп ауыстырды.
Алдына алып, басымнан сипады».
Амр ибн Һурәйра (р.а.) бала кезінде хазірет
Пайғамбардың қасына келген кезде басынан сипап,
өскенде дәулетті болуы үшін дұға еткенін, Абдуллаһ
ибн Утбә (р.а.) болса, бес-алтыға толған кезінде
Пайғамбарымыз оны құшағына отырғызып, басынан
сипап, ұрпағының берекетті болуына дұға жасағанын
айтады. Пайғамбарымыз әке-шешелерінің қасына еріп
келген балалардың бәрін басынан сипап, жақсылық
тілейтін. Жабир ибн Сәмура (р.а.) балалық шағында ба-
сынан өткен бір оқиғаны былай баяндайды: «Бесін на-
мазын Пайғамбарымызбен бірге оқыдым. Намаздан соң
үйіне қарай кетті. Мен де дереу артынан жүрдім. Алды-
131
Бухари, Фәдаилул-асхаб, 22.
132
Бухари, Әдеп, 22.