ЖҰБАНОВТАР ӘУЛИЕТІ
Қуан Жұбанов
Аққат
Құдайберген
Дәмет
Ағиба
Ахмет
Мұхамбеди
қазақтың көрнекті музыка зерттеушісі, композитортарихшы, дирижер, Қазақ КСР Халық артисі, Қазақ КСР ғылым академиясының академигі,өнертану ғылымының докторы, профессор.
Бес бала тәрбиелеп өсірген аяулы әке. Екі қызы өзінің жолын қуды: Ғазиза – композитор, Роза – пианист, педагог. Екі ұлы Болат пен Қайыр химия саласын таңдады. Кіші қызы Ажар – биохимик.
Жұбайы – Раушан Оспанқызы
Балалары:
Муслима Жұбанова
Ақырап Жұбанов
Есет Жұбанов
Қызғалдақ Жұбанова
Асқар Жұбанов
Қ.Жұбанов ғылым тезіне түсіп таразыланған тұңғыш грамматика оқулығы мен қазақ тілінің мемлекеттік бағдарламасын жасады, қазақ тілтанымы саласында академиялық сипаттағы алғашқы монографиялық зерттеудің авторы болды;
1930 жылдардан басталған Қазақстандағы терминологиялық жұмыстарды ұйымдастырушы, қазақ терминологиясының Кеңес дәуіріндегі дамуының бағытын белгілеуші ;
Неміс, араб, парсы, моңғол, чуваш, коми, грузин, түркі тілдерін меңгерген полиглот, түркі тілдерінің тарихы бойынша өз зерттеулерінде руна жазулы, ескіұйғыр жазулы, араб жазулы ескерткіштерді, моңғол, тұңғыс-манжұр, қытай, жапон тілдері материалдарын, араб, парсы мәліметтерін, Еуропа тілдерінде жазылған әдебиеттерді молынан пайдаланған еуропалық деңгейдегі лингвист, профессор;
Қожа Ахмет Яссауидің дүниетанымы мен мұсылман әлеміндегі орнын белгілеп берген еңбектері, фольклор, музыка, күйлері бар;
Қ.Жұбанов: «Қазақ тілі, қазақ тарихы жөнінде қытай тілінде көптеген дерек бар. Ол өте қиын. Көп уақытты керек етеді. Ал жапон тілі болса, о да оңай емес, бірақ қытай тіліне қарағанда ол недәуір жеңілдетілген және жапондықтар қытай тіліндегі ғылыми еңбектердің бірқатарын өз тіліне аударып алған. Мен сол тіл арқылы қытайлықтардың қазақтар туралы жазылған деректерін оқимын ба деп үміттеніп жүрмін».
Достарыңызбен бөлісу: |