Хх ғасыр басындағы абайтану ғылымының алғашқы кезеңі Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата03.04.2023
өлшемі215,42 Kb.
#78899
  1   2   3   4   5   6


ХХ ғасыр басындағы абайтану ғылымының алғашқы кезеңі 
 
 
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары 
1. ХХ ғ.б. қазақ қоғамы және Абай Құнанбайұлының ақындық тұлғасы.
2. ХХ ғасыр басындағы абайтану ғылымының жүйеленуі туралы ғылыми 
еңбектер.
3. Абайтанудың алғашқы белестері.
4. Қ.Жұбанов – абайтанудың ғылыми арнасын қалыптастырушы ғалым.
 
ХХ ғ.б. қазақ қоғамы және Абай Құнанбайұлының ақындық 
тұлғасы. Тілге шешен, ойға батыл Құдайберген Қуанұлы Жұбанов өте 
мәдениетті жаза білетін ғұлама, жан-жақты білгіш еді. Қазақтың рухани 
мұрасын түгел меңгеріп қана қоймай, әлемнің мәдениетімен жете таныс 
болды. Құр мәлімет аларлық, жай таныстық емес, толыққанды талдау 
жасарлық зор қабілеттілік еді. Өз бетімен көп ізденіп, жарқырай танылған 
ғалымның таланттылығының арқасында, адам баласының басқа жанды 
тіршілік иелерінен алыстатып тұратын қуаттылығының нағыз үлгісі іспетті 
Қ.Жұбановты энциклопедиялық білімді ғалым деп бекерге айтып 
отырғанымыз жоқ.
Адамзат баласының өркениетті өмірінде білімділік сапасын сан қырынан 
бірдей танытқан дарындылар да аз болған жоқ. Қазақ даласының Отырардай 
өлкесінен шыққан Әл-Фарабиді әлем таныды. Данышпан философ, ақын, 
әдебиет зерттеушісі, әрі көрнекті математик, физика, музыка, мен медицина 
саласынан теңдесі жоқ еңбектер жазған Әл-Фараби данышпандығының ізі із-
түссіз жоқ боп кетпесі аян ғой. Әл-Фарабидей ойлауы мықты алыптардың енді 
бір ұшқыны Құдайберген Жұбановтай дана даңғыл, терең мұхиттан 
көрінгендігі қазақ баласының басындағы бағы емес пе? Қысқа ғұмырында 
құнды нәрсені көп жазғанымен, бүгінгіге жеткізіп сақталғаны аз болып жатса-
дағы, сол бірер ауыз сөзінің өзі, өңгенің «қасиетті» санайтын қисапсыз 
көмбелерін артқа тастайтын нағыз ғұлама бар. Ол – Құдайберген Жұбанов.
Қ.Жұбановтың көп мықтылардан өзгеше көрінетін бірнеше ерекшелігі 
бар. Филологиялық ойдың алыбы Қ.Жұбанов тіл мұхитын сөз зергері болып 
шарлады. Осы ой ғалым профессордың «Абай қазақ әдебиетінің классигі» 
еңбегін оқыған сайын қағидаланып, санамызға сіңісе түседі. Жалпы әдеби 
терең талдау жасау үшін, тілдің қыр-сырын толық білген жөн. Тілді білмей 
әдебиетті таныту мүмкін емес. Ал тілдік әдеби танымы берік қалыпқа 
құйылған Қ.Жұбановтың ғылымилығы бұл ойымызды айқындай түседі.
Көрнекті ғалым Ә.Дербісалин: «Құдайберген Жұбанов негізінен тіл 
білімінің маманы бола тұрып, халқымыздың арғы-бергі тарихын, әдебиеті мен 
мәдениетін, өнерін, сонымен қатар Орта Азия халықтары мен Шығыс, Батыс 
елдерінің мәдениеті, әдебиет, өнер тарихын терең білген ғұлама ғалым. Бұл 
шындықты ғалымның қаламынан шықан әрбір еңбектен-ақ көруге болады. 
Солардың бірі – оның Абай туралы зерттеуі. ...Зерттеудегі ең алдыменен назар 
аударарлық мәселе − ғалым Абайды тек қазақ қоғамы көлемінде ғана алып 
қарамай, бүкіл Орта Азия мен Кавказ халықтарының, сондай-ақ басқа елдердің 


ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет, мәдениет тарихымен бірлікте және 
салыстыра қарай отырып, Абайдың әдеби тіліміздегі тарихи орны мен 
қызметін анықтау мәселесін биік дәрежеге көтереді, осы тарихи контексте 
оның тек Абай ғана емес, сол тәрізді Мақтымқұлы, Шаһабуддин Маржани, 
Каюм Насири сияқты басқа ұлттар қайраткерлерінің творчествосына берген 
бағалары күні бүгінге дейін ескірген жоқ десек, асыра айтқандық болмайды» 
[1,55-56], − деп әділетті тұжырым жасаған еді.
1913 жылы жарияланған «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында 
А.Байтұрсынов: «... Абайдың сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. 
Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан емес, оқушылардың түсінерлік 
дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болса айып жазушыда 
емес, оқушыда» [2,298],− деп жазды. Ия, Ахмет Байтұрсынов атап 
көрсеткендей, кейбір қазақ Абайдың сырын толық түсінерлік дәрежеге жете 
алмай жүрген тұста, Қ.Жұбанов 1934 жылы қазақтың өз Абайын өзіне қайта 
табыстыра «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» зерттеуін береді.
Абайтану ғылының тарихында Қ.Жұбановтың алатын орны көптен дара, 
ерекше тұр. Сөзіміздің қисынын келтіріп дәлелдеу үшін, абайтану ғылымы 
жүріп өткен жолдың арна басына ғана көз жүгіртіп көрелік. Бүгінгі таңда 
абайтану ғылымы еш даусыз басы ашық мәселелерді қамтыған, жүйеге түсіп, 
сараланған секілді көрінгенімен, ғылымның тарихи соқпағында түрлі кедергі-
қиындықтарды жеңіп өткендігін байқаймыз. Ең алдыменен, «Әке − балаға 
сыншы» дегендей Абайдың азаматтық тұлғасын тану кезеңі оның ата-анасы, 
үй-орманы, ауыл-аймағы, өскен ортасы, құрбы-замандасынан басталады 
десек, қателеспейміз. Ал одан былайғы жерде Абайдың өзі де жеке адамдық 
тұлғасы мен ел-жұртының алдындағы парызы мен нарқын мықтап тексерген 
адам еді, яғни көзі тірісінде-ақ, бар болмыс бітімімен «мен – мұндалап» 
саҺараның сары даласына ерекше нәр берген адам еді. Абай бар қадір-
қасиетімен қазақ даласында қара жердің кіндігіндей тартыс күшінің орталығы 
болды. 
Абайдың сырына қанық болып, ақын ішкен судың тұмасынан нәрлі дәмді 
татып көргісі келмегендер болмады. Абай ақын ретінде де, адам ретінде де 
талайларды өзіне сиқыр күштей өзінің тіршілік ғұмырында да, көзі 
жұмылғаннан кейін де тарта түсті. Бірақ Абай: «Мыңмен жалғыз алыстым, 
кінә қойма» деп өз заманына да, кейінгі ұрпағына да, жалпы бар әлемге, 
көрінгеннің қолы жетпес мықты талап қойып кетті. Ұлы ақынды ұғыну үшін, 
ең болмағанда Абайдың титімдей бөлшегі болып көруге тырысу керек.
Абай Құнанбайұлының жан дүниесіне дендеп еніп, «Қазақ әдебиетінің 
классигі» деп, оның ақындығын әділетті бағалаған даралардың бірі, әрі 
бірегейі 
– 
Құдайберген 
Жұбанов 
болды. 
Қ.Жұбановтың 
өзге 
абайтанушылармен салыстырғандағы өзіндік дара тұрған орнын анықтау 
үшін, абайтанудың арна басына тоқталғанымыз жөн. Ең алдыменен, өткенге 
көз жүгіртіп өтіп, кей мағлұматтарды бірсыпыра еске түсірсек, Абайды танып 
білу процесінің бірнеше өрнектесіп жатқан межелері бар екендігін білеміз. 
Соның ішінде, Абайтану пәні әлі пән атауына ие болмай тұрғанда-ақ, ақын 
жөніндегі алғашқы деректердің хатқа түсіп, библиографиялық тұңғыш 


мәліметтердің жарыққа шыуынан басталып, ақынның неше алуан қат-
қабаттары мен ішкі қалтарыстарының көрініс табу жолында бірсыпыра 
замандар өткендігі баршамызға мәлім. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет