Денеге шамалары 12 Н және 10Н екі күш әсер етеді. Осы күштердің қосындысының ең үлкенін және ең кішісін анықта.
Өлшемдері 1х0,8х0,1м мәрмәр тасының салмағы қандай? м2,7 г/см3.
Көлденең тұрған шанаға 90Н күш жұмсап, орнынан жылжытты, үйкеліс күші шана салмағының 0,045 бөлігіне тең ( ). Шананың массасы неге тең?
Ұзындығы 30см, ені 20см тіктөртбұрышты ыдысқа 25см биіктікке дейін су құйылды. Осы судың салмағы қандай? с103 кг/м3.
Б-ТОБЫ
Бал толтырылған шелектің салмағы 150 Н, ал сыйымдылығы (іштілігі) 10 л болса, балдың тығыздығы неге тең? Шелектің массасы 1 кг.
Қабырғасының қалыңдығы 1 см, қырының ұзындығы 7 см, іші қуыс мыс кубтың салмағы қандай болар еді? м8900 кг/м3, g10 Н/кг.
С-ТОБЫ
Биіктігі 20 см, ені 18 см, қалыңдығы 5 мм жезден “Ш” әріпін қиып алды. Әріп сызықтарының ендері бірдей 4см-ден. Осы әріптің салмағы қандай? ж8,5 г/см3.