«Джигсо» әдісі
Элиот Аронсон бойынша
|
Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.
|
Ынтымақтастықта, бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.
|
Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді, оқушылар да шағын топтарға бірігіп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») құрылады, сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.
|
СТО, Диалогтік оқыту, ЖАДА, Дарынды/талантты балаларды оқыту, Көшбасшылық пен басқарушылық
|
10
|
«INSERT» әдісі
|
Оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру.
|
Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.
|
Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады: «W» білемін; «+» жаңалық; «-« білмеймін; «?» білгім келеді; кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды.
|
Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау
|
11
|
«Кластер» әдісі
|
Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.
|
Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.
|
Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер)
|
Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау
|
12
|
|