1944 — 45 ж. маусым аралығында одақтастар жапондардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндікытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті. Соғыстың 5-кезеңі (1945 ж. 9 мамыр — 2 кыркүйек). Потсдам конференциясы (1945 ж. 17 маусым — 2 тамыз) Германияны қарусыздандыру туралы шешім кабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты кабылдамады. 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Әскер Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солт.- шығыс Қытайды, Солт үстік Кореяны, Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. Оңт.-Шығыс Азияда ұлтазаттық қозғалысы басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 ж. 2 кыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіні жөнінде актіге кол койды.
Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға үшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО құрамындағы халықтар атқарды.