Дайындаған: Блялов. Т тексерген: Идрисов Р. А


Соғыстың 4-кезеңі ( 1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр )



бет7/10
Дата31.12.2021
өлшемі1,18 Mb.
#22848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЕДЖ Блялов Т.

Соғыстың 4-кезеңі ( 1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр )

Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 жылы Қызыл Армия Румыния жеріне өтті.19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасаты. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 ж 6 маусымда солт. батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 ж шілде –қарашада Қызыл армия Балтық бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан құрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехославак әскери бөлімдері Кеңес армиясының көмегімен Чехославакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық – азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны және Венгрияны азат етуге кірісті. 1944 жылдың аяғына дейін одақатстар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Оңтүстік Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман әскерлері 1944 жылы желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соққы берді. 1945 жылы 12 -14 қаңтарда Қызыл Армияның Балтықтан Карпатқа дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мәжбүр етті. Висла – Одер операциясы нәтижесінде Қызыл Армия Польшаның солтүстігі мен шығыс Пруссияны басып алып, солтүстікте Венгрияны толық азат етіп, Австрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз әскерлері 23 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезінде Чехословакия мен Батыс Австрияға келіп кірді, 25 сәір күні кеңес – американ әскерлері Торгау қаласы түбінде бір – бірімен алғаш рет кездесті. Кеңес армиясының Берлин операциясы ( 16 сәуір – 2 мамыр ) нәтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхорстта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды. 1944 – 1945 жылдары маусым аралығында одақтастар жапондықтардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндіқытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет