Тақырыбы: Кейс техналогия әдісі
ДАЙЫНДАҒАН: Каримова Нодира
Кіріспе
Бүгінде экономикалық және әлеуметтік мамандықтар бойынша білім алудың тиімді әдістерінің біріне арналған Кейс-стади әдісі теориялық білім алған студенттерді болашақ мамандықтың практикасына негізделген әрекеттерге баулиды. Кейс-стади- таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Ол нақты жағдайларды практикалық тұрғыдан талдау мен оларды өмірде кезігетін түрінде қайталауға негізделеді. Сол себепті де кейс-стадиді кейде «нақты оқу ситуациялар әдісі» деп те атайды. Ағылшын тілінен аударғанда, «кейс» сөзі «жағдай», «оқиға» дегенді білдіреді.
Кейс - технология – оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс - технологиясы (ағылшынның case – потрфель ) оқытудан жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Кейстің келесідей типтерін атап көрсетуге болады:
Практикалық кейс
Оқыту кейсі
Зерттеушілік кейс
Кейс әдісінін 5 кезеңі
· 1-кезең – жағдаятпен таңысу, оның ерекшелігі;
· 2-кезең –мәселені аңықтау,әсер ететін факторлар мен объектілер;
· 3-кезең –ой доданы ұйымдастыру үшін тұжырымдаманы, ойларды ұсыну;
· 4-кезең– шешім қабылдау алдындағы талдау жұмысы;
· 5-кезең – кейстің шешімі – бір неше нұсқадағы шешім, шешімдерге байланысты туындайтын мәселелерін ескеруді атау.
Кейс - технологияға арналған материалдар түрлері мыналар:
1. Әдістемелік нұсқаулар.
2. Жұмыс дәптері.
3. Анықтама.
4. Оқу, аудио, бейне материалдар.
5. Бақылау және емтихан материалдары.
Кейс технологиясының білімдік потенциялы неде?
Теориялық білімді шынайы өмірдегі жағдаяттар материалы негізінде бейнелеуге мүмкіндік беруі
Студенттердің танымдық белсенділігін ынталандыруы
Қажетті құзыреттіліктердің дамуына ықпал етеді, ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы, мәселені шешуде балама іздеуі және т.б.
Түрлі практикалық дағдылардың дамуына әсер етуі
Ұсынылған мәселені шешуде қажетті білім комплексінің бекітілуі
1.КЕЙС-технологиялардың тарихы.
Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. б. салаларда жемісті қолданылуда.