Байланыстырып сөйлеуді дамыту. Баланың сөзі сыртқы ортамен байланыста үш түрлі қызмет атқарады: қатынастық, танымдық, реттеушілік. Қатынастық қызмет – тым кішкентай кезі: 1 жастағы баланың былдырлауынан туындайтын баланың бірінші сөзі дәл осы қызметті атқарады. Айналасындағы адамдармен карым-қатынас жасау қажеттілігі баланың сөйлеуін одан әрі жетілдіруге ынталандыру. Екінші жылдың аяғында бала айналасындағы адамдар анық түсінетіндей өз тілегін, бақылауын сөзбен толық жеткізе алады, өзіне сөйлеген ересек адамның сөзін түсінеді. Бала үш жастан аса іштей сөйлеуді меңгере бастайды. Дәл осы кезден бастап сөз ол үшін тек қарым-қатынас құралы ғана болудан қалады да, енді басқа да қызметті, ең алдымен таным қызметін атқарады.
Бала жаңа сөздерді және жаңа грамматикалық формаларды меңгере отырып, айналадағы өмір туралы, заттар туралы, өмірдің шындық құбылыстары мен олардың қарым-қатынасы туралы түсінігін кеңейтеді. Бұл әдісті сөздік қорды дамытуға мектепалды даярлығына қолданады. Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс «Жеміс-жидектер», «Көк-өністер», «Ойыншықтар», «Отбасы», «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Үй құстары», «Қыста мекендейтін құстар», «Жыл құстары», «Оқу құралдары», «Киімдер», «Ойыншықтар», «Азық-түлік», «Мамандық» тақырыптарында жүзеге асады.
Келесі әдіс: Сұрақ – жауап әдісі. Балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісті қолдана отырып тәрбиеші баланың жас ерекшелігіне байланысты сұрақ дайындайды.
Мысалы:
Сенің атың кім?
Менің атым- Әнел
Сен қай қалада тұрасың?
Мен Семей қаласында тұрамын.
Сенің достарың кім?
Менің достарым Аружан, Айкөркем.
Сен қандай балабақшаға барасың?
Мен шағын орталыққа барамын.
Сен қандай топқа барасың?
Мен «Айгөлек» тобына барамын.
Практикалық әдіске ойнау элементтері бойынша тіл үйрену кіреді.
Дидактикалық ойындар балалардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді дұрыс (сурет бойынша) құрастыруға, қажетті сөздерді дұрыс тауып қоюға, кішігірім әңгіме айтуға жаттығады. Тәрбиеші ойын тәртібін балаға түсіндіріп, үйретеді, көрсетеді.
Сонымен қатар бұрынғы ойнаған ойындарын естеріне түсіреді. Белгілі суретшілердің туындыларын, балаларға арналған суретті кітапшалар, мерекелерге дайындық, түрлі ойын – сауықтар өткізу де балалардың тілін дамытуға септігін тигізеді. Балалармен түрлі әдеби - музыкалық ойындар өткізу олардың әдеби тілде сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет.
Балалар қазақша сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді қайталағанда сөйлеу екпінін дикциясын, яғни сөзге, буынға, екпінді дұрыс түсінуге үйренеді. Рөлге бөліп ойнайтын ойын (ертегі кейіпкерлерінің рольін сомдау, сюжетті рольді ойындарды ойнау) баланың ойын өз бетінше тұжырымдап айтуына көмектеседі. Сөздік қорды дамытуда тағы да өте көп әдіс – тәсілдер қолданылады. Соның нәтижесінде ата-аналар балаларының неге қабілетті, өз тарапынан балаға қандай көмек керектігін біліп, (ертегілерді оқу, тақпақтарды жаттату т.б) көмектесіп отырады. Ата-аналар мектеп өміріне белсене араласып «Ашық есік күндеріне» ашық сабақтарға, спорттық мерекелерге, көрмелерге, ата-аналар жиналыстарына қатысады.