Дайындаған: Нурпейсова Булбул Тексерген: Тасжурекова Жумагуль Тлеуовна Алматы 2023



бет3/4
Дата06.03.2023
өлшемі47,65 Kb.
#71887
1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ Булбул

Суреттеу әңгімелердің – салыстырмалы және түсіндірмелі түрлері болады. Түріне қарай екі түрлі затты салыстырып айтып береді.
Түсіндірмелі әңгімелеуде - бала өз ойын жеткізеді, әрекеттерді көрсете алады. Мысалы бала екінші балаға қандай да болса затты, ойыншықты қалай дұрыс қолдану , қалай ойыншықпен ойнау қажет екенін түсіндіріп береді.
Сюжетті әңгімелеу - бұл бір уақытта болған, кейіпкерлері бар әңгіме. Балаларға сюжетті әңгімелер туралы түсінік беріледі – бірінші кейіпкерлерін атайды, кейде олардың сыртқы түрлеріне сипаттама беріледі, соңынан бірінші оқиғаның қай жерде болғаны туралы артынан 2-3 эпизодтардың арасындағы байланыс, ең соңында аяқталуы жөнінде айтады.


Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Тілдің синтаксистік жағы байланыстырылып сөйлеу және әңгімелеуге үйрету процесі арқылы жетіледі. Төл сөз кеңінен пайдаланылады, жай, жайылма, салалас сабақтас құрмалас сөйлемдер көптеп кездеседі.Ойын-инсценировкалар драматизациялар халық ертегілерімен: «Торғай мен қарлығаш», «Түлкі мен ешкі», «Жыланның басы мен құйрығы» т.б. Жұмбақтар,мақал-мәтелдер кеңінен пайдалынады. Балалардың шығармашылығы, әңгіме құрастыру, кітапшалар жасау. Бастауышты сын есіммен байланыстыру, мысалы:сәби көңілді. Көңілді сөзін тағы қандай сөздермен байланыстыруға болады?
Балаларлың диалогтық, монологтық сөйлеу тілін дамыта отырып, ересектер сөздерін мәнерлі жеткізе білуге икемдейді.Үлкендер айтқан әңгіме, ертегісін зейін қоя тыңдап, мазмұнын қайталап, әңгімелеп, айтып беру арқылы грамматикалық дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйретіледі.Шығармадағы жағымды, жағымсыз кейіпкер туралы әңгімелегенде, жақсылықтың жамандықты жеңгенін, сол кейіпкердің орнында өзің болсаң қайтер едің?-деген сияқты қызықтыратын жетекші сұрақтар қоя отырып, ой-қиялын, логикалық дұрыс жүйелеу, шығармашылықпен әңгімелеп айта білуге жаттықтырылады.
Баланың байланыстырып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарланған сабақтарда сабақты тыс серуен,ойын сәттерінде шығармаларды сахналандыруда ертеңгіліктер өткізуде дамытылады.Әртүрлі мамандық иелері туралы «Мамандықтың бәрі жақсы», сондай-ақ «Мереке күндері, «Демалыста не істеді?» деген сұрақтарға диалогты, монологты сөйлеу арқылы жауап беруге үйретіледі.Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік жұмысы үнемі, жүйелі жүргізіліп отырылады.Тілде қойылатын негізгі талаптың бірі оның мазмұндылығында.Тілдің қатынастық сапасын аңықтауда балалардың алған білімдерінің жүйесі мен шығарма мазмұнының тәрбиелік мақсатына назар аударылады.Сөйлеу процесін дұрыс жолға қою, ана тілінің әдістемесін жүзеге асырудың алғы шарты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет