Дайындықтары әр түрлі оқушылармен жүргізілетін сауат ашу жұмысының ерекшеліктері



бет1/2
Дата08.11.2022
өлшемі4,09 Mb.
#48566
  1   2









Дайындықтары әр түрлі оқушылармен жүргізілетін сауат ашу жұмысының ерекшеліктері

1-сыныпқа дайындықтары әр түрлі балалар келеді. Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқи алады, ал екіншілері ежелеп оқиды, үшіншілері буындап оқиды, төртіншілері тіпті оқи да алмайды, әріпті танымайды. Сондықтан мұғалім ең алдымен өз сыныбына түскен оқушылардың құрамымен танысады. Жүгіртіп оқи алатындарға «Әліппе серігінен» қосымша матернал беріледі. Ежелеп оқитындарға «Әліппеден» әріптерді қосып оқу тапсырмалары орындатылады. Дайындығы нашар балалармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі. Әрбір оқушының дайындығына қарай, тапсырма дәл, тез беріліп, оларды түгел қамтиды, Мұнда, әрбір бала бір тапсырманы орындаганда сол класс коллективінің ең бір пайдалы мүшесІ сияқты сезінетін жағдай жасалганы жөн. Оқуға алынатын материал сабақтың жалпы такырыбына сәйкес Іріктеледі (әдетте «әліппенің» беттеріне сай), бірақ әр баланың мүмкіндігіне қарай, әр түрлі сөздер, буындар, сөйлемдер таратылады. Осы принцип әліппеден кейінгі кезеңдерде, «Ана тілін» оқығанда да, дидактикалық материалдар таратқанда да сақталып отырады. Бұл жұмыстардың барлығының көздейтіи мақсаты — сабақ үстінде окушылардың келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етіп, әр окушының дайындығына қарай, оқу дағдысын жетілдіру.


Қайсыбір жағдайларда сөздерді тақырыпқа қарай топтатып үйретеді, Мысалы, «құрал-саймандар». Оқушыларға бірнеше картинка үлестіріледі, Енді ғана әріп танып, оқи бастағандар: айыр, ара, орақ, біз. машина суреттерін алады. Олардап гөрі тәуір оқитындар: шалғы, балға, балта, күрек, егеу, ине алады. Олардан да жақсы оқитындар: тырнауыш, қайшы, тақта, шелек, ше-ге алады. Әрбір оқушы кұрал-сайманға жататындарын іріктеп сөз құрайды. Мұғалім тексеріп, қателерін жөндейді. Осыдан сон әр оқушыдаи ол сөзді неге кұрал-сайманға жатқызғаны, ол кұралмен не істелетіні, қалган картинканы неге кұрал-сайманға жатқызуға болмайтыны айтқызылады.
Сөйтіп, заттардың атын айтып, сөз кұрау жұмысы логикалық жаттығулармен ұштастырылады.
Әрбір сабақта балалар өздіктерінен орындау үшін тапсырма алады. Жаңа оки бастағандар бірте-бірте күрделі тапсырмаларды орындай отырып, жүгіртіп оки алатындарды көп ұзамай куып жетеді.
Балаларда өздіктерінен орындайтын жұмыстарының үлгілеріне мысал: Жаңа оқи бастағандарға: Әліппеден мал сөзін құрау; мал тексін оқу. Жүгіртіп оқи алатындарға: мал аттарын құрау; оған өздіктерінеи текст құрастырып айтып беру т. с. с.
Егер мектепке оқуға түскен бала әлі заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін айыра алмайтын болса, мұның өзі олардың тәжірибесінің аздығынан, білімінің жсткіліксіздігі мен шашыраңқылығынан деп түсінген жөн.
Осыған орай, I сынып оқушыларының заттар, құбылыстар туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Бұл жұмыс әуелі әліппеде берілген сөздер арқылы жүргізіледі. Сездік қорды байыту заттар мен құбылыстар және олардьщ арасындағы байланыстар жөніндегі елестерді анықтаумен қатар жүріп отыруға тиіс.
Бірінші сынып балалары естігендері, көргендері, кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, бел­гілі бір жоспармен айта алмайды. Ойы негізгі нәрседен басқаға тез ауып кетеді. Мысалы, ойынның түрлері жөнінде әңгімелегенде, шешесімен барып, дүкеннен ойыншық сатып алғанына ауысады т. с. с. Егер мұғалім әңгі-мені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі міндеттің өзі — балаларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету ғой.
I сынып оқушылары сурет бойынша, сөйлегенде де, ұсақ бөліктерге көбірек тоқталады. Мұның өзі де олардың ойының жинақы еместігін көрсетеді. Ал мәтін бойынша сөйлегенде көбіне сөзбе-сөз айтуға, яғни мәтіннің сөзімен баяндауға тырысады. Бұл құбылыс олардың көбінесе естің жұмысына сүйенетінін байқатады. Сондықтан балаларды ойлауға, сөздерді «көре» білуге, оның мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса назар аудару қажет.
I сынып оқушысы дыбыстық талдауды меңгеру барысында дыбыстар тобын еркін ұғына алады, негізгі типтік дыбыстарды абстракциялайды, осының арқасында жазуға үйренеді. Оқуды меңгеру барысында да оқушылар әрбір жеке дыбысты, оның әрпін естерінде ұстау емес, дауысты, дауыссыз дыбыстардың негізгі қасиеттеріне үйренеді. Мұнда балалардың көрнекі-бейнелік ойлауы (көрнекі түрде салыстыру, қайта құрастыру) пайдаланылады. Оқушылардың тілін дамыту әліппедегі мәтіндер мен суреттер арқылы жүргізіледі. Әліппеде бағана-бағанамен берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен үлкендер өмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар, өсімдіктер, жануарлар дүниесі т. б.Оқушылар әр топтағы заттармен, олардың қызметімен, неден жасалғанымен танысады. Соңында оларды топтастырады, негізгі белгілеріне қарай ажыратады. Мысалы, шеті иректелген жапырақтарды бір топқа, қылқан жапырақты ағаштар: шырша, үйеңкі т. Б
Оқушылардың дайындықтары әр түрлі болады. Біреуінің үлгерімі жоғары, енді біреуінің үлгерімі төмен. Бұл оқушылардың әрқайсысымен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен үлгерімі төмен оқушылармен жұмысқа тоқталатын болсақ:
1.Үлгермейтінге бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды. 
2. Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру
3. Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсы .
4. Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек.
5. Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек .
6. Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалім жұмыс жүйесін ойластыру керек
7. Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру .
Жұмыс түрлерін ұйымдастыруда оқушылардың үлгерімін жақсарту барысында үш түрлі бағытты атап көрсетуге болады. Осы үш бағыттың бірлігінде жұмыс үнемі орындалса, мұғалімдер қиыншылыққа ұрынбас еді. Олар: психо-педагогикалық, медико-биологиялық және әлеуметтік бағыттар.
Бұл бағыттар оқушының даму дәрежесіне, сабаққа қатысуына, оқу үрдісіне жеке оқушының өз қабілеті мен мүмкіншілігін пайдалану жолдарын ашуға көмек береді.
2.Дайындықтары әр түрлі оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыстың негізгі принциптері
Дайындықтары әр түрлі оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыстың негізгі принциптеріне тоқтала кететін болсақ:
1.Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
2. Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесу
3. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасау
4. Жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтау
5.Мұғалім оқу жұмысын күнделікті бақылап отыруы керек.
Міне, осындай принциптер негізге алынғанда, оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет