Әдебиеттану ғылымының қалыптасып, дамуы мен зерттелуі



Дата15.12.2023
өлшемі88,05 Kb.
#139732


Тақырыбы: “Әдебиеттану ғылымының қалыптасып, дамуы мен зерттелуі”


Филология 6В02302

Орындаған: Исахова Назерке Тексерген:Нуржанова Ботакоз


Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатыр.Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың "Ән кітабы", "Кұбылу кітабы", ежелгі Мысырдағы "Ағалы-інілі екеу туралы ертегі", байырғы Вавилон жұртының "Көрмегені жоқ кісі туралы" дастаны немесе көне үнді халқының "Ригведа", "Махабхарата", "Рамаяна" жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде 6.3.6. 3 - 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетикалық ұғымға көше берген. Эллада эстетикасы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туральі ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (6.3.6. 6 г.) өнер мәнін санға, Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып, Платонның "сәбилік" философиясы арқылы Аристотель (б.з.б. 384 - 322 ж.) "Поэтикасына" келіп ұласады. Ал "Поэтика" - күллі көркемөнер туралы тұңғыш философия-эстетика трактат қана емес, өз кезіндегі әжептеуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Өнер туындысының көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т.б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ.
Осы арада айрықша атап айтатын бір шындық: өзіміздің қазақ топырағында - ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы Отырарда (Фарабта) туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Наср Әл-Фарабидің (870 - 950) әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқ етіп, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі - адам таң қалғандай ғажайып құбылыс. Әл-Фараби - дана философ қана емес, майталман математик, үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. Оның “Музыканың ұлы кітабы", "Поэзия канондары" т.б. зерттеулері - бүкіл дүние жүзінде эстетикаға қосылған айтулы үлес. Әл-Фараби өзінің поэзия туралы байыптауларында АристотельдіңПоэтикасын" талдап-түсіндіруді мақсат ете тұра оны егжей-тегжейіне дейін түгел тексеріп жатпайды; поэзияны трагедия, комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма т.б. осылар тәрізді бірнеше түрге бөледі де, әрқайсысына жеке-жеке жанрлық сипаттама береді. Мәселен, “Комедия - деп түсіндіреді ол, - арнаулы өлшемі бар поэтикалық жанр. Комедияда әр алуан әрсіз әрекеттер баяндалады, келеңсіз кісілер, олардың кесірлі қылықтары мен кеспірсіз мінездері сықақ етіледі" (Әл Фараби, "Логикалық трактаттар", А., 1975, 535 бет). Бұл кәдімгідей қалыптасқан, коп ретте дәл және тұрлаулы теориялық тұжырым. Әдебиеттің тарихи бағыттары мен жекелеген жанр түрлерінің қазақ әдебиетінде өсіп-өркендеу жолдары моногр. тұргыда жан-жақты сөз болып, теориялық мәнде нақтылы ғылыми тұжырымдар жасальінды. Әдебиет жанрлары, тегі мен түрлері: поэзия, проза, драматургия, роман, повесть, әңгіме, трагедия, комедия, юмор мен сатира арнайы зерттеу нысанасына айналды. 1990 жылдан бастап, тәуелсіздік пен еркіндік жағдайында кеңестік кезеңде кеткен қателіктер мен "ақтаңдақтар" қайта қарастырылып, жаңаша бажайлау жұмыстары жүргізілді. 21 ғасырларға қарай Қазақ әдебиеттану ғылымы қазақ әдебиетінің өткеніне шынайы баға бере алатын, бүгінгісіне әлемдік әдебиеттанумен салыстыра отырып, саралай алатын ғылым саласына айналды.
Қыскаша айтқан да, Қазақ әдебиеттану ғылымы өзі пайда болғанға дейінгі тарихи алғышарттар кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта, негізінен мынадай нәтижелерге қол жеткізді: бүкіл түркі халықтарына ортақ ежелгі дәуірдегі әдеби мұраны игеруден басталған сыншылдық-эстетикалық, әдеби-тарихилық, әдеби-теориялық сипаттағы ізденістер ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір дәрежесіне дейін көтерілді; әдеби мұраның өте мол қоры жинақталды; қазақ фольклортану ғылымы жеке сала болып оңаша отау тікті, оның жазба әдебиетпен байланысы жан-жақты зерттеліп, түйінді тұжырымдар жасалды; қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі әдебиет тарихының көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы, мұрасы ғылыми тексеріліп, монографиялық тұрғыда
тұтас және толық қарастырылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет