Дала иесі кемірушілер н. Ш. Ажғалиев



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі118,57 Kb.
#9936

ДАЛА ИЕСІ - КЕМІРУШІЛЕР

Н.Ш. Ажғалиев

№ 41 орта жалпы білім  беретін мектеп

Әрбір  адам  ойлап  бассын  қадамын,

Шалдықтырма  зардабына  заманның 

Ынтымағы, тұтасгығы  бұзылмай,

Жолы  болсын  табиғат  пен  адамның.

Бүгінгі  куні  облыс  аумағында  бірнеше  он  мыңцаған 

омыртқасыздармен  460-тан  астам  омыртқалы  жануарлар  турі 

белгілі.

Кемірушілер  отрядына  күрек  тістері  жақсы  жетілген 

сүтқоректі 

жануарлардың 

2500-ге 

жуық 


түрі 

жатады. 


Олардың  ішінде  құрлықта,  ағаш  басында, суда, жер  астында 

тіршілік  ететін  түрлері  бар.  Дене  тұрқы  5  сантиметрден  1 

метірге  дейін  жетеді.  Қазақстанда  кемірушілердің  80  -   нен 

астам  түрі  таралған. Оның  8  түрі  Қызыл  кітапқа  тіркелген.

Біздің  өлкеміздің  оңтүстігіне  қарай 

даланың 


бейнесі 

біртіндеп  өзгереді.  Мұнда  орман алқаптарын көрмейсіз,  ұшы 

Киыры  жоқ  құлазыған  дала.  Өзен  алқаптарында  өскен тал, 

көлдердің  айналасында  да,ішінде  де  қаулап  өскен  қамыс 

алыстан  түгіл,жақын  келгенде де  көзге түсе  бермейді, өйткені 

өзен,көлдер ойпат жерде орналасқан.

Қазіргі  қазақ  даласы  бұдан  бірнеше  жыл  бұрынғы дала 

емес.  Оның  құнарлы  сарғылт  топырақты  жерлері  айдалып 

,одан  Қазақстан  миллиондаған  пұт астық  алып,  дүние  жүзіне 

даңқы 


жайылып 

отыр. 


Ал 

егістікке 

айналдырылмаған 

миллиондаған  гектар  құнары  кем,  сортаң  жерлер  бар.  Онда 

бұрынғыдай жабайы  шөптер өседі.  Оңтүстікке қарай аяқ басқан 

сайын өсімдіктер дүниесі  сиректей және түрлері кеми түседі.

Көктемде  дала  жасыл  кілем  жамылады,бірақ  маусым 

айында өсімдік қурап кетеді, даланың жасыл түсі өзгеріп сарғыш 

қоңырқай тартады.  Анда-санда  бір жауып өткен  жауын  да дала 

өсімдіктерін  оятып,  тіршілік  бере  алмайды.  Тек  күз  түскен  соң

-

125

-


ғана  пиязшықты  қоңырбас  сияқты  өсімдіктің  кейбір  түрлері 

қайтадан өсіп жердің өңін кіргізеді.

Бұл  пиязшықтар  топырақтың  ішінде  қыстап  шығады. 

Пиязшықтың 

тубіртегі 

болады, 


одан 

төмен 


қарай 

шашақтамырлар өсіп шығады. Түбіртектің үсгіңгі жағында қысқа 

ғана  кішкентай  сабағы  бар;  оның  айналасын  қоршап  жатқан 

бірнеше  жапырақ  болады.  Ол  жапырақтарының  түсі  ақ,  ішіне 

шырынды  қорек  заттары  толған.  Жапырағының  сырты  кеуіп 

қабыршаққа айналған.  Пиязшықтың шырынды жапырақтарында 

болатын  қоректік  заттары  көктемде  сабағына  барады.  Соның 

арқасында сабақ тез өседі де одан жер бетіне жас жапырақтары 

мен гүлі шығады.

Жаздың  ыстық  күндері  дала  үнсіз  тым-тырыс,  онда  ешбір 

тіршілік  байқалмайды.  Тек  аяқ  астынан  пыр  етіп  ұшқан 

бозторғайды, 

қыр  астынан 

жайылып 


жүрген 

дуадақты 

көрулеріңіз  мүмкін.  Кейде  ұшып  бара  жатқан  бүркіт  немесе 

құладын сияқты, жыртқыш құстар көрінеді.

Жалпы  алғанда  орманды  даламен  салыстырғанда,  ашык 

далада  жан-  жануар,  өсімдік  кем.  Далада  құстардзн  Г®Р' 

сүтқоректілер 

көзге  тезірек 

шалынады. 

Даланын  иес'' 

кемірушілер. Бұлар далада миллиондап мекендейді.  Бүл өзінен-" 

өзі  түсінікті.  Далада  op  қояннан  басқа  кемірушілердін  ^әрі 

дерлік  інде  мекендейді.  Ашық  жазық  дала  жағдайындз 

кемірушілер  жауынан  інге  тығылып  бас  сауғалайды.  Ашык 

далада  кемірушілерден  улкен  сарышұнақтар  көп  тараған. 

Оңтустікке  қарай  олардың  орнын  сұр  сарышұнақтар  немесе 

кішкене сарышұнақтар басады.

Кішкене  сарышұнақ  әртүрлі  жағдайда  тіршілік  етеді- 

бетегелі^ даладан  бастап,  сүсыз  сортаң  шолді  жерге  дейіи 

мекендейді.  Бұлар  шобі  аласа  келген  жерлерден  ін  қазаДЫ' 

Мұндаи  жерлер,  олар  інінің жанында  қасықтай  қақшиып  тұрыг1 

жауларын  барлауға, 

олардан  сақтануға  ыңғайлы  келеді. 

Кішкене сарышұнақтар егістік жерлерге де  мекендейді. 



Кішкене 

сарышұнақтар  қоңырбастың,  жусанның  жапырақтарымен  *әне 

асқа 

әр 


түрлі 

өсімдіктердің 

пиязшыцтарымеИ(

тамырсабақтарымен қоректенеді. Қыста олар ұйқыға кетеді. Ш



І  сарышұнақтар  дала  өсімдіктері  қурап  кеткен  -құрғақшылық 

жазда  да  ұйқыға  жатады.  Егер  жаз  аяғында  жауын  жауып  жер 

і  қайтадан  көгерсе,  олар үйқыдан қайта  оянып тіршілік әрекетіне 

і  кіріседі.  Әдетте  бұлардың  жазғы  ұйқысы  қысқы  ұйқыға 

I  ұштасады.  Сарышұнақтар  семіріп  барып  ұйқыға  кетеді.  Жатар 

і  кезінде  олардың  салмағы 

400-500  грамға  жетеді  де,  келесі 

і  жылы  қайта  оянған  кезде  салмағы  кеміп,  әлжуаз  куйде тұрады. 

>

  Оянғанда олардың салмағы 90 -100 грамнан артпайды.



Кішкене  сарышұнақтар  ауыл  шаруашылығына  көп  зиян 

келтіреді:  бидай,  қарабидай,  жүгері  егісіне  зақым  келтіреді, 

баубақша  және  бақша  өсімдіктерін  жеп  бүлдіреді.  Сонымен 

қатар бұлар өте қауіпті індет таратады.

Сарышұнақтың  ең  ірі  туысының  бірі  -суыр.  Оның  салмағы 

10  килограмға  жетеді.  Бұлар  тың  жерлерді  мекендейді.  Бұдан 

көп  жылдар  бұрын  Қазақстанның тың далаларынан  жыл  сайын 

жүз мыңдаған суыр ауланатын.

Суырлар  терең  қазылған,  он-он  бес  ауызды, 

күрделі  тараулы  тұрақтыіндерінде  үйір-үйір  болып  мекендейді. 

Жайылатын  жерлерінде  уақытша  қарапайым  індержасайды. 

Суыр  інінің  жанында  оны  қазған  кезде  шығарылған  топырақ 

төмпешігі  болады.  Оны  суыр  төмпешігі  деп  атайды.  Тұрақты 

індерді  суырдың  көп  үрпақтары  мекендейді.  Мұнда  суыр 

төмпешікхері едәуір үлкен: диаметрі -15 м биіктігі  1 метрге дейін 

жетеді.


Суырлар 

өте 


сақ 

жануарлардың 

бірі. 

Олардың 


қарауылшысы  інінің  аузындағы  төмпешікте  бірнеше  сағат 

қазықтай  қақшиып,  артқы  аяғымен  тік  тұрып  жан-жақты 

бағдарлайды;  қауіп  төнгендей  болса  «әңг/шік,  әңгүшік»  деген 

сияқты, ащы дыбыс шығарып, басқа суырларға хабарлайды.

Суыр  індерінің  ішінде  шөп  төселген  ұялары,  ал  жанама 

тарауларында  «дәретханалары»  болады.  Жазда  суырлар  індегі 

ұяларын және «дәретханаларын» тазартып отырады.


Қысқы  ұйқыға  кетер  алдында,  тамызда,  паразит  жайлаған 

8-10  килограмға жуық ескі төсеніштерді  сыртқа  шығарып,  оның 

орнына таза  шөп енгізіп ұяларына төсеніш  жасайды.  Суыр 7-7,5 

ай уйықтайды.

Суырлардың  қорегі  дала  шөптері.  Жылына  бір  суыр  60 

килограмға 

дейін 

шөп 


жейді. 

Бұлар 


егістіктен 

алыс 


мекендейтіндіктен, оған зиян  келтірмейді.Суырдың  терісі  мен 

майы  пайдаланылады.  Бір  суырдан  1.5  килограмға  дейін  май 

алынады.  Жусанды-бетегелі  далада  алақоржындар  өте  көп. 

Бүл  -тұрқы 

10  сантиметрге  жуық  кішкентай  жәндік.  Реңі 

сарғыштау қоңыр не қызғылт  сұр. Тұмсығынан  бастап жотасы 

арқылы  құйрығына дейін соғылған  жіңішке  қара  не қоңыр түсті 

жолағы болады. Алақоржын  ұзақ ұйқыға  жатпайды,  қыста қар 

астындағы  өсімдіктермен  қоректенеді.  Жазда  өсімдіктердіҢ 

жапырақ-сабақтарын, 

жуашақтарын,түйнектерін 

жейді,  ал 

өсімдіктұқымдарын  аз  пайдаланады.  Егістікке  жаңа  шыққан 

егінді жеп кеп зиян келтіреді.

Алақоржын  іні  қарапайым  70-90  см  тереңдікте  бір  ұялы 

камерасы  болады.  Інінің  аузын  тастын  астынан,  шоқ  шөптін 

арасынан шығарады.

Алақоржындар  тез  өсіп  -өнеді.  Ұрғашысы  бір  жазда  алты 

ретке  дейін  балалайды,  әр  жолы  5-7  баладан  туады. 

Ұрғашылары  бір  жарым  айға  толысымен-ақ  туа  бастайды. 

Қолайлы  жағдайларда  бұлар  өте  тез 

көбейіп 


кетуіне 

байланысгы,  азық  іздеп  бір  жерден  екінші  жерге  үнемі  қоныс 

аударып  отырады.  Кішкентай  ақтышқаннан  бастап  қасқырға 

дейін 


барлық 

жыртқыштар 

алақоржынды 

аулайдьі' 

Алақоржындар  өте  көбейген  жылдары  бағалы-терілі  андар  '  

түлкі, қарсақ, күзен, ақкіс көбейеді.

Жыртқыш ^сүт қоректілер тұқымдасының бір өкілі-  борсык та 

інде  мекендейді.  Борсық  бір  ауызды,  үш  ауызды,  көп  ауызды 

күрделі  ін^қазады.  Індегі  жататын  орны  70  сантиметрден  2  -3 

метрге дейін жетеді.  Борсық -таза жануардың бірі.  Бұл да суыр 

тәрізді  ұяларының  төсеніштерін  жаңартып  отырады.  Інінен 

шығып  жүретін  жолдарының  жанында  шұқыршақ  казып- 

«дәретхана»  жасайды.  Сол  «дәретханалардағы»  қиын  көріп- 

оорсықтың інін табу қиын емес.



Борсықтың сол інде мекендейтін -мекендемейтіндігін білу де 

оңай:  тастап  кеткен  індерінің  аузына  өрмекшілер  өрмек  құрып 

тастайды,  ал  мекендеп  жүрген  інде  өрмек  болмайды  және 

борсықтың ізі көрініп жатады.

Борсықтар  насекомдармен,  өсімдік  тұқымдарымен  және 

өсімдіктің  шырынды  бөлімдерімен  қоректенеді.  Бақшалардың 

маңын  мекендеген  борсықтар  зиян  келтіреді;  олар  жугері 

сабағын,  қияр,  қауын,  қарбызды  жейді.  Жем  іздеуге  түнде 

шығады.  Күндіз інінде немесе інінің аузында ұйықтап жатады.

Борсықтар  да  қыста  ұйқыға  кетеді,  бірақ  бұлардың  ұйқысы 

сарышұнақтардікіндей  үздіксіз  емес,  жылымық  кездерде  олар 

оянып, інінен шығып жүреді.

Борсық  -   кәсіптік  маңызы  бар жануар.  Олардың терісі  және 

ем үшін майы қолданылады.

Біздің 

республикасында 



жануарлар 

әлемін 


қорғау 

жұмыстары  мемлекеттік  шара  болып  табылады. Олар  белгілі 

заңдар  шеңберінде  жүреді.  Сирек  кездесетін  жануарларды 

аулауға  тыйым  салынады, әдістері  белгіленеді,  кәсіптік  аңдар 

мен  құстарды  және  балықтарды  аулау  орны  мен  мерзімі 

анықталады.

Табиғи  байлығымыз  жануарлар  дүниесін  сақтау  және 

қорғау  үшін, оны  білу, түсіну  және  сүю  қажет.

Табиғат  қорғау  жөніндегі  ең  маңызды  шаралардың  бірі  -  

қорықтар ұйымдастыру болып табылады.  Қорықтарда белгілі бір 

географиялық  ауданға  тән  табиғат  учаскелері,  өсімдіктер  мен 

жануарлардың  шаруашылық  жөніндегі  бағалы  немесе  ғылыми 

маңызы  бар  түрлері  сол  қалпында  сақталады.  Бұл  өсімдіктер 

мен  жануарлар  мұқият  зерттеледі.  Бұл  зерттеулердің  өте  бір 

бағалылығы -  мұнда ғылыми жұмыстар тікелей табиғи жағдайда 

жүргізіледі.

Табиғатты 

қорғау  және  байыта  түсу  -   мемлекеттік 

ұйымдардың  ғана  емес,  жүртшылығымыздың  алдында  тұрған 

үлкен  міндет.  Табиғат  байлығын  қорғаудың  маңызын  әркім 



түсінуі,  мұны  әрбір  саналы  адам  өзінің  мүдделі  ісі  деп  санауы 

керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет