18
қалмаған еді. Мұнда да тіл мен әдебиеттен басқа салалардың бәрінде кері
кетушілік, жамандық үстемдік жүргізе бастаған.
Діни ахуал
Наным-сенім мәселесінде анархия белең алып, адамның ақылына
сыймайтын небір сенімдер пайда болған.
Халықтың бір бөлігі ештеңеге сенбейтін, тек осы өмірдің қызығын
тамашалап қалуды көксейтін. "Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, екінші рет
тірілу мүмкін емес. Ақыры өлеміз, сондықтан мына дүниеде тояттап қалуға
тиіспіз" дейтін олар ойларына келгенін істейтін.
Ардақты Пайғамбарымызға Аллаһтан уахи түсе бастағанда осындай
адамдар жайында Құран Кәрімде мынадай аяттар жолданады:
"Ей, Расулым!
Оларға былай деп айт: Аллаһ сендерге өмір сыйлады. Кейін Ол
сендерді өлтіреді, сосын шүбәсіз болатын қиямет күнінде бәріңді
жинайды. Бірақ адамдардың көбісі бұл ақиқаттан мүлде бейхабар"
(Жасия сүресі, 26-аят).
Сондай-ақ, арабтардың кейбіреуі Аллаһқа, бір Жаратушының
барлығына сенетін, бірақ адамдар арасынан пайғамбар шығатынына
иланбайтын.
Пайғамбардың адамдар арасынан шыққанына сенбей, бұл ақиқатты
ақылдарына сыйғыза алмай, пайғамбар періштелерден ғана шығуы мүмкін
деген бұл топтағылардың қисынсыз пікірлеріне Құранның төмендегі аяты
жауап береді:
"Ей, Расулым!
Егер жер жүзін (адамдар емес,) періштелер мекендейтін болса, біз
сонда ғана олар үшін (жер бетіне) пайғамбарды періштелерден таңдаған
болар едік" - де (Исра сүресі, 95- аят).
Арабтардың арасында Аллаһқа сенгенмен ақырет күнінің болатынына,
өлгеннен кейін тірілуге, жәннат пен жәһаннамның бар екеніне сенбейтін бір
топ бар еді. Құран Кәрімнің оларға жауабы мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: