Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет240/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Сонымен... майдан 
Мута жазығы. Айнала ұшы - қиырсыз жол. Жүз мыңнан астам христиан 
Византия армиясы мен үш мың әскерлік мужаһидтер жасағы бетпе-бет.. 
Сырттай қарағанда, біріншісінде - бәрі бар: қару, көлік, азық, бірақ бір ғана 
нәрседен мақрұм, ал екінші тараптың қарсыласымен салыстырғанда ештеңесі 
жоқ, тек оларда жоқ бір нәрсеге ие! Сол бір нәрсе бар нәрседен қымбат - 
Аллаһқа иман және Оның көмегіне сенім. 
Сырт көзге екі жақты салыстыру мүмкін емес, жер қайыстырған 
христиан әскері қарсысында бір шөкім мұсылманды көргенде тәкаппарлана 
қарқылдасты. Әсіресе, Гераклий «бұларды қылышты бір сілтеп жоямын» деп 
ойлаған болуы керек, менсінбей маңғаздана кеудесін керді де кеңк-кеңк 
күлді. Сонан соң «болмайтын іске» қолын былғатып, әуреге салған 
Шурахбилге зекіп алды. 
Қайсер Гераклий сыртқы көрініске алданып ақиқатты көре алмады. 
Алып нөпір білек күшіне ие румдықтар семген рухпен алысқа шаба алмасын 
әлбетте білмеген. 
Ал саны аз мұсылман жасағының рухы асқақ, иманы биік екенін тәнге 
табынғандар 
қайдан 
аңдасын?! 
Ұлы 
жеңістер 
әрдайым 
рухани 
құндылықтардың нәпсәни сезімдерден басым түскен жерінде болып отырған. 
Бұған адамзат тарихы куә. 
Екі жақ та бір-біріне бажайлап қарады. Ендігі тұрыс мәнсіз. Ислам 
қолының байрақтары Зәйд ибн Хариса ақ туды жоғары ұстап ортаға атылды. 
Айқас басталып кетті. Жарқ-жұрқ қылыш, зу-зу ұшқан оқтар әп сәтте жерді 
қанға бояды. Аттар кісінеп, жаралылыр ыңқылдай зарлап майдан ту-талақай. 
"Аллаһу әкбарлаған" дауыстар Ұлы Құдіреттен медет тілеп ғарышқа ұласып 
жатты. 
Жауынгер қолбасшы Хазіреті Зәйдке шүйліккен қаныпезер жау әскері 
жан-жағынан найза сұққылап баһадүрдің денесін шұрық-тесік етті. Иман 
қызметіне ықыласпен берілген Ол ақ байрақты құшқан күйі мәңгі өмірге аяқ 
басты. 
Хазіреті Зәйдтің шейіт болғанын көре сала Хазіреті Жағфар ұмтылды 
байраққа. Зәйдтің басына келгеннің өзін де айналып өтпесін біле тұра, 
дұшпанға қарсы атылды. Қарсыластарының күштілігі, көптігі оның ойына бір 
сәт те кіріп шықпады. Бар ойы - борышын өтеу. Бес күндік жалған дүниеде 
қалса да, қалмаса да бәрібір еді. Ақиқат өмір - ақыретте аяқ асты болмаса 
болды-дағы. 
Мужаһидтердің бәрінің арман-қиялы осы-тұғын. Сол себепті ерегіскен 
дұшпаннан қаймықпай қаржаса түскен. Олар үшін жеңіс те - жеңіс, жеңіліс 
те - жеңіс, өйткені хақ жолында қасарысып өлудің өзі иман ерлері үшін 
таптырмас мүмкіндік, ғанибет ғұмыр жалғастығы. 
Хазіреті Жағфар жау арасына кіргені сол еді, қас қағымда оң қолы 
қылышпен қағылып түсті. Байрақты көз ілеспес жылдамдықпен сол қолына 
алып үлгерді. Жауыз соны аңдып тұрғандай сол қолын білегінен төмен сылқ 
еткізді. Батыл ер қалайда қасиетті нышанды түсірмеу үшін шолақ білектерін 


362
шолтаңдатып туды қапсыра құшақтады. Бар ойы - байрақты өз 
жауынгерлеріне табыстау. 
Неткен иман, неткен жігер десеңізші! Адам ақылына сыймайтын осы 
суреттің ақиқаттығын тарихи деректер растайды...
Хазіреті Жағфар да ақ жолда ақтық демін алды. 41 жаста қыршынынан 
қиылған қаһарманның денесіне тоқсаннан астам оқ, қылыш, найза жарасы 
түскен. 
Кезек Хазіреті Абдуллаһ ибн Рауахаға келген. Шайырлығымен, 
шешендігімен талай кәпірді тұқыртқан қаһарман батыл адымдап жауға 
қасқая қарсы шықты. Оқыс тиген қылыш қолын жанай өтіп, бір саусағы 
салбырап қалды. Айқасуға кедергі келтіре берген соң, атынан қарғып түсіп, 
жанын сыздатқан саусағын аяғымен басып қопарып тастады да, туын тік 
ұстап, бір қолымен қылыштаса берді. Иманнан бастау алған батылдық тән 
жарасын мүлде ұмыттырған.... Көп ұзамай ол да жан тәсілім етті. 
Көзді ашып жұмғанша үш жауынгер қолбасынан айрылған Ислам 
жасағының қобалжығаны байқалды. Бір сәт не шайқасарын, не болмаса 
шегінерін білмей сасқалақтаған сыңайлы. Оңтайлы мезетті пайдаланып 
дұшпан қаннен қаперсіз мужаһидтердің бірнешеуін сұлатып салды. Сонда да 
байрақ көкте желбіреді. Хазіреті Абдуллаһ ибн Рауаханың шейіт болғанын 
көре салысымен Әбул Ясар Ка'б туды жан-дәрмен алған да Сабит ибн 
Акрамға ұстатқан-ды. Сабит алғы шепке ентігіп келіп туды тікті де 
мұсылмандарды сол араға жиналуға шақырды. 
Мужаһидтер аңтарылып тұрғанда Сабит ибн Акрам: "Арқаны кеңге 
салатын заман емес, тезірек арамыздан қолбасшы сайлап алға ұмтылуға 
тиіспіз", - деп дауыстады. Мужаһидтер Хазіреті Сабиттің жетекшілігіне 
разылық білдіргенмен оның көздегені Халид ибн Уәлид болатын. 
Көптің арасынан көздегенін тапты да, оған: 
"Уа, Халид! Байрақты ұстап басшылық жасауға сен лайықсың", - деді. 
Жасы ұлғайған, тәжірибесі де мол Сабит ибн Акрамнан өзін асып 
кетуге ішкі ізеті жібермеген Халид: "Сенің қолыңнан қалай алмақпын туды? 
Сенің жасың да үлкен, Бәдірге қатысқаның тағы бар", - деп жауап берді. 
Тартысып тұруға уақыт тар еді. Хазіреті Сабит ибн Аркам сөзді 
ұзатпай: 
"Расулаллаһтың байрағын саған табыстау үшін алдым. Соғыс, шайқас 
тактикасын тамаша меңгергеніңе сенгендіктен", - деді де мужаһидтерге 
қарап: 
"Халидтің қолбасшылығын бірауыздан қабылдайсыңдар ма?" - деді. 
Әскерлер "иә" деп саңқ ете қалды. Хазіреті Халид Расулаллаһтың ақ 
байрағын сүйіп, қолына алды да, атына секіріп мініп, майданға бет алды... 
Шайқас 
басталған 
сәтте 
Мәдинада 
Аллаһ 
Расулы 
қалған 
сахабаларымен әңгіме-дүкен құрып отырған. Мәдина қайда, Мута қайда? 
Арақашықтық - мың шақырымнан артық. Бір мезет Расулаллаһ көзін бір 
нүктеге қадап отырып майдан даласынан хабар бере бастады. Көз жасына 
ерік бере отырып: "Зәйд ибн Хариса байрақты асқақтата ұстап жау оғына 
кеудесін тосты. Шейіт болды. Оған Аллаһтан кешірім тілеңдер. Ту Хазіреті 


363
Жағфардың қолында. Ол да жан тәсілім берді. Оған да дұға бағыштаңдар. 
Қасиетті байрақ қазір Хазіреті Абдуллаһ ибн Рауахада. Ол да шейіттік 
шәрбатынан ішті. Оған да Аллаһтан қайырым тілеңдер", - деп біраз үнсіз 
қалды да: 
"Абдуллаһтан соң байрақты алған қаһарманға да жар бола көр 
Аллаһым!" - деді. 
Иә, бұл да Аллаһ Расулының ап-анық муғжизасы еді. Ғайыпты білетін 
жалғыз Аллаһ қажет болса сүйікті құлын да кей нәрселерден хабардар етеді, 
қашықтық пен уақыт ұлы құдіреттің өз уысында емес пе? 
Мұсылмандардың бір сәттік дағдарысына дандайсыған дұшпан оқыс 
соққыны күтпеп еді. Хазіреті Халид бастаған мужаһидтердің тұтқиылдан 
шабуылы қас-қағымда алғы шептегі жау әскерін жайратып-ақ салды. Әлден 
уақытта есін жиған византиялықтар шайқасқа шындап кірісті. Бірақ 
айналаны қою қараңғылық басып, ұрысты толастатуға тура келді. Ол кездегі 
ұрыстар күндіз-түні емес, таңнан кешке дейін жалғасатын да түнде сарбаздар 
штабтарына оралып тынығатын. 
Хазіреті Халид те қолбасшылықты қабылдап алғанда түн түндігін 
жамылған-ды. Бір-екі шабуылдан соң екі жақ та шатырларына бет түзеген. 
Хазіреті Халид түні бойы көз ілместен ертеңгі шабуылдың жобасын 
ойланды. Таңның атуын күтпестен сарбаздарына әмір беріп алғы шеп пен 
артқы қорғаныстағыларды, оң қанат пен сол қанаттағылардың орнын 
ауыстырып орналастырды. Әскери тактикадағы шеберлігі Хазіреті Халидті 
бұл жолы да қорғап шықты. Таңертең дұшпан қарсы алдарында күнде көріп 
жүргендерден 
басқа, 
бейтаныс 
сарбаздармен 
бетпе-бет 
келгенде 
мұсылмандарға жаңа күш, көмек қосылған болу керек деген оймен 
кібіртіктей дағдарып қалады. "Бұлардың түнгі дабырлары бекер болмады-ау" 
деген ойды жау жасағының жүзінен аңғару қиын емес еді. Қарсыластарының 
үрейлі көзқарастары мужаһидтердің қолтығына дем бүріккендей әсерге 
бөлеп, батылдана, жігерлене түсті. Аллаһтың ақиқаты үшін оңды-солды 
сілтенген қылыш, семсер суылы кәпірлерді тұқыртқан үстіне тұқырта берді. 
Сол күні шайқаста қаһарман Хазіреті Халидтің қолынан жеті 
қылыштың күл-пәршесі шықты. Дұшпан бет-бетімен қаша бастады. 
Мұсылмандардың 
батылдығы 
мен 
қолбасшыларының 
зеректігі 
арқасында Аллаһ оларға тағы бір жеңіс нәсіп етті. Хазіреті Халид те, 
мұсылман сарбаздар да саны жөнінен өздерінен 40-50 есе артық дұшпанды 
ойсырата жеңуді бұйыртқан Жаратушыға шүкіршілік айтып тәкбірлетумен 
болды. 
Расында 
да 
бұл 
Ұлы 
Аллаһтың 
мұсылмандарға 
шексіз 
қайырымдылығының белгісі еді. Жеті күнге созылған шайқаста он бес 
мужаһид шейіт болды. 
Ақ байрақты желбіретіп, мұсылман қолы Мәдинаға қайтты. Хазіреті 
Яла ибн Умаййаны сүйінші хабарды жеткізу үшін ертерек аттандырады. 
Жеңіс хабарын әкелген ол Расулаллаһқа жолығып ұрыс барысын мәлімдемек 
болғанда, Пайғамбарымыз күлімсірей қарап: 


364
"Егер қаласаң, шайқастың барысын мен саған баяндап берейін", - деп, 
румдықтармен соғысты бүге-шігесіне дейін әнгімеледі. Хазіреті Яла 
таңданысын жасыра алмай: 
"Сені хақ дінмен жіберген Алланың атымен ант етейін, майдан суретін 
дәл сол күйі баяндағаныңа қайранмын", - дегенде пайғамбарымыз: 
"Аллаһ арадағы ұзақтықты жойып, ұрыс алаңын көз алдыма әкелді", - 
деп жауап берді. 
Мұнан соң Пайғамбарымыз шейіт түскен Жағфардың үйіне қарай 
аяңдады. Жауынгер шейіттің жары Әсма бинти Умайс үй шаруасымен 
айналысып отырған. Үйі, ауласы жылан жалағандай, үш ұлын да мұнтаздай 
киіндіріп қойыпты. Сірә, соғысқа кеткен күйеуінің тілеуін тілеп, жеңіс 
хабарын күтіп отырса керек. Пайғамбарымыз Жағфардың кішкентайларын 
алдына алып, бастарынан сипап, емірене өпті де, еңкілдеп жылады. 
Хазіреті Әсма жасап жатқан тірлігін тастай салып: 
"Уа, Расулаллаһ, жолыңа құрбан болайын, неге жылайсыз? 
Әлде... Жағфар мен жолдастарының жаманат хабарын алдың ба?" - 
деді. 
Хазіреті Расулаллаһ қайғыдан қан жұтып: 
"Дәл солай, ол бүгін шейіт болды", - деді. 
Хазіреті Әсма да көз жасын көл қылды. Әп-сәтте қатын-қалаш 
айналасына жиналып үлгерді. Сондағы Аллан Расулының айтқаны: 
"Уа, Әсма! Қайғырмау мүмкін емес, әрине. Бірақ қарғыс айтып, дауыс 
салып, бет тырнап жұлынушы болма", - деді де үйіне қарай аяңдады. Үш күн 
бойы өз үйінен қазан көтертіп, қара жамылған Хазіреті Жағфардың отбасына 
тамақ бергізді. 
Исламда өлген кісінің отбасына арнап азалы күндері алғаш рет тамақ 
беру осыдан бастау алады. Үш күннен соң шейіт Жағфарды жоқтап жылауға 
да Пайғамбарымыз тыйым салады. 
Аллаһ Елшісі кейіннен Хазіреті Жағфардың жиһадта кесілген екі 
қолының орнына Аллаһ жәннатта екі қанат сыйлағанын айтқан. Сондықтан 
ол «Жағфары-таййар», яки ұшатын Жағфар атанған. 
Күн шыжғырып тұр. Көз ұшында ақ байрақты желбіреткен қалың нөпір 
көрінді. Бұл Зәйдтің қолы емес, Аллаһтың өткір қылышы атанған банадүр 
Хазіреті Халид ибн Уәлид бастаған сарбаздар еді. Он бес жолдасынан 
айырған қазаны үлкен жеңісінің сүйіншісімен ұштастырып қайтқан 
мужаһидтердің Мәдинаға оралған беті осы. Сүйікті Пайғамбарымызды 
ортаға алып бүкіл мәдиналықтар бала-шаға, кәрі-құртаң - баршасы жеңімпаз 
сарбаздарды қарсы алуға шықты. Айқасқан құшақтарға, әдемі әзілге, 
қуаныштан жылағандарға айнала табиғат сүйсініп тұрғандай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет