Көшпенділер Алмас Қылыш



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/23
Дата02.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 
 
 
 
 
Әдеби KZ 
Көшпенділер 
Алмас Қылыш 
Ілияс Есенберлин 
11/5/2012 
 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Мазмұн 
Оқырмандарға сөз .................................................................................................................................... 2
 
Бірінші бөлім ............................................................................................................................................ 4
 
I .............................................................................................................................................................. 4
 
ІІ ........................................................................................................................................................... 49
 
*   *   *.............................................................................................................................................. 75
 
ІІІ.......................................................................................................................................................... 90
 
ІV ....................................................................................................................................................... 130
 
Екінші бөлім ......................................................................................................................................... 174
 
І .......................................................................................................................................................... 174
 
ІІ ......................................................................................................................................................... 213
 
ІІІ........................................................................................................................................................ 257
 
ІV ....................................................................................................................................................... 301
 
Эпилог ................................................................................................................................................... 339
 
 
 
 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
Оқырмандарға сөз 
Қымбатты достар! Сіздер Ілияс Есенберлиннің атақты «Көшпенділер» трилогиясын 
қолға алып отырсыздар. Кітап жалпы таралымы үш миллион данамен елу реттен 
аса шығарылып, қазірдің өзінде отыз тілге аударылса да, бұл жолғы басылымның 
тәуелсіз  Қазақстанның  қалыптасу  кезеңінде  алғаш  рет  жүзеге  асырылуы  назар 
аударарлық  оқиға  болып  отыр.  Осы  арқылы  аса  көрнекті  жазушының 
шығармашылығын  қастерлеушілер  мен  бағалаушыларға,  біздің  тарихымызды 
қымбат  көретін  барша  жұртшылыққа  бұл  шығармаға  жаңаша — ежелден 
азаттыққа  ұмтылып,  ұлттық  тәуелсіздік  үшін  ерлікпен  күрескен  қазақ  халқының 
жүзеге асқан арманы тұрғысынан қарауға мүмкіндік беріледі. 
Бүгінгі  таңда  трилогияны  қайта  оқи  отырып,  егемендік  алу  ісіне  біздің 
бабаларымыз  —  Әбілқайыр,  Абылай,  Кенесары  хандар,  Наурызбай,  Қобланды, 
Бөгенбай  батырлар,  Төле  би,  Асанқайғы,  Бұқар  жырау  сынды  даналар 
қаншалықты  зор  үлес  қосқанын  ерекше  түйсініп,  пайымдайсың...  Олар,  олардың 
серіктері мен ізбасарлары өз отанын шексіз сүйді, оның болашағына сенді, осынау 
көкейкесті мұратқа жету үшін аянбай күш-қайрат жұмсады. 
Трилогияның тағдырында да оны жаратушы, бірнеше мәрте жала мен жазалауға 
душар етілген адамның тағдырына ұқсастық бар. Идеологиялық және цензуралық 
талай  кедергілерден  өткен  соң,  тек  тәуелсіздік  жылдарында  ғана,  бұл  кітап  шын 
мәнінде қалың оқырман қауымның қолы жететін игілікке айналды. Атап айтқанда, 
ол  мектептердің  оқу  бағдарламасына  енгізілді,  ендігі  жерде  жастар  одан  рухани 
мықтылықтың,  адамгершілік  пен  отаншылдықтың  үлгісі  мен  тағылымына  мөлдір 
бұлақтан су ішкендей қана алады. 
Ал енді аға ұрпаққа келетін болсақ, кітапты қайталап оқып шыққаннан кейін олар 
өздері  осыдан  біраз  ғана  бұрын  байыбына  бара  алмастай  көрінген  көкейтесті 
сұрақтардың көпшілігіне жауап таба алады. Олардың ең бастысы, менің ойымша, 
жеке  және  ортақ  мүдделері  Үйлесім  тауып  біріккен  халық,  өзін  түлетіп  өсірген 
жерге  адал  берілген  халық  тауды  қопарып  тастауға,  ең  қиын  проблемаларды 
шешуге қабілетті екендігін түйсінуде болса керек. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
Кітап  шығару  ең  қиын  кезеңін  бастан  кешіріп  отырған  қазіргі  күнде,  Ілияс 
Есенберлиннің  шебер  қатталып,  талғампаздықпен  безендірілген  трилогиясы 
жарық  көруінің  өзі  тәнті  етеді.  Бұл  көп  ретте  «Қазақойл»  ұлттық  мұнай 
компаниясында, 
қазақтың 
«Астана-моторс» 
компаниясында, 
«Эксон» 
компаниясының  Қазақстан  өкілдігінде  жұмыс  істейтін  адамдардың  өнер  мен 
тарихқа  немқұрайды  қарай  алмай,  оған  іңкәрлік  білдіруінің  арқасында  мүмкін 
болды. 
Мен оларға шын жүректен ризалығымды айтамын. 
Ал қымбатты оқырмандар, сіздерге болса, «Көшпенділердің» беттерімен қызықты 
әрі пайдалы саяхат жасауға тілектестік білдіремін. 
 
 
Қазақстан Республикасының Президенті 
 
Нұрсұлтан Назарбаев                     
 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
Бірінші бөлім 
 

Ажал — үстемдігіңді жүргізудің ең берік құралы емес пе? 
Бабасы  Шыңғысхан  бүкіл  әлемді  осы  ажал  арқылы  бағындырмақ  болған  жоқ 
па еді? 
 
Қара  бұқараны  өліммен  әлдилеуден  Шыңғыс  ұрпағынан  шыққан  қай  хан 
тартынған?» 
 
Әбілқайыр ірбіз 
1
 терісінің үстінде аунап түсті. 
 
«Иә, өлім себу — Шыңғыс бабаның ұлы саясаты. Ол өзінің бүкіл әлемді жаулап 
алам деп жинаған жау жүрек ератын 
2
 да осы өліммен қорқытып ұстаған жоқ па?.. 
Иә, иә, сөйткен еді ғой. Қалай делінген еді сол бір тәртіп Ясысында?» 
 
Әбілқайыр  көзін  жұмды.  Жақында  ғана  фарсы  тіліне  аударылған.  Шыңғыс 
бабасының  әмірі  жүріп  тұрған  кезінде  Қарақұрымда  болған  италиялық  бір 
жиһанкез  жолаушының  жазған  кітабының  әрбір  әрпі  бақандай  боп  көз  алдында 
тұра қалды. Әбілқайыр ернін жыбырлатып оқи бастады: «Монғол әскері жайында. 
Шыңғысхан  он  адам  бір  адамға  бағынсын  деп  бұйырған  (біздіңше  оны  онбасы 
дейді),  ал  ол  онбасы  бір  жүзбасыға  бас  иген.  Он  жүзбасының  үстінен    бір  адам 
қараған. Оны мыңбасы деген. Бар әскерінің басына үш ноян  қойған. Бұл үш ноян 
барып  бір  қолбасшыға  тізе  бүккен».  Әбілқайыр  сәл  көзін  ашты.  Ең  қызығы  ар 
жағы... Ол қайтадан оқи түсті: 
 
«Егер ұрыс кезінде осы он адамның біреуі, не екеуі, үшеуі, тіпті одан көбі кейін 
қашар  болса,  олар  өлтіріледі,  ал  жүздіктің  өзгелері  қозғалмай,  әлгі  он  адам  бәрі 
бірдей кейін шегінсе бәрі де жойылады: қысқасын айтқанда, бәрі бірге шегінбесе, 
өз бетімен шегінгеннің бәрі тегіс өлтіріледі. Осы айтқандай, он адамның бір-екеуі 
жауға қарсы ұмтылып, өзгелері тұрып қалса, тұрып қалғандар тегіс құртылады. Ал, 
                                                 
1
 І р б і з — ескі түркі тілі — леопард. 
2
 Е р а т — ескі түркі тілі — әскер деген мағынада. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
осы  онның  біреуі,  не  одан  көбі  тұтқынға  түсіп,  өзге  жолдастары,  оларды 
құтқармаса,  құтқармағандардың  бәрі  де  өлтіріледі».  Әбілқайыр  қайтадан  ойға 
кетті.  «Шыңғыстың  қай  ұрпағын  ойлаған  мақсатынан  басқаның  тағдыры 
тоқтатқаны  бар?  Тоқтатып  көрген  емес.  Ондай  оқиға  панднамада  да 
1
   келтірілмейді.  Тақтағы  хан  да,  алтын  табақтағы  жылан  да  бір.  Тием  дегенді 
шағып  алуға  тиісті.  Бабамыз  салған  қанды-жосықты  жол  бар.  Сол  жолдың  сүреңі 
емес  пе  біз  келе  жатқан?  Қара  қазақ  түгіл,  әлем  қожасы  Шыңғысханның  ұрпағы 
бірін-бірі аяп көрмеген. Мөңке  ханның бір өзінің істегені неге тұрады?». 
 
Шыңғысханның  төрт  ұлы  болған.  Жошы,  Жағатай,  Үгедей,  Төле.  Төртеуі  әлем 
қожасы  Шыңғысхан  жаулап  алған  жерді  төрт  ұлысқа  бөліп,  әрқайсысы  бір-бір 
ұлыстан басқарған. 
 
Шыңғысхан  өлісімен  әлем  қожасының  төрт  ұлының  арасында  жанжал 
басталған.  Жанжал  Шыңғыс  ордасы  —  Қарақұрым  Ұлы  тағын  кім  иеленедіден 
шығды да, аяғы ұлыс арасындағы жер, атақ, бақ тартысына айналады. Жошы мен 
Төле ұрпағы бір жақ, Үгедей мен Жағатай ұрпағы екінші жақ. Шыңғысхан өлгеннен 
кейін  Қарақұрым  тағына  Үгедей  отырады.  Үгедейден  кейін  ұлы  хан  оның  баласы 
Күйік  болады.  Күйіктен  кейін  Жошының  екінші  ұлы  —  Алтын  Орданың  алғашқы 
ханы, атақты Батудың арқасында қазақтар Мөңке деп атап кеткен, Төленің үлкен 
баласы  Меңгу  Қарақұрымға  хан  сайланады.  Мөңкені  хан  сайларда,  өздерінің 
күшінің  жетпейтінін  білген  Үгедей  мен  Жағатайдың  балалары  толып  жатқан 
сылтау тауып, ұлы құрылтайға келмей қалады. 
 
Тек  бір  жыл  өткеннен  кейін,  Мөңкенің  ызбарынан  сескеніп,  Үгедей, 
Жағатайдан  тараған  бір  топ  сұлтандар  хан  тағына  құтты  болсын  айтқалы  келеді. 
Хан оларды үлкен қошаметпен қарсы алады, атағат көрсетеді, бірақ түбінде менің 
ұрпақтарыммен  хан  тағына  таласатын  осылар  болар  деп,  барлығын  бір  түнде 
қырғызып тастайды. 
                                                 
1
 П а н д н а м а — хандарға, ел басқаратын сұлтандарға арналған насихат кітабы (ескі түркі тілі). 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Бір  мың  үш  жүз  қырық  екінші  жылы  Батудың  ұрпағы  Алтын  Орданы  ісләм 
дініне  бағындырған  Өзбек  хан  өлді.  Содан  кейін  Дәшті  Қыпшақ  жеріндегі  осы 
ханның атымен атала бастаған Өзбек ордасының тағына бір мың төрт жүз жиырма 
жетінші жылы Әбілқайыр ие болды. Бұл Жошының бесінші ұлы Сайбаннан тараған 
Дәулет-Шайхы сұлтанның баласы. Қазір оның Мөңке жолы деп отырғаны жоғарғы 
айтылған  Мөңке  ханның  қанды  оқиғасы.  Расында  да  бұл  қанды  оқиға  Шыңғыс 
ұрпақтарына белгілі сара жолға айналған. 
 
Әбілқайыр  теріс  бұрылып  түсті.  «Мөңкеден  кейін  де  бұл  қанды  жанжал 
өршелене түскен жоқ па еді? Иә, сөйтті ғой». 
 
Мөңке өлгеннен кейін Шыңғыстан туған төрт ұл ұрпағы төрт дара болып кетеді. 
«Талас  тек  Шыңғыстан  туған  төрт  ұл  ұрпақтарының  арасында  болып  қойды  ма? 
Жошыдан  туған  балаларының  арасының  өзі  де  сан  алуан  қанды  оқиғаларға 
айналған  жоқ  па?»  Әбілқайыр  ауыр  күрсінді.  «Иә,  Шыңғысханнан  кейін  бүкіл 
әлемге  аты  шыққан  Жошының  ұлы  Батухан  мен  Төленің  балалары  Құбылай  мен 
Құлағу болды... 
 
Батухан мен Құлағу бірігіп, Үгедей мен Жағатайдың ұрпақтарына қарсы шықты. 
Бірақ өздерінің арасы немен бітті? Екі қошқардың басы бір қазанға сыя ма? Егер 
әлем  тоқты  болса,  бұл  екеуі  көкжал  қасқырлар  еді  ғой,  таласпай-тартыспай  қос 
арлан  қалай  қисын  орталарындағы  жылы-жұмсақ  бағланды?  Түбі  екеуінің  жолы 
екі бөлінуге тура келді емес пе...» 
 
Әбілқайыр  тағы  күрсінді.  Кенет  оның  көз  алдында,  дәл  бүгінгідей,  сонау  бір 
бабалар жыр қылған қанды оқиғалар елестей жөнелді. 
 
Бір  мың  екі  жүз  отыз  бесінші  жылы,  яғни  Мешін  жылы,  Қарақұрымға 
бағынышты елге жар салып Үгедей бүкіл Шыңғыс ұрпағын жиды. Осы құрылтайда 
бүкіл Батысты жаулап алу мәселесі шешілді. 
 
Міне, Батысқа қарай лек-лек боп монғол әскері аттанып бара жатыр. Бұны елу 
жылдық  жаугершілік  өмірінде  жеңілуді  білмеген  Сүбітай  баһадур  мен  жиырма 
сегіз  жасар  Батухан  басқарып  келеді...  Бұлардың  мінгендері  кәкір-шүкір  тай-тұяқ 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
емес,  он  күн  желіске  шыдай  алар  аласа  бойлы,  тоқпақ  жалды,  құшақ  құйрықты, 
кілең  сайгүлік  шабысты  жылқы.  Үстерінде  сауытты,  жалпақ  бет,  сығыр  көз  ноян, 
баһадурлар.  Аттарына  да  тізелеріне  дейін  сауыт  жабылған.  Екі  жағында  жебеге 
толған  екі-үш  қорамса,  белдерінде  қисық  жүзді  қылыш  пен  ұзын  сапты  айбалта, 
қамал  бұзатын  тас  атқыштарды  сүйреу  үшін  ер  қасына  байлап  алған  жуандығы 
білектей  қыл  арқан.  Әрқайсысында  кем  дегенде  екі  садақтан.  Кейбір  көрікті 
киінгендердің  тақымдарында  бір  жақ  ұшы  пышақтай  өткір  найза.  Жеберлерінің 
ұшы  екі  жүзді  қанжардай  өткір,  сүйір.  Ысылдап  келіп  қадалса,  егер  тәнің  тастан 
жаралмаса,  ар  жағынан  бір-ақ  өтері  хақ.  Белге    байланған  қорамсалар,  қазақ 
батырларыныкіндей  емес,  талдан  иіп  тоқылған.  Жауынгерлерінің  басына  киген 
темір, қола дулығалары анадайдан күнге шағылысып жарқ-жұрқ етеді. 
 
Лек-лек  боп,  борт-борт  желген  қалың  қосынның  будақтатқан  шаңы  алыстан 
жер бетінен көтерілген бұлт тәрізді. 
 
Батысты алуға бұл жолы аттанған әскер үш жүз мың! Үш лек қол! Айбарлы да, 
сұсты да! Кім, оған шыдай алар! Иә, шыдай алған жоқ. 
 
Сол бір жыл күн тұтылған бір мың екі жүз отыз алтыншы жылы еді ғой. Батухан 
бастаған қалың қол жаздың аяқ кезінде Еділ бойындағы бұлғарлардың астанасын 
алды.  Үш  жылдың  ішінде  Бату  әскері  Рязань,  Владимир,  Суздаль,  Киевті  шауып 
Батысқа  жол  ашылды.  Қан  судай  ақты.  Жанған  қала,  жылаған  бала. 
«Шыңғысхан!»,  «Батухан!»,  «Сүбітай  баһадур!»  аттары  әлемді  түршіктірді.  Бату 
әскерінің  алдында  Европа  мемлекеттерінің  бай  өлкелері  қалды.  Монғолдың 
ақтангер тапал жылқысының тұяғы енді Польша, чехтар мен мадиярлардың жерін 
басты. Алдарынан Адриат теңізінің жағасын жайлаған тағы славян елдері көрінді. 
 
Батухан ол араларға да жетер ме еді, қайтер еді, дәл осы кезде яғни бір мың 
екі  жүз  қырық  бірінші,  Доңыз  жылы ұлы  хан Үгедей  өлді  деген  хабар  келді. Бату 
кейін  қайтты.  Бөтен  елдерді  алу  қуанышынан  Қарақұрымдағы  Шыңғыс  тағына 
кімнің отыру қаупі күшті болды. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Ұлы таққа Күйік отырды. Енді біріне-бірі қас қос бөрінің арасы алыстай берді. 
Бірі «Ұлы Орданың  ханымын» деп көкірек көрсеткісі келсе, екіншісі туы аспанда 
желбіреген Алтын Орданың айбынын алдынан кес-кестей тартты.  Батухан Күйіктің 
бұйрықтарын  жалпы  тыңдағанмен,  кейде  сылтау  тауып  орындамай  қоюды  да 
шығарған. 
 
Бұндай  жағдайда  үш  жыл  шыдаған  Күйік  төртінші  жылы  қалың  қосынмен 
Тарбағатай  тауынан  түсіп,  Алтын  Ордаға  қарай  бет  алған.  Осындай  жанжалды 
күтіп отырған Бату да су жүректік көрсетпеген. 
 
Еділ  өзенінің  сағасындағы  Алтын  Орда  астанасы  Сарай  қаласынан  «Сары- 
арқадағы  елімді  көремін»  деген  сылтаумен  он  түмен  қолмен  Күйікке  қарсы 
жүрген. 
 
Қалың  қол  екі  жақтан  таяй  берді.  Күйік  пен  Бату  алыстан  айбат  көрсетіп, 
аяқтарымен  жер  қопарып  сүзісуге  келе  жатқан  екі  бұқа  тәрізді.  «Қайсысының 
мүйізі  сынбақ?  Ал  сынбаса  қайсысының  мүйізі  мұқалып,  намысқа  шыдай  алмай 
қан қақсап сырқырамақ?». 
 
Бүкіл Шыңғыс әулеті болып демін ішіне тарта күтті. Бірақ заңғар мүйіздер сарт-
сұрт  ұрысқан  жоқ.  Күтпеген  жерден  жол-жөнекей  Күйік  екі  күн  ауырып  қаза 
тапты... 
 
Әбілқайыр  езу  тартып  күлімсіреді.  «Иә,  Күйік  жоқ  жерден  о  дүниеге  сапар 
салды.  Бірақ  қандай  аурудан  кеткенін  әлі  күнге  дейін  тірі  жан  айта  алмайды. 
Әлде... О да ғажап емес. Егерде жауыңды жеңер найзаның ұшынан басқа да жол 
таба  алсаң,  несі  айып?  Жоқ,  жоқ,  Шыңғыс  бөрілері  кісі  өлімінен  сескеніп  көрген 
емес.  Ал  сонда  өзінікі  не?  Бір  қара  қазақты  өлім  жазасына  қия  салуға  неге 
осыншама  қиналады?  Бұл  не,  қорқақтығы  ма,  әлде  кәріліктің  алды  боп, 
табанының бүрі кете бастағаны ма? Жоқ, жоқ, екеуі де емес, бұл жағдайды оңай 
шешуге болмайды. Мұнда ойланатын кәп көп...» 
 
«Өлім! Керек жерінде, Жошы тұқымы да екі қолын қанға бояп шыға келері хақ. 
Оған сонау Бату ұрпағының істері куә». 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
«Иә,  иә,  Күйік  өлгеннен  төрт  жылдан  кейін,  Батуханның  өзі  де  дүние  салды. 
Бірақ  Ұлы  Орда  ханы  етіп  Төленің  үлкен  ұлы,  өзінің  үзеңгілес  серігі    Мөңкені 
отырғызып кетті. Ал Бату өлгеннің ертеңіне-ақ Алтын Орда тағына талас басталған 
жоқ  па  еді...  Бұл  талас  та  қандай  қанды  оқиғаларға  апарып  соқпады!  Ақыры 
қайыңды құртқан түнгі ағаш жегі көбелектей Батудың бар ұрпағын жойып тынды». 
 
Шыңғысхан  заңы  бойынша  хан  өлсе  оның  орнын  үлкен  ұлы  басуы  керек. 
Батудың  төрт  ұлы  болған-ды.  Сартақ,  Тұхухан,  Аюхан,  Ұлақшы.  Алтын  Ордаға 
Сартақ ие болуға тиісті еді. Насрани 
1
  дініне кіргені болмаса, өткір, от жүректі жас 
екен.  Және  оны  Мөңке  хан  да  ұнатқан  көрінеді.  Бірақ  Алтын  Орданы  оған 
Жошының  үшінші  баласы  Берке  қиғысы  келмейді.  Берке  Батудың  тірі  күнінде 
көзге түскен хан ұрпағы. Мұсылман дініне кіріп, Бағдаттағы Аббасид халифатының 
осы  кездегі  халифы  Мµстасимнан  шапан  киіп,  тартуға  құран  алған  адам. 
Мөңкеден  Алтын  Орда  тағына  отыруға  рұқсат  алуға  Сартақ  Қарақұрымға  жүріп 
кеткенде,  осы  Берке  мойнына  бұршақ  салып  «Уә,  алла,  бар  болсаң  Сартақты 
Қарақұрымға жеткізбей ал!» деп көзінен жасы сорғалап, нәр татпай, екі күн бойы 
құдайдан  тілейді.  Сартақ  сұлтан  жол  үстінде  іш  ауруға  ұшырап,  қаза  табады. 
Сартаққа  келген  құдай  жіберген  ажал  ма,  әлде  Беркенің  тапсыруымен  сұлтанды 
күзетіп  бара  жатқан  кісілердің  біреуінің  берген  уы  ма,  бұны  да  осы  күнге  дейін 
білген жан жоқ... 
 
Әбілқайыр  миығынан  күлді.  Жайшылықта  шыбын  өлімі  құрлы  көрмейтін  әлгі 
бір  қара  қазаққа  айтылмақ  өлім  үкімі  миынан  шықпай  қойғанына  күлді.  «Жошы 
ұрпағына  адам  тағдыры  қашан  хан  шеше  алмас  жұмбақ  болған?  Жоқ,    бір  ғана 
Жошы ұрпағы емес, бір әке, бір шешеден туған сұлтандар да бірін-бірі бауыздап 
жатпайтын ба еді?» 
 
Иә, Берке хан болды... Ал бір мың екі жүз алпыс алтыншы жылы Берке дүние 
салысыменен Алтын Орда тағы қайтадан Батуханның ұрпағына қайтқан. Бірақ Бату 
ұрпағы Алтын Ордаға жеті атасынан асып хан бола алмады. Бір мың екі жүз тоқсан 
                                                 
1
 Н а с р а н и д і н і — несториан діні. 

10 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
бесінші жылдан бір мың үш жүз он екінші жылға дейін тақта отырған Тоқтағудан 
кейін  Батудың  немересі,  Аюханнан  туған  Өзбек  хан  өлгеннен  соң  Алтын  Орда 
тағына  Өзбектің  баласы  Жәнібек  отырды.  Осы  әз  Жәнібек  ханды  қараңғы  түнде 
туған баласы Бердібек өз қолынан бауыздап,  хан тағына жетті. Бірақ Бердібек құр 
әкесін  өлтіріп  қана  қоймады.  Алтын  Орда  тағынан  дәметер  деп,  бір  жазда  ат 
жалын  тартып  мінер  аға-інісін  тегіс  өлтірді.  Абат  елді  ала  айран  етті.  Әйтсе  де 
меншіктенген алтын тақ оған да құтты болмады. Таққа отырғанына екі жыл өтер-
өтпестен,  қастасқан  туыстары  оның  өзін  бауыздап  өлтірді.  Халық  арасына  тарап 
кеткен  «Нар  мойны  кесілген,  Бердібек  хан  өлген  кез»  деген  мәтелдің  аңысы 
содан.  Міне,  осы  Бердібек    ханның  өлуімен  бірге  Бату  ұрпағының  Алтын  Ордаға 
хан болуы да біткен 
 
Әбілқайыр осы оқиғаларды біраз ойлап отырды да, орнынан  түрегеліп терезе 
алдына  барды.  Бірақ  бірінен  соң  бірі  тізбектелген  ауыр  ойлар,  соңынан  ерген 
жетім күшіктей, қалмай қойды. 
 
«Алтын  Орда  хандығына  талас  Батухан  ұрпақтарының  арасында  біткенмен, 
Жошының өзге балаларының үрім-бұтақтарының ішінде бітті ме?» Дәшті Қыпшақ 
ханы тағы да ауыр күрсінді. 
 
«Жошыдан қырық ұл, он жеті қыз туған екен. Әрқайсысы бір ұлыс, әттең ауыз 
бірліктері болмады. Алтын Орда ханы боламыз деп қырық пышақ боп қырылысты 
ғой бәрі. Соның ішінде тек Бату ұрпағы ғана үстем болып келді. Егерде Жошының 
үлкен  баласы  Орда  Батудай  азулы  жаратылғанда  көкек  әні  басқа  түрде  айтылар 
еді.  Әйткенмен  Орда  ұрпағының  бозөкпе  болғаны  теріс  тимеді.  Міне  енді, 
Бердібек  сұмның  қанды  қолы  арқылы  Бату  ұрпағынан  бақ  құсы  ұшып  еді,  Алтын 
Орда өзгемізге қалған жоқ па? 
 
Рас, Алтын Ордадағы Сайбан ұрпағы кешірек хан бола бастады. Ал, Жошының 
он үшінші баласы Тоқай Темір ұрпағы бесінші буынында, Ақсақ Темір көрегенмен 
алысып өткен Орыс ханның кезінен-ақ бауыр басты. 
 
Игіліктің ерте-кеші жоқ, тек арты қайырлы болсын. 

11 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Әбілқайыр қабағы қарс жабылып кетті. Оның сұлу мұртты ағайраң түрінде бір 
орасан  қобалжу  сезілді.  Ханның  бүйтіп  жан-жағына  үрке  қарап,  көңіл  күйінің 
өзгере қалуының аужайы көп еді. 
 
Қос қолы қызыл қанға боялғанына қарамай, он жеті жасар Әбілқайырды азулы 
тілектестері  Дәшті  Қыпшаққа  хан  етіп  ақ  кигізге  көтерді.  Бақ  құсы  басына  қонып, 
ақ  түйенің  қарны  жарылды.  Бірақ  адамның  бағы  көтерілген  сайын,  жауы  да 
көбейеді. Бұған Жошының өзге ұрпақтарының арасындағы көкіректерін ежелден 
жегідей жеп келе жатқан бақ күндестік, ел билеуліктен  туған талас кеселдерінен 
басқа бөтен де себептер қосылған. 
 
Біз әңгіме етіп отырған бір мың төрт жүз елу алтыншы жылы осы талас жарға 
тіреліп тасығалы тұрған өзендей шеңберіне әбден жеткен кезі еді. Әбілқайырдың 
сескенетін жауы екеу: бірі — Орыс ханнан туған Құйыршық ханның баласы Барақ 
ұлы Жәнібек пен оның үш аталас туысы Керей. Екіншісі өзінің аталасы Мақмүдек 
ханнан туған Ходжа Мұхамед ханның баласы Абақ. Бұл да құр сұлтан емес, Алтын 
Орда  мен  Ақ  Ордаға  ие  болған  хан  тұқымдары.  Әсіресе  Орыс  ханның  ұрпақтары 
қауіпті.  Жәнібек  пен  Керейдің  құр  өздері  ғана  емес,  арттарында  әрқайсысы  бір 
түменге  қолбасшы  бола  алар  қасқырдың  бөлтірігіндей  сегізден  ұлдары  тұр. 
Әсіресе  жас  болса  да  Жәнібектің  ұлы Қасымның,  Керейдің  баласы  Бұрындықтың 
аяқ  алыстары  бөлек.  Бұлары  да  ештеңе  емес,  Жәнібек  пен  Керейден  сескенер 
басқа  да  қаупі  бар.  Көк  Орда  тірегі,  Әбілқайырдың  оң  қолы  Қыпшақ  болса, 
Жәнібек  пен  Керейдің  сүйенері  Арғын.  Арғын  жүрген  жерде  Қоңырат,  Найман, 
Керей, Уақ, Тарақты да үзеңгілесе кетеді. 
 
Ал,  ақиқатына  келсек  жанжал  түбі  әріде  жатыр.  Бұл  мезгіл  сонау  Соғды  жері 
мен  Еділ  өзенінің  жағасына  дейін  Ұлы  Дәшті  Қыпшақ  даласын  жайлаған  түркі 
тұқымдас  елдердің  екіге  бөліне  бастаған  шағы  еді.  Шаруашылығына  қарай, 
Мауреннахр  деп  аталатын  Жейхұн 
1
   мен  Сейхұн 
2
   дарияларының  ортасында 
тұратын  түркі  руларының  көбі  Күншығыс  —  Оңтүстігіндегі,  түбі  көшпелі 
                                                 
1
 Ж е й х ұ н — Амудария. 
2
 С е й х ұ н — Сырдария. 

12 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал