Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


Зекеттің парыз болуы туралы



Pdf көрінісі
бет156/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   273
Зекеттің парыз болуы туралы 
Зекет те хижреттің екінші жылында рамазандағы ораза-парыз, пітір - 
уәжіп етілгеннен соң парыз болды. 
Зекет - ауқатты мұсылмандардың жыл сайын мал-мүлкінің белгілі бір 
мөлшерін садақа ниетімен мұқтаждарға Аллаһ ризалығы үшін беретін 
ғибадаттың бір түрі. 


238
Зекет - Исламның бес шартының біреуі. Құран Кәрімде нұр сүресінің - 
елу алтыншы, Мүзәммил сүресінің - жиырмасыншы, Хаж сүресінің - жетпіс 
сегізінші, Бақара сүресінің - жүз оныншы аяттарында зекет беру жайы 
баяндалады. Сондай-ақ Алланың кітабында 32 рет намазбен бірге аталған. 
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) бір хадисінде былай делінеді: 
"Күнде таңертең екі періште көктен түсіп, бірі "Уа, Раббым! Зекеті мен 
садақасын 
беріп, 
дүние 
дәулетін 
(Аллаһ 
ризалығы 
жолында) 
жұмсағандардың, шығындарының орнын толтыр!" - десе, екіншісі "Уа, 
Раббым! Зекет пен садақа берместен байлығынан шашау шығармай сараңдық 
жасағандардың дүниесін талан-таражға сал!" - дейді." 
Рұққияның өлімі 
Аллаһ елшісі Мұхаммедтің (с.а.у.) қызы Рұққия Бәдір шайқасы тұсында 
қатты сырқаттанған-ды. Хазіреті Рұққияның құдай қосқан қосағы Хазіреті 
Осман пайғамбарымыздың рұқсатымен науқастың қасында қалып, Бәдірге 
қатыспаған. Хазіреті Зәйд ибн Хариса мүшріктердің жеңілгенін айтып, 
Мәдинаға сүйінші сұрай келгенде Рұққияның өлімінің үстінен түседі. 
Рұққияны Үммү Әймен жуындырып, жаназасын жан жары Осман шығарады. 
Хазіреті Рұққия Бақи зиратына жерленеді. 
Рұққия Аллаһ Расулының Зейнептен кейінгі қызы. Ол дүниеге 
келгенде Пайғамбарымыз отыз үш жаста екен. Аяулы анасы Хадишаның 
айтуымен иман келтіріп, мұсылмандықты қабылдаған. Кейіннен Хазіреті 
Османмен шаңырақ көтеріп, отбасымен бейтаныс өлке Хабашстанға дінін 
сақтау үшін алғаш көшкен батыл әйел. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) сол 
көш тұсында былай деген: "Лұт пайғамбардан кейін Аллаһ жолында 
отбасымен бірге елінен көшкендердің көшін бастаған - Хазіреті Осман». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет