Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет171/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   273
"Мұхаммед өлтірілді" 
Мусаб ибн Үмәйір сауытын киіп сайланған шақта Пайғамбарымызға 
(с.а.у.) қатты ұқсайтын. Ибни Қалша Хазіреті Мусабты өлтіргенде 
Расулаллакгы өлтірдім деп ойлаған. Сол оймен мүшріктерге жетіп барып: 
"Мұхаммедті өлтірдім" деп "сүйіншіледі". 
Мүшріктер мәз-мейрам болысты. Біреуі тіпті тау басына шығып алып: 
"Мұхаммед өлтірілді!"-деп айқайға басты. 
Мұны естіген мұсылмандар қанаттары қайырылғандай қайғылы күйге 
енді. Мұсылмандар көңілдері пәсейіп, кейін шегіне бастады. Майдан шебін 


256
тастап шыққандар да, дұшпан әскері деп өз бауырларын соққыға жыққандар 
да болды. 
Мүшріктің байбаламына сенбеген мужаһидтер Расулаллаһты (с.а.у.) 
іздей бастады. Хазіреті Әли қарсы келген жауын жапыра жүріп пайғамбарды 
іздеді. Майдан шебіндегі мужаһидтердің ендігі жалғыз тілегі - Хазіреті 
Мұхаммедті табу еді. 
Сол мезетте көңілдерге су сепкен дауыс естілді: "Уа, бауырлар! 
Сүйінші, әне Расулаллаһ!". Дауыс Ка'б ибн Маликтікі еді... 
Ол Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) мүбәрак көздерінен таныған-ды. 
Мұсылмандарға айқайлап тұрып, қолымен Расулаллаһтың тұрған жерін 
нұсқаған. 
Пайғамбарымыз қай жерде екенін дұшпанның білгенін қаламаған 
мұсылмандарғ сүйінші хабарды жеткізуші Ка'бқа қолымен ымдап: "Тыныш, 
айқайлама!"- деп белгі берді. 
Расулалламың өлгені жайында хабардың бос әңгіме екені түсінікті 
болды. Жауынгер сахабалар жапа-тармағай пайғамбар қолбасшыға қарай 
жүгірісті. Оны қоршай тұрды... Ендігі жерде бәрінің жалғыз мақсаты - 
Хазіреті Расулаллаһты көздің қарашығындай қорғау! Мақсаттары орындалды 
да. 
Жаужүрек Несібе 
Үммү Умара Несібе бинт Ка'б... Осынау жаужүрек әйел күйеуі және екі 
ұлымен бірге мужаһидтер сапында Ухудқа келген еді. Жолдасы мен 
балалары мүшріктермен шайқасса, өзі жаралы мұсылмандарға көмектесті
азық, су тасуға жарармын деген... Ұрыс алаңында алмағайып оқиғалар 
болып, мужаһидтер бытырап, Расулаллаһтың айналасында санаулы әскердің 
қалғанын көрген қаһарман Несібе Пайғамбарымызды қорғауға ұмтылды. 
Қылышын сілтеп, жебе тартып ашық айқасқа кірісті. Ауыр жарақаттанғанына 
қарамастан Аллаһ Расулына мүшріктерді маңайлатпай қуумен болды. Аллаһ 
Елшісі біресе оңына, біресе солына шығып жан-дәрмен шайқасқан жаужүрек 
әйелге қарап: 
"Уа, Үммү Умара! Сенің көргеніңе, сенің шыдас бергеніңе басқа адам 
төзе алмас еді",- деген. 
Пайғамбарымыз Несібе ханымның иығынан сорғалаған қанды көріп 
оның ұлы Абдуллаһқа: 
"Жылдам анаңның жарасын таңып бер! Әкеңдікі де солай. Сенің орның 
да ерекше. Аллаһ сендердің отбасыларыңа мейірім-шапағат көрсетсін",-деп 
дұға етті. 
Иманнан күш алған Несібе ұрыстан шегінбеген күйі: 
"Уа, Аллаһтың сүйіктісі! Аллаһтан тілек тіле, бізді жәнатта сенімен 
көрші етсін",-деп өтінді. 
Аллаһ Елшісі: "Уа, Аллаһым! Бұларды жәннатта маған қоңсы әрі 
жолдас ет!"-деп бата жасады. 
Несібенің қуанышында шек жоқ. 


257
"Жалған дүниеде нендей қиыншылық көрсем де ендігі жерде бәрібір. 
Маған осы дұға жеткілікті!"-деп Аллаһқа, Оның Елшісіне сүйіспеншілігін 
тағы да паш етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет