Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


АЛЛАҺ ЖОЛЫНДАҒЫ АЗАП ТА ТӘТТІ



Pdf көрінісі
бет63/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

АЛЛАҺ ЖОЛЫНДАҒЫ АЗАП ТА ТӘТТІ 
Хаббаб ибн Әрат - Исламның қас дұшпаны Үммү Аммар деген әйелдің 
құлы, темірден түйін түйген ұста. Көбінесе қару-жарақ, қылыш жасайтын. 
Пайғамбарымызбен бұрыннан кездесіп, сөйлесіп тұратын. 
Пайғамбарымыз Дарул-Әркамға
(Меккеде ең алғашқы мұсылмандар медресесі болған үй. 
Әркам ибн Әбил Әркам есімді сахабаның үйі.)
орналасардан аз уақыт бұрын өз еркімен 
мұсылмандықты қабылдаған... 
Ол кезде мұсылмандықты қабылдап, оны естірту өлімге бас тігумен 
барабар... Соған қарамастан Хаббаб батыл түрде Исламға мойынсұнғанын 
айналасындағыларға білдірді. 


103
Құрайыш мүшріктері бұл хабар құлақтарына жетер-жетпесте Хаббабты 
ұстап алып, азаптай бастады... Әсіресе, оның қожайыны Үммү Аммар 
жынданып кетуге шақ қалған. Құлын тұтқындап, қол-аяғын байлап-матап, 
отқа қыздырылған темірмен бас терісін күйдіруді бұйырды. Хазіреті Хаббаб 
бұған дейін күнкөріс көзі болып келген сүйікті кәсібінің құрбаны болды. 
Ыстық темірмен құйқасын күйдірген сайын көңіліндегі иман шоғы маздай 
түсті. 
Мүшріктердің құтыра түскенін көрген ол басына келген ит қорлықты 
пайғамбарға айтып, шағымдануға мәжбүр еді. Одан көмектесуін өтінді. 
Хазіреті Мұхаммед сол жерде: 
"Ей, құдіретті Жаратқан Ием! Хаббабқа жар бол!" - деп дұға етті. 
Осы дұғадан соң аяусыз жау Үммү Аммар айықпас дертке шалдықты, 
жанын жегідей жеген бас ауруынан құтылудың амалын іздеп шарқ ұрды. 
Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Ең соңында сырқатынан арылудың 
бірден-бір жолы - бас құйқасына қыздырылған темір күйдіріп басу екендігін 
естиді. Жан деген тәтті емес пе, мәжбүрліктен бас терісін күйдіруге келіседі, 
бұл іс темір ұстасы - Хазіреті Хаббабқа тапсырылады. Біреуге ор қазба, өзің 
түсесің деген осы да... 
Мейірімнен мақұрым мүшріктер бір күні тағы да Хаббабты ұстап алып, 
көз алдында от жағады. Сөйтеді де оны маздаған шоқтың үстіне жатқызып
кеудесінен аяқтарымен басып тұрып, әбден қинайды. 
Қанша қиыншылық көрсе де Хазіреті Хаббаб дінінен бас тартпай, 
керісінше, Аллаһқа, Расулаллаһқа деген сүйіспеншілігі арта түсті. Ол құл 
болатын, мүшріктермен тайталасуға дәрменсіз еді. Өзіне жасалған қиянатты 
Аллаһ Расулына баяндағаннан басқа шарасы жоқ-ты. 
Бір күні Аллаһ елшісіне: "Ей, Аллаһтың расулы! Азаптан арылуымыз 
үшін Жаратқанға жалбарынып көрсеңіз қайтеді?" - деді. 
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) ғибратқа толы мына хабарды жеткізді: 
"Сіздерден бұрын келген үмметтер ішінде дініне берік адамдар болды. 
Олардың терісін тіліп, етін темір тарақпен тарап, сүйегінен айырғанда да 
қыңқ деместен, Аллаһтың бірлігін айтып, жанталасатын. Кәдімгі арамен 
аралап, денесін екіге бөлгенде де олар Жаратушыға берген сертінен 
таймаған. 
Аллаһ күндердің күнінде бұл істі де (Исламиятты) тамамдайды да, 
барлық діндерден жоғары қояды. Ұзақ жолға шыққан жолаушы Аллаһтан 
басқа ешкімнен қорықпайтын, малына қасқыр түспесе басқа ешкімнен 
сескенбейтін күндер туады. Сендер болсаңдар, асығыстық жасайсыңдар." 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет