Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет254/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   276
НӘЖАШИДІҢ ӨЛІМІ
Рәжәп айы. Хазіреті Расулаллаһ бір топ сахабасымен әңгіме-дүкен 
құрып отырған. 
Кенет орнынан ұшып тұрды да: 
"Осы сәтте сіздердің діндес, бауырларыңыз дүниеден өтті. Тез жаназа 
намазға тұрыңдар", - деді. 
Сахабалар сұрақ қоймастан Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) ұйып тілеулес 
бауырларының жаназасын шығарады, яғни мәйіт жоқ жерде жаназа шығарып 
ғайып намазын оқиды. 
Намаз аяқталғанда Аллаһ Елшісі (с.а.у.): "Ниеттес бауырларыңыз 
Нәжаши Асхаманың біліп-білмей жасаған күнәлары үшін Аллаһтан кешірім 
тілеп, игі дұға бағыштаңыздар", - деді. 
Сонда барып сахабалар Хабашстан билеушісі Асхаманың о дүниелік 
болғанын түсінді. 
Асхама хижреттің жетінші жылында мұсылман елшілердің уағызымен 
муминдер санына қосылған-ды. 
ТӘБҮК - СОҢҒЫ ЖОРЫҚ
Хижреттің тоғызыншы жылында Ислам діні Арабстанда кең жайылды. 
Мәдинаға өз еркімен келіп, ру тайпа өкілдері Расулаллаһпен жүздесіп, 
имандылықты үйретуді өтініп жатты. Ислам тарихында бақытты ғасыр 
атанған жетінші ғасырдың ең жемісті кезеңі осы хижреттің тоғызыншы 
жылы. 
Дегенмен мұсылмандардың асқақ мәртебесін, биік абыройын көре 
алмай, қызғанғандар түбегейлі жойылып еді десек, түгел қателесеміз. 
Византия тәрізді сол дәуірдің дүрілдеген қуатты мемлекеті әлі де Исламды 
құртуға дәмелі. Сол ниетпен айнала қолдаушы тайпаларды жинап күш 
біріктірді. Мақсат - қалайда мұсылмандардың қарасын құрту. 


387
Византияның шайқас әзірлігі дер кезінде Мәдинаға жетіп, Расулаллаһ 
сарбаздарын сапқа тұрғызды. 
Әдетте Пайғамбарымыз жорыққа шығарда нақты бағытты алдын ала 
тіс жарып ешкімге айтпайтын. Бұл жолы өйтпеді. Барар жердің 
шалғайлығын, жолшыбай азық-түлік, керек-жарақтардың молынан қажеттігін 
ашық айтып, ұзақ жорыққа барынша әзірленуді бұйырды. 
Мәдина маңындағы мұсылман тайпаларға да хабаршы жіберіп, Аллаһ 
жолында ұрысқа қатысуды шақырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет