67
айтқандары есіне түссе, бүкіл өн бойы шымырлап, тітіркеніп кетеді. Не де
болса, бір тылсымның бары рас.
Керуен Меккеге жақындаған. Басқа меккеліктер сияқты Хазіреті
Хадиша да бір топ әйелмен бірге шатырға шығып, жолаушыларға алыстан
қарап отырған. Хазіреті Мұхаммед пен Майсараны ұзақтан жазбай таныды...
"Ау, Мұхаммедтің (с.а.у.) үстінде ұшып келе жатқандар не?" Жаңсақ
көрдім бе деп, көзін қолымен көлегейлеп тағы қарады. Жоқ, шынымен-ақ
ағараңдап ұшқан бір нәрсе бар нақ төбелерінде. Жақындағанда байқады, екі
періште Хазіреті Мұхаммедті қалқалап келеді. Әйелдердің де кейбіреуі мұны
байқап ішегін тартып үнсіз қалса, енді біреулері:
"Қараңыздар, Мұхаммедтің (с.а.у.) басының үстінде екі періште ұшып
келеді", - деп айқайлап үлгерді.
Керуен Меккеге келіп кірді. Жайланған соң пайғамбарымыз кіріс-
шығысты түгел есептеп, Хазіреті Хадишаға тапсырды. Бір қызығы,
Мұхаммедтің (с.а.у.) сатқан тауарларынан қыруар пайда түсіп қана қойған
жоқ, әкелінген заттар да әп-сәтте сатылып, Хадишаны ұшан-теңіз табысқа
кенелтті.
Майсара жол бойы Хазіреті Мұхаммедтен (с.а.у.) көп нәрсе үйренді.
Оның жайдары мінезі, дос көңілі, шыншылдығымен қатар тазалыққа
айрықша мән беруі, саудадағы адалдығы Майсараға таңдай қаққызған.
Жол бойы көрген-білгенін, монахтың айтқандарын Майсара еш
бүкпесіз Хадишаға баяндады. Хазіреті Хадишаны бұрын да талай сырттай
таңдандырып жүрген жиырма бестегі жігіт көз көріп, құлақ естімеген
тылсымымен баурай түсті. Хазіреті Хадиша көрген-білгенін, Майсарадан
естігендерін немере ағасы Уарақа ибн Нәуфалға әңгімелеуді жөн көрді.
Уарақа - білімді, салиқалы ақты ақ деп бағалай білетін христиан. Пұтқа
табынушылықты жақтамайтын. Не нәрсені де ақылға салып таразылайтын ол
Хазіреті Хадишаның айтқандарына ден қоя тыңдаған соң:
"Егер осы баяндағаның рас болса, Мұхаммедтің (с.а.у.) осы үмметтің
пайғамбары екендігіне шүбәм жоқ. Мен осы үмметтен пайғамбар
шығатынын оқып білгенмін. Күтіп те жүр едім, сол сәт таяған сияқты", - деді.
Хазіреті Хадиша көңілін бірлеп үйіне қайтты.
Достарыңызбен бөлісу: