Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
10 апта-БӨЖ
Қабылдаған:Рсай Дильбарканова
Орындаған: Ергешбай Шерхан
Тобы:ЖМ-909
Зат алмасуларының гормоналды реттелуі. Гормоналды реттелудің бұзылуы
Адам организмінде қажетсінулеріне және қоршаған орта өзгерістеріне сәйкес әр алуан физиологиялық процестер үнемі жүріп отырады. Алайда мүшелердің процестерге қатысуы әр түрлі дәрежеде байқалады. Физиологиялық процестердің гуморальдық реттелуі биологилық белсенді химиялық заттар— “гормондар“көмегімен жүзеге асырылады. Гормондарды арнайы бездер бөледі, олар қан мен лимфаға түсіп, бүкіл организмге таралады, салыстымалы түрде баяу,бірақ өте аз мөлшерде де өте белсенді әрекет етеді. Сыртқы секреция бездері де бар, олардың секреті (сөл) қуысқа (ауыз, асқазан, ішек) немесе сыртқы ортаға бөлінеді (тер, жас, май, сүт бездері). Олар әдетте үлкен емес, милиграммен немесе граммен өлшенеді. Ішкі секрецияның маңызды безіне “гипофиз“(массасы 0,5-0,7г) жатады. Ол анатомиялық әрі қызметтік тұрғыда мимен байланысты. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары организмнен зәрдің бөлінуін азайтады, зат алмасуды өзгертеді, ұсақ артериялардың жиырылуын күшейтеді, артиялық қысымын жоғарылатады. Артқы бөлік гормондарының жеткіліксіз болуы бүйрек қызметінің бұзылуына апарып соғады, нәтижесінде көп мөлшерде зәр бөлінеді (тәулігіне 20л-ге дейін). Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары жыныс бездерінің дамуы мен өсу процестерін, сүттің түзілуін (лактация) реттеп, қалқанша бездің дамуы мен бүйрек үстті безінің қыртысты қабатының өсуіне әсер етеді,, өсу гормонын түзеді, көмірсу, май, нәруызды қарқынды синтездеу арқылы өсуді реттейді. 1921 жылы америкалық ғалымдар гипофиздің өсу гормонын бөлетіні туралы пікір айтты. Өсу гормонынынң жеткіліксіздігі кейде “ергежейлікке“, ал артық мөлшері “алыптылыққа“ (гигантизм) себепші болады. Египеттік ергежей Агибаның бойы тек 38 см болса, Рим императоры Максимиланың бойы 2,5 , орыс шаруасы Махновтың бойы 2,85 м болған. Жас ұлғайған кезде өсу гормонының артық синтезі акромелагия ауруына—дененің кейбір бөліктерінің өсуіне (қол, аяқ, төменгі жақ сүйек, мұрын, т.б.) себепші болады.
Дененің гормоналды фоны адам денсаулығының жалпы жағдайына әсер етеді, әйелдердің репродуктивті функциясы мен бала көтеруіне жауап береді. Адам ағзасы әртүрлі гормондардың (ФСГ, ЛГ, ТТГ, тестостерон, эстрадиол, прогестерон, пролактин және т.б.) шынымен үлкен тізіміне негізделген. Бұл биологиялық белсенді заттар барлық өмірлік процестерге қатысады. Біздің әл-ауқатымыз және дененің жалпы физикалық жағдайы гормондардың кейбір түрлерінің концентрациясына байланысты. Дененің гормоналды фонының өзгеруі немесе бұзылуы қан құрамындағы гормондардың азаюымен көрінеді және аурудың ауыр түрлерінің пайда болуына түрткі болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |