Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет166/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Хазіреті Хайсаманың сөзі
Хазіреті Хайсама Бәдір шайқасына қатысуға ниет білдіріп, ұлы Саад 
пен араларында жеребе тасталып, ақыры Саадтың жолы болған-ды. Саад сол 
жолғы ұрыста шейіттік шәрбатынан сусындап, мәңгілік сапарға аттанған... 
Енді шейіт әкесі Хазіреті Хайсаманың сөзіне құлақ түрсек. 
"Уа, Расулаллаһ! Құрайыштар шөлдегі барша араб тайпаларынан, 
ахабиштен әскер жинап келе жатқан көрінеді. Түйемен, атпен баса-көктей 
келіп біздің жерімізге түсіпті. Енді бізді сырттай қоршауға алады, сосын 
келген жолдарымен кері қайтады. Бірақ жай қайтпайды, әңгіме таратады. 
Жамандап, не түрлі ғайбат сөз айтпасына кім кепіл? Бұл олардың өздеріне 
деген сенімін арттыра түсуі мүмкін. 


246
Көріп отырып, қарсы алдарынан шықпасақ, елімізден, жерімізден 
оларды қумасақ, ертеңгі күні айналадағы өзге араб тайпалары да бізге көз 
тікпес пе? 
Аллаһ Тағала бізді құрайыш мүшріктерінен басым түсірер деп 
үміттенейік. Олай болмаған күнде өлерміз, шейіт болармыз. Мен Бәдірге 
қатыса алмай, шейіттіктен мақрұм қалып ем. Шейіт болуды армандаумен күн 
кешіп келемін. 
Кеше түнде сол Бәдірде шейіт болған ұлымды түсімде көрдім. 
Ажарланып кетіпті. Жәннат бақшасында, бұлақ жағасында серуендеп жүр 
екен. Маған "Жәннатта жолдасым бол, мен Раббымның уәде еткен ақиқатына 
қол жеткіздім" деді. 
Таңертең ояна салысымен жәннаттағы ұлыма жолдас болуды армандай 
бастадым. Кәрілік те жеңіп барады. Ендігі жерде Аллаһыма қауышсам 
деймін. 
Уа, Расулаллаһ! Маған шейіт болу нәсіп болсын, жәннатта ұлым 
Саадқа жақын болайын. Сол үшін Аллаһтан тілек тілесең деп едім",-деді. 
Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.а.у.) Хазіреті Хайсаманың тілегін 
сол жерде орындады. 
Соңғы шешім
Мұхаммед (с.а.у.) көпшіліктің жауды қаланың сыртынан тосу туралы 
тілегіне орай, ұрысты ашық алаңда өткізуге шешім қабылдады. 
"Сабыр мен төзім болса Аллаһ бұл жолы да көмегін аямас. 
Біздің міндетіміз - жігер мен қайратты ұштастыру ғана!"-деді Ол. 
Күн 
жұма. 
Пайғамбарымыз 
жұма 
намазын 
қылдырған 
соң 
мұсылмандарға жиһад жайында, оның маңызы, оған дайындық туралы 
кеңінен әңгімелей келіп: 
"Жиһадта тартыншақтау, кешігу - әлсіздік. Сабыр сақтап алған бетінен 
қайтпаған жағдайда Аллаһтан жәрдем келер. 
Сабырлы, шыдамды болыңыздар! Сабыр мен төзім болса Аллаһ 
көмегін аямайды",-деді. 
Мұнан соң Аллаһ Елшісі екінді намазын да жамағатпен бірге оқып, 
Хазіреті Әбу Бәкір мен Хазіреті Омарды ертіп үйіне барды. Екі айнымас 
серік пайғамбарымыздың шайқасқа дайындығына көмектеседі. 
Пайғамбарымыз сауыт-сайманын сайлануға кеткенде сыртта топ-топ 
болып жиналған мұсылман әскерлерінің назарын Саад ибн Муаз бен Үсәййід 
ибн Худайыр аударды: 
"Мәдинадан шығуды қаламаса да, сіздер қаладан шығуды ұсынып, тас-
табандап тұрып алдыңыздар. Ал Оған әмір көктен келетінін естен 
шығардыңыздар. Әлі де болса бұл істі Оның қалауына бергендерің жөн. 
Соның айтқанымен жүрейік". 
Манағы дұшпанмен сырт алаңда кездесуге асығып тұрғандардың көбі 
бұл сөздерден соң тосылып, тіпті өкінген сыңай танытты. 
Расулаллаһ сауытын сайлап, қылышын алып үйден шыққанда бәрі 
бірауыздан: 


247
"Уа, Расулаллаһ, Сен қаламағанға біз де қарсымыз. Егер қаласаң, 
Мәдинада қалып, ішкі қорғанысқа көшейік",-деді. Расулаллаһ (с.а.у.) былай 
деп жауап берді: "Пайғамбар сауытын киініп сайланған соң дұшпанмен 
шайқаспастан, Оның жауымен арасында Аллаһтың үкімі шыққанға 
дейін сауытын шешінуі жөн емес. 
Шапшаң бұйрықты орындауға кірісіңіздер. Аллаһтың атын ауызға 
алып жолға шығыңдар. Шыдам мен сабыр көрсеткен сайын Аллакгың көмегі 
жететін болады". 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет