Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет169/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Ислам әскерінің орнығуы
Күн сенбі болатын... 
Пайғамбарымыз атынан түсіп, саны аз, алайда иман мен батылдығы 
басым әскерін аралап шықты. Әскерлерінің арт жағында Ухуд тауы, бет-
бағдары Мәдинаға қарап орналасқан. 
Аллаһ Расулы (с.а.у.) маңызды нүктелерді іштей есептеді де, ең 
алдымен Айнәйн төбесіне елу адамдық атқыштар тобының орналасуына 
бұйрық берді. Басшысы етіп Абдуллаһ ибн Жүбәйірді тағайындады. Олардың 
міндеті - Ухуд пен Айнәйн арасындағы өткелді қорғау, сол тұстан жау 
әскерінің мұсылмандардың артқы жағынан келіп бас салмауын қадағалау. 
Пайғамбарымыз атқыштарға былайша бұйрық берді: 
"Дұшпанды жеңгенімізді көрсеңдер де, сендерге хабар бермейінше, 
адам жібермейінше орындарыңнан қимылдаушы болмаңдар. 
Жаудан жеңілгенімізді көрсеңдер, онда да орындарыңды тастап, 
көмекке келем деуші болмаңдар!" 
Бұйрық-нұсқауын екі рет нақтылап айтқан соң пайғамбарымыз 
атқыштарға қарап: 
"Құстар өлі денемізді шұқып, қарық боп жатса да, хабаршы адам 
келмейінше, бір қарыс қимылдаушы болмаңдар", - деп тағы да тапсырды. 
Пайғамбарымыздың әмірі мен нұсқауы осылай нақты болатын. 


250
Екі жақ та сақадай сай тек бір әмірді күтіп тұрды. Мұсылмандар 
жағында сауыттыларды - Зүбәйір ибн Аууам, сауытсыз әскерлерді - Хазіреті 
Хамза басқарды. 
Мүшріктердің оң қанатына Халид ибн Уәлид, сол қанатына Әбу 
Жәһилдің ұлы Иқрима басшылық жасады. Атты әскердің басшысы - Сафуан 
ибн Үмәййа, атқыштардыкі Абдуллаһ ибн Әби Раби'а. 
Мүшріктер жағы улап-шулап, әсіресе, әйелдер жағы іштеріне іріккен 
ашуды шығару үшін дабылдатып, бақырып-шақырып мүшріктердің көңіліне 
дем бүркіп жатты. 
Мұсылмандардың қолы тәкбір айтып, дұға жасап, әуминдерді 
жаңғыртты. Аллаһтан көмек сұрап жалбарынған олар қолбасшыларының 
салиқалы сұхбатына ден қойып, тына қалған. Расул Әкрам(с.а.у.) жиһадқа, 
Аллаһ жолында жан аямай күресуге, сабыр сақтап, қайыспай қарсыласуға 
шақырды. Көңілдері иманға толы, көздері отттай жанған жастар дұшпанға 
түйіле, ызалана көз тастайды. Әрбіреуінің тілегі я шейіт болу, я жеңу. 
Екі жақ бір-біріне жақындап келеді. 
Ортаға алдымен атылған құрайыш қолының байрақ ұстаушысы Талха 
ибн Әби Талха болды. Айналасына тәкаппарлана қарап: 
"Менімен жекпе-жекке кім шығады?"-деді ол. 
Қарсы тараптан Әсадуллаһ - Аллаһтың арыстаны атанған Әли 
суырылып шықты да: 
"Мені жаратқан Аллаһтың атымен ант етемін, сені мына қылышыммен 
тозаққа жібермейінше, не болмаса сенің қылышыңнан мерт болып жұмақтан 
жай таппайынша менен құтыла алмайсың!"-деді де дұшпанды қақ бастан 
қылышымен салып кеп қалды. Талха гүрс ете құлады. 
Құрайыштың ту көтерген тарланының ә дегеннен жеңіліске ұшырауы 
пайғамбарымыз бен әскерлерін қуантып, батылдандыра түсті. Тәкбір тағы да 
жаңғырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет