Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Сол кезде олардың бір тобы "Ей, Мәдина халқы! Сендер бұл



Pdf көрінісі
бет206/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Сол кезде олардың бір тобы "Ей, Мәдина халқы! Сендер бұл 
жерде тұрмаңдар. Кері қайтыңдар" деді.
Олардың 
бір 
бөлігі 
"Үй-жайымыз 
ашық 
қалды" 
деп 
пайғамбарымыздан рұқсат сұрады. Шындығында олардың үйлері ашық 
та емес. Олар тек қана қашуды қалайды" 
(Ахзаб 13) 
Шайқастың басталуы
Дұшпан ордың екі бетінен айқасудың оңайға соқпасын білді. Білгенмен 
не пайда, бар күшті жинап шайқасқа кіріскеннен басқа амал қалмады. Ор 
олар ойлагандай оңай болмай шықты, арғы бетіне өту тіпті мүмкін емес. Ә 
дегеннен беттері қайтып қалды. Ұзақтан оқ атысқаннан басқа шара жоқ. 
Бірақ бұл да нәтижеге апарар жол емес екенін ұққан дұшпан әскері ақыры 
мұсылмандарды айнала қоршауға алуға бекінді. Олар басқа не істей алар еді! 
Ойламаған жерден дұшпанның біренеше атты әскері ордың тар 
тұсынан мұсылмандар жаққа өтіп кетіп, жекпе-жекке шақырды. 
Салт аттылар арасында батырлығымен, мергендігімен шартарапта аты 
шыққан мүшрік Амр ибн Абди Уәдд бірінші болып алға шықты. Онымен 
айқасуға тек ерлер ерінің батылы жетсе керек. Амр ибн Абди Уәдд 
суырылып ортаға шыққанда қаһарман сахаба Әли онымен айқасуға 
Расулаллаһтан рұқсат сұрады. 
Пайғамбарымыз болса: "Сен отыр, уа, Әли. Ол Амр ғой",-деді. 
Амр мұсылмандардың тосылып қалғанын өзінше жорып: 
"Менімен күш сынасатын ешкім жоқ па? Өлгендерің жәннатқа барады 
емес пе?"- деді. 
Хазіреті Әли екінші рет пайғамбардан рұқсат сұрады. 
Пайғамбар бұл жолы да: 
"Уа, Әли, ол Амр ғой",- деп келіспеді. 
Ешкім шыға қоймаған соң Амр кеудесіне нан пісіп, көкіректеніп: 
"Жекпе-жекке ешқайсыңның батылың жетпейді, ә?",- деп күркіреді. 
Хазіреті Әли орнынан атып тұрып: 
"Мен жекпе-жекке дайынмын, уа, Расулаллаһ",- деді. 
Пайғамбарымыз бұл жолы да: "Уа, Әли, ол Амр ғой",- деді. 
Хазіреті Әли: "Амр да болса айқасқа белімді бекем будым, уа, 
Расулаллаһ!"-деді. 


304
Болмаған соң Расулаллаһ (с.а.у.) Хазіреті Әлиге рұқсат берді. Өз 
қолымен сауытын кигізіп, Зүлфиқарды беліне байлады. Сәлдесін де орап 
берген соң: 
"Уа, Раббым! Көкемнің ұлы Үбайда сенің жолында шейіт болды. 
Көкем Хамзаны Ухудта шейіт етті. Қасымда қалған жалғыз жақыным Әлиді 
сен қорғап, жәрдемші бол. Мені жалғыз қалдырма",- деп дұға етті. 
Ержүрек сахаба Әли иманнан күш алған күйі Амрға қарай алшаң 
басып, батыл адымдады. Екі жақ та демдерін ішке тартып қарап қалған. 
Сауыт киінген Әлидің көзінен басқа жері көрінбейді. Өзіне жақын 
келген ерді тани алмаған Амр: 
"Сен кімсің?"-деп сұрады. 
Хазіреті Әли: "Мен Әлимін",- деп жауап берді. 
Амр мүрты жаңа тебіндеген жас жігіттің атын естігенде мейірленген 
жандай: 
"Көкелеріңнің арасынан айқасқа сенен үлкенірек біреу табылмады ма? 
Мен сенің қаныңды төккім келмейді. Әкең менің ескі досым еді",- деді. 
Хазіреті Әли тайсалмай: 
"Уаллаһи, мен сенің қаныңды төккім келеді",- деді. 
Амр қарқылдап күліп алды да: 
«Маған ешкімнің бұлай қарсы келерін ойламап едім» деді де, ашуға 
мініп қылышын жарқ еткізіп қынынан суырды. 
Хазіреті Әли: "Мен жаяумын, сен ат үстіндесің. Қалай айқаспақпыз? 
Сен одан да атыңнан түс",- деді. 
Амр жерге секіріп түсіп атын қоя берді де, жүзі қуарып Әлидің қарсы 
алдына тұра қалды. 
Әли: "Уа, Амр! Сенің құрайыштардан біреумен қарсыласа қалсаң, оның 
тілегінің біреуін орындауға уәде бергеніңді естіп едім. Сол рас па!"- деді. 
Амр "Иә",- деді. 
Әли: "Онда мен сені Аллаһқа және Оның Пайғамбарына иман келтіруге 
шақырамын, Исламға мойынсүн",- деді. 
Амр: "Маған бұл айтқандарыңның түкке қажеті жоқ. Басқа тілегің бар 
ма?"- деді. "Онда сен бізбен шайқасудан бас тарт. Еліңе қайт",- деді Әли. 
"Жоқ, мен бұл жолға әбден дайындалып келдім. Өш алғанша басыма 
май мен иіссу жақпауға уәде бердім",- деді Амр. "Онда жекпе-жекке 
дайындал",- деді Хазіреті Әли. 
Амр тағы да қарқ-қарқ күлді. "Шынымды айтсам, арабтардан менен 
қорықпайтын мынадай жаужүрек шығар деген ой түсіме де кірмепті",- деді 
таңқалысын жасыра алмай. Онан соң менсінбеген қалпында: "Сен әлі 
жассың, көрерің алдыңда. Оның үстіне әкеңмен дос едім. Менімен күресуден 
баз кешіп, әлі де кері шегінуіңе болады. Сені өлімге қимай тұрмын",- деді. 
Ержүрек Әли ежірейіп: "Бірақ мен сені өлтіргім келеді",-деді. Хазіреті 
Әлидің бұл сөзі Амрдың шымбайына қатты батты. Қылышын сумаң еткізіп 
Хазіреті Әлидің қалқанын екіге бөлді. Қылыштың ұшы Хазіреті Әлидің 
маңдайын да жырып өтті. Қаһарман сахаба көз ілеспес жылдамдықпен 
адымдаған күйі Зүлфиқарды жаудың желке тұсын көздеп бір-ақ рет сілтеді. 


305
Азулы дұшпанның басы бір жаққа домалап, кеудесі гүрс ете қалды. У-шу, 
айқай басталды. Хазіреті Әли қол жеткен жеңісті Аллаһтан біліп "Аллаһу 
әкбар" деп тәкбір айтты. Хазіреті Расулаллаһ бастаған мужаһидтер "Алаьу 
әкбарлатқанда" айнала тегіс жаңғырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет