Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет207/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Тағы мунафиқтар ортада
Мунафиқтар мұсылмандардың жанына жалау болу былай тұрсын, 
Мұхаммед 
сендерге 
"Қайсер 
(Парсы 
билеушілері) 
мен 
кисраның 
қазыналарына ие боламыз" деп уәде берді. Бүгінгі жағдай мынау, орға 
тығылып қайдан қауіп төнер деп үрейленіп, дәрет сындырудан да қорқып 
отырмыз. Оның уәдесі қайда, біз қайдамыз? Аллаһ пен пайғамбардікі алдау 
ғана" деп отқа май құйып, онсыз да жүні жығылып отырғандардың еңсесін 
баса түсті. 
Мунафиқтар қанша дақпырт таратып жолдан тайдырмақ болса да нағыз 
муминдерді Хазіреті Расулаллаһтан ажырату мүмкін емес-ті. Өйткені иман 
ерлері Ұлы Аллаһтың көмегіне шын көңілден иланған, жан жүректерімен 
жазмышқа мойынсұнған. 
Аллаһ пен пайғамбары үшін азапқа өз еріктерімен бас тігуге даяр. 
Мунафиқтар Мәдинаны айнала қоршаған дұшпанның пайғамбарымыз 
бен оның асхабын жеңетініне, көздерін жоятынына сеніп қана қоймаған, 
солай болуын іштей қалаған да... 
Осы емтиханда шынайы мұсылмандар мен мунафиқтардың ара-жігі 
ажыратылды... 
Құранның осыған қатысты аяты ғибратқа толы. Онда былай делінеді: 
"(Мұсылмандар!) Сендерге бұрынғы өткендердің басына келген 
сияқты жағдай келмей тұрып жәннатқа кіруді ойладыңыздар ма? Олар 
ашаршылыққа, бәлеге, ауруға душар болды. Пайғамбарлары иман 
келтіргендермен бірге Аллаһтан жәрдем қашан жетер екен деп қиналды. 
Естеріңде болсын, негізінде Аллаһтың көмегі жақын" 
(Бақара, 214) 
Қорғаныс жалғаса берді. Мүшріктердің баса-көктеп қалаға енбек 
болған ұмтылыстары нәтижесіз қала берді. Айқастың ұзаққа созылуы екі 
жақты да әлсіретті. Аштық пен суықтың зардабы жан алқымнан ала түсті. 
Егін соғыс басталардан бір ай бұрын жиналғандықтан дұшпанның ат пен 
түйелері де аштыққа төзбей барады... Ауыр азап жау мүшріктерді 
қалжыратып, үмітсіздікке итермеледі. 
Ғатафандардан келген өкілдерге: 
"Келген жолдарыңызбен кері қайтыңыздар. Арамыздағы мәселені тек 
қылыш шешетін болады", - деді. 
Ғатафандықтар үн-түнсіз жолға түсті. Жолшыбай Харис ибн Ауф 
Үйәйнә ибн Хыснға: "Құрайыштарға көмектесеміз деп Мұхаммедке (с.а.у.) 
шабуылдағаннан бізге келіп-кетер дәнеңе жоқ. Уаллаһи, мен Мұхаммедтің 
қолға алған ісінің үстем екендігін түсіндім. Хайбардағы яһудилердің 
оқымыстылары бір пайғамбардың келетінін айтатын, соның сипаттары 
Мұхаммедке сәйкес келеді", - деді. 


306
Қорғаныс кезінде сахаба жауынгерлер де жан-жақты қиналды. 
Шайқасқа дейін бар күштерін ор қазуға жұмсаған олар шаршап-шалдыққан, 
оның үстіне қуаңшылықтың зардабы талғажау етер азыққа зар қылған. Бұған 
суықтың зиянын қосыңыз. 
Хазіреті Хузайфа шайқастың бір түнін былайша еске алады: "Біз қатар-
қатар тізіліп отырғанбыз. Үстіңгі жақта Әбу Суфианның әскері, төменгі жақ 
түгел яһуди құрайзалар. Жаудың қалаға енуінен қауіптеніп отырғанбыз. 
Көзге түртсе көргісіз қараңғы, оның үстіне уілдеген жел өңменімізден өтіп 
барады. 
Мунафиқтар 
"үйіміз 
ашық-шашық 
қалды, 
сенімсіз" 
деп 
Расулаллаһтан рұқсат сұрады, бәрі босатылды. Айтқандары шылғи өтірік, 
сылтау тапқандарына мәз болып, жылыстап қатардан шыға берді. Біз бас-
аяғы 300-ден астам сарбаз қалғанбыз. Кезектесіп Аллаһ Елшісінің қасында 
күзетке тұрдық. Кезек маған келген, сақшылыққа сайланған менде басы бүтін 
қару түгілі, суықтан қорғанар жылы киім де жоқ. Әйелім берген тоқыма 
орамалмен кеудемді жапқан болдым..." 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет