341
"Халықтың
хабары
болмасын",
-
деп
қайта-қайта
ескертті.
Муқауқыстың пайғамбарға тарту-таралғысы: ақ боз қашыр мен бір есек, мың
мысқал алтын, Мысырда тоқылған жұқа көйлектер, шыны-аяқ, бал және
иіссу. Сыйлыққа берілген қашыр «Дүлдүл», ал есек «Ұфайыр» аталған.
Күңдерге келсек, апалы-сіңлілі Мәрия және Сиринге жолай Хазіреті
Хатыб Исламның ерекшеліктерін түсіндіреді. Ақыры екі бойжеткен де
мұсылмандықты мойындайды.
Кейінірек Расулаллаһ Хазіреті Мәрияға үйленіп, ақ некелілері қатарына
қосады. Сирин болса шайыр Хассан ибн Сабитпен отау құрады.
Хазіреті Хатыб ибн Бәлтаа Мысырда бес күн жатып Мәдинаға оралады.
Муқауқыстың аманат-сыйын пайғамбарға аман-есен табыстайды.
Жауап хатта Муқауқыс:
"Мұхаммед ибн Абдуллаһқа қыбтылар басшысы Муқауқыстан! Саған
сәлем жолдаймын!
Хатыңды алдым, оқыдым, түсіндім. Бір пайғамбардың келерін
бұрыннан біліп, Шамнан шығатын болар деп ойлаушы едім. Қолымнан
келгенше елшіңе қонақкәде көрсетіп бақтым.
Мініт көлік-қашыр, киім-кешек пен қоса қыбтылар арасында қадірі бар
екі күңді сыйладым. Бар қолымнан келері осы. Тағы да сәлем жолдаймын", -
делінген еді.
Пайғамбарымыз Муқауқыстың сәлемін алып тұрып:
"Неткен бақытсыз! Мал-мүлкін қимай бәлені тілеп алды. Сол
салтанаттың өз басына зәредей пайдасы болмайды", - деді өкінішпен.
Достарыңызбен бөлісу: