Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет245/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Жорыққа әзірлік
Расулаллаһ іштей Меккеге жорықтың жоспарын жасады. Бұл шешімін 
ешкімге 
тіс жарып айтқан 
жоқ, ондағы мақсаты құрайыштарды 
құлақтандырмау, мүшріктерге ойда жоқта баса көктей еніп өздігінен берілуге 
мәжбүр ету. Солай болғанда ғана бәлкім, иманға келуге себеп болар деп 
ойлады. Түпкі мақсат қайткенде де адамдарға тура бағытты сілтеу, мәңгілік 
өмірдің жолын көрсету. 
Осы жолғы құпиялылығының сыры осында. Айша анамызға да тек 
"жолға керек жарағымды дайында" деумен шектелген. Сондағы бар тілек-
мақсаты - Мекке сынды қасиетті шаһарда қан төкпеу, Қағбадай киелі 
ғимаратты пұт атаулыдан тазарту. Оған мына дұғасы да куә: 
"Аллаһым! 
Үн-түнсіз 
сол 
аймаққа 
кіргенге 
шейін 
құрайыш 
тыңшыларын көз көрмес, құлақ естімес халге душар ет. Шаһарға енгеннен 
соң ғана мені көріп-естісін". 
Құрайыштарды сезіктендірмеу мақсатымен, Нәжид аймағына жорыққа 
шыққан сияқты көрініп, алдын ала Әбу Қатаданың қолын сол бағытта 
аттандырды. 
Мүшріктер араларында мұсылмандар Нәжидке шабуыл жасамақшы 
деген қаңқу сөз тарап үлгерді. Пайғамбарымызға керегі де сол еді. 
Сақтық шараларын ұйымдастырған соң Пайғамбарымыз асхабының бір 
бөлігіне 
Меккеге 
жорыққа 
әзірлену 
қажеттігін 
ескертті. 
Мәдина 
маңайындағы мұсылман тайпаларға да хабар салып "Аллаһқа және ақырет 
күніне иланғандар Рамазан айының басында Мәдинаға жиналсын" деді. 
Әне-міне дегенше Рамазан айы туды, он мың сахаба жауынгерлер 
сақадай сай сапарға шығуға әзір. Олардың жеті жүзі муһажир, төрт мыңнан 
астамы әнсар, қалғандары көршілес тайпалардан. Не бары сегіз жүздейі атқа 
мінген. 
Расулаллаһтың әмірімен мұсылман жасағы «Аллаһу әкбарлатып» 
жалғыз Жаратушыға сиынып жүріп кетті. 
Бағыт - Мекке. Рамазан айы болғандықтан сарбаздар түгел ауыз 
бекіткен. Күннің шыжғырған аптабы ми қайнатқандай. Шіліңгір ыстықта жол 
жүрудің қиындығын айтып жатудың өзі артық болар. Кездейсоқ күтпеген 
жағдайларға тап болу да мүмкін. Шайқаста білек күшінің басымдығы үлкен 
рөл ойнайды. Осының бәрін сараптаған жауынгерлер оразаларын ашу-ашпау 
жөнінде Расулаллаһтан пәрмен күткен. 
«Құдайд» деген жерге келгенде Пайғамбарымыз екінді намазын 
қылдырып болып, оразасын ашты. Мужаһидтерге де ауыз ашуға бұйрық 
берді. 
Сол жерде Нәжидті бетке алып кеткендер де сарбаздарға қосылды. 
Жолай 
мұсылман 
жасағы 
отбасын 
көшіріп 
әкеле 
жатқан 
Пайғамбарымыздың көкесі Хазіреті Аббасқа жолықты. Хазреті Мұхаммед 
көкесінің әрекетіне сүйсініп: "Уа, Аббас! Сен ең соңғы муһажирсің", - деді 
де, оны әскерлер қатарына қосып, бала-шағасын Мәдинаға жолдады. 
Құдайдта Пайғамбарымыз (с.а.у.) әр тайпаның байрақтарын түгелдеп, 
сарбаздарының дайындығын соңғы рет жіті бақылап шықты. Муһажирлердің 


369
үш, әнсардың он екі туы көтерілді. Әскерлер қолбасшы әмірлеріне ұйып 
орнынан қозғалды. 
Мәрруззахранға келгенше мұсылмандардың Меккеге келе жатқаны 
мүшріктерге мүлде беймәлім-тін. «Мәрруззахран» жазығына келгенде түн 
түндігін жамылған-ды. Пайғамбарымыз түн қараңғылығында әрбір әскерінің 
бірер от жағуын, сөйтіп мүшріктерге белгі беруді абзал көрді. 
Бір сәтте он мың алау жағылып, көз шағылыстырып қара түнде 
самаладай самсаған жарық мүшріктерді үрейге бөледі. Бір кездері туған 
жерінен жыраққа көшуге мәжбүр еткен барша болмыстың нұры - Мұхаммед 
(с.а.у.) араға жылдар салып он мың жұлдызымен Меккені жарыққа бөлей 
келген-ді. Мүшріктер асып сасып, өз қолдарымен өшірмек болған Нұрдың 
алып қуатына қайран болған да қалған. Ислам мен иман сәулесінің 
мұншалықты шұғылалы екендігін ақылдарына сыйғыза алмаса да шегінуге 
жол жоқ екенін мойындай берген. 
Мүшріктер арлы-берлі сапырылысып алғашқы сәтте сасқалақтағанмен, 
араларынан біреуі: «Біздікі не тұрыс? Жөн білер біреуді жіберіп мәселенің 
мәнісіне қанығайық», - деді. 
Әбу Суфиан бірнеше кісімен мұсылмандарға елшілікке аттанды. Кеш 
бата мужаһидтер қонған жерге жеткен Әбу Суфианды Хазіреті Аббас 
Расулаллаһқа ертіп келеді. Пайғамбарымыз оны таңертең қабылдайтынын 
айтады. 
Таң да атты. Әбу Суфиан Аббасқа еріп сүйікті Аллаһ Расуылымен 
кездесуге келеді. Аллаһ Расулы: 
"Уа, Әбу Суфиан! Лә иләһә иллаллаһты айтар уақытың жетпеді ме?" - 
дейді. Әбу Суфиан иман кәлимасын айтуға батылы жетпей Лат пен Уззаны 
жоққа шығара алмай әуреленеді. Ішіндегі дүлей сезімді жеңе алмағанын 
ашық айтады. Бұл жолы Хазіреті Аббас кірігіп: "Уа, Әбу Суфиан, Аллаһтың 
бірлігін, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын қабылдайтын кезің жетті. 
Ендігі кібіртіктеуіңе жол болсын!" - деп зекіп тастайды. 
Әбу Суфиан сонда барып иманға келгенін жария етеді. 
Мұсылмандықты жаңа қабылдаған Әбу Суфианның Меккеге қайтуына 
Пайғамбарымыз рұқсат етеді. Себебі, мүшрік басшысының ықпалымен әлі де 
болса Ислам ерлеріне зиян келтіріп жүрер деп сақтанады. 
Хазіреті Аббасқа әмір беріп Әбу Суфианға мұсылман қолын сырттай 
тамашалауды бұйырады. Расулаллаһтың әмірі екі етілмейді. Биік төбенің 
басына шығып мужаһидтер армиясына көз тіккен Әбу Суфиан құж-құж 
қайнаған, сауыт-сайманы сайланған сарбаздарға қарап басын шайқай береді. 
Өлім тұзағынан бір емес, бірнеше рет Аллаһтың көмегімен құтылған 
Мұхаммедтің (с.а.у.) аз уақыт ішінде он мыңдаған адамды соңынан ертуінің 
сыры неде? Бір кездері Оған тіс қайрап, қалайда қолға түсіруге ұмтылғандар 
бүгінде оның жолында жандарын беруге даяр. Жарыққа жанын пида етер 
пәруана дерсің әрбіреуін. 
Сарбаздар сап-сап болып көз алдынан өтіп жатты. Ақыры, Расулаллаһ 
бастаған, бастан-аяқ қаруланған топ келе жатты. Байрақ - әнсар мұсылман 
Саад ибн Убадада. 


370
Әбу Суфиан көзін айырмаған күйі: 
"Субханаллаһ, бұлар кім, уа, Аббас?" - деді үрейін жасыра алмай 
қалшылдап. 
Хазіреті Аббас: 
"Расулаллаһ қой бұл, айналасындағылар - әнсарлар мен муһажирлер". 
Әбу Суфиан бұл жауапты естігенде тіпті дірілдеп кетті: 
"Бауырыңның ұлына расында да керемет салтанат берілген екен. 
Мұндай кереметті бұрын-соңды көрсем көзім шықсын", - деп қарғанды. 
Хазіреті Аббас: 
"Салтанат емес, пайғамбарлық де", - деп түзетті. 
"Иә, иә, пайғамбарлық. Дәл солай, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар 
екенін мойындадым. Мұншалық әскер жамағатын еш жерде, бірде-бір 
билеушінің қарамағында көрген емен!" - деді тағы да Әбу Суфиан. 
Иман нұрына басы айналып, Ислам шұғыласы көзін ғана емес, көңілін 
де шағылыстырған бір кездегі дұшпан Әбу Суфиан меккелік мүшріктерге 
үгіт жасап, мужаһидтерге қарсыласудың әурешілік екенін жеткізуге асығып 
Меккеге қайтты. 
Пайғамбарымыз Меккеге кірерде армияны төртке бөлді. Оң қанатты -
«Сайфуллаһ» яғни, Аллаһтың қылышы атанған Хазіреті Халид ибн Уәлид, 
сол қанатты - Хазіреті Зүбәйір ибн Аууам басқарады. Оң қанаттағылар 
Меккеге төменгі жақтан, ал Зүбәйір қолы жоғары тараптан кіретін болып 
белгіленеді. 
Үшінші бөлікті Хазіреті Саад ибн Убада бастап кіреді. 
Ал жаяу әскерлерді Хазіреті Әбу Убайда ибн Жәррах бастап шаһардың 
үстіңгі жағынан енетін болды. 
Соңғы бұйрық: 
"Өздері қарсыласып, шабуылдамаса, ешкіммен айқаспау. Жан баласына 
қол көтермеу, өлтірмеу". 
Сөйтіп, Рамазанның он үші, жұма күні, таң ағарып атқан заматта Ислам 
әскерлері Меккеге кірді. Пайғамбарымыз Кәсуаға мінген, айналасын 
салмақты жүзбен сүзіп, «Фәтх» сүресін оқып келеді. Сахабаларының көңіл-
күйі көтеріңкі. Күлімсіреп, шаттана қарайды бір-біріне. Жүздерінен тәлімсу, 
үлкен жеңіске қол жеткізгені үшін өзгені менсінбеу емес, керісінше нәпсісін 
тыйып, өзгелерге де шаттық сыйлауға деген ұмтылыс байқалады. 
Мужаһидтер Пайғамбарымыздың әміріне бас иіп, ұрыссыз шайқассыз 
қалаға кірді. 
Бірақ, күтпеген жерден Халид ибн Уәлидтің қолына Икрима ибн Әбу 
Жәһил мен Сафуан ибн Умаййа бастаған мүшріктер оқ жаудырды. Әуелде 
қарсылық бермей, шыдас көрсеткенмен құрайыштың тоқтатар түрі 
байқалмаған соң Халид ибн Уәлид әскері де оларға оқ атты. Ақыры 
мүшріктер қашып тынды. Екі мұсылман шейіт болып, он үш мүшрік 
өлтірілді. Аллаһ Расулына болған жәйт дереу хабарланды. Мұнан өзге 
қанаттағылардан оқ атылған жоқ. 


371


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет