Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Есіңде  ме,  бір  кезде  жындардың  бір  тобын  Құран  тыңдату  үшін



Pdf көрінісі
бет136/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   377
"Есіңде  ме,  бір  кезде  жындардың  бір  тобын  Құран  тыңдату  үшін 

әдейі  саған  қарай  бағыттаған  едік.  Құранды  тыңдауға  келген  уақытта 

бір-бірлеріне:  «Тыныш,  тыңдаңдар»  деді.  Оқылып  біткеннен  кейін 

әрқайсысы  қауымдарына  (Аллаһтың  ауыр  есебінің,  азабының  бар 

екендігін) ескертуші болып қайтты. 

"Ей,  қауымдастар!  Біз  Мұсадан  (а.с.)  кейін  түсірілген,  өзіне 

дейінгілерді  (кітаптарды)  мақұлдайтын,  хаққа  және  тура  жолға 

бастайтын бір кітапты тыңдадық. 

Ей, қауымдастар! Аллаһтың елшісінің үндеуіне үн қосыңдар. Оған 

иман  келтіріңдер.  Аллаһ  та  сендердің  күнәларыңды  кешіріп,  ауыр 

азаптан құтқарсын!" (Аһкаф сүресі 29-31 -аяттар) 

Нахлада  тынығып  алған  соң  пайғамбарымыз  Меккеге  бет  түзеді.  Ол 

Меккеге  құрайыштардың  оңайлықпен  кіргізе  қоймасын  білетін.  Сол  кездің 

әдеті бойынша біреуге арқа сүйеп, қамқорлығына кіруі қажет. 

Сол  себепті  Хира  тауына  жеткен  соң  хабар  салып  мүшрік  Мутим  ибн 

Адиден  өзін  паналатуын  өтінеді.  Мутим  пайғамбардың  өтінішін  жерге 

тастамай,  ұлдарын  қаруландырып  өзі  бас  болып  пайғамбарды  Меккеге  алып 

келеді. 


Мүшріктерге,  әрине,  Мутимнің  мұнысы  ұнамады,  бірақ  бетіне  басып 

айтқан ешкім болмады. 

Мұхаммед  (с.а.у.)  қаны  қайнаған  мүшріктердің  көз  алдында  Қағбаны 

тауап етті. Харам мешітінде екі рәкат намаз қылып, үйіне қайтты. 

 

 



 

166




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет