Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Мүшріктердің сенімсіздік танытуы



Pdf көрінісі
бет141/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Мүшріктердің сенімсіздік танытуы 

Исра  мен  Миғраж  муғжизасына  сенбегендерімен  қоймай,  мүшріктер 

қайтсек, қай жерден ши шығарамыз дегендей Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) әр 

қилы сауал қойып, мазалауларын тоқтатпады. 

Біреулері: 

"Меккеден  түйенің  ең  таңдаулысын  мініп  жолға  шыққанның  өзінде 

Шамға  бару-қайту  екі  ай  алады.  Бір  түнде  барып  келдім  деуі  ылғи-шылғи 

өтірік" десе, екіншілері, бұған дейін Ақса мешітінде болғандары: 

"Көргенің рас болса Ақса мешітін суреттеп берші?" - деп құйғытты. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): 

"Әрине, бардым", - деп жауап береді өзіне нық сеніммен. 

Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) онан кейін болған жайды баяндады: 

"Әйтеуір  бір  сәйкессіздік  табамыз  деп,  мүшріктер  менен  ойларына 

келгенін сұрап, әбден мезі етті. Сол кезге дейінгі мазалағандары түк емес пе 

деп қалдым. 



 

168


Ұлы  Жаратушы  Аллаһ  Тағалам  Мені  қиындықта  жалғыз  тастамады. 

Ақсадағы қасиетті мешітті суреттеп беруді сұрағанда, Аллаһ Тағала көзімнің 

алдына  мешіттің  бейнесін  толық  әкелді.  Соған  қарап  тұрып  сұрағандарын 

айтып  шықтым.  Неше  есігі  бар  екенін  санау  ойыма  да  келмеген  еді. 

Мүшріктер оны да сұрады. 

Көз алдымдағы елестен санап, түр-түсіне дейін тәптіштеп айттым". 

Мүшріктер айтарға сөз таппай: 

"Айтқандарының  бәрі  дұп-дұрыс",  -  деп  бас  шайқасты.  Бірақ, 

өкініштісі, сонда да иманға мойын бұрмады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет