Хазіреті Әбу Бәкірдің құптауы
Меккеліктер арасында көңілдері Исламға бұра тартқанмен, Миғраж
оқиғасына күмәнмен қарағандар да бар. Осы таңғажайыпты ести сала олар
жұбын жазбастан Хазіреті Әбу Бәкірге келді:
"Уа, Әбу Бәкір! Жан жолдасың Мұхаммедтен (с.а.у.) хабарың бар ма?
Ол бүгін түнде Ақса мешітіне барғанын, көкке көтеріліп намаз қылып,
Меккеге қайта оралғанын айтады", - деді.
Хазіреті Әбу Бәкір:
"Осының бәрін Мұхаммедтің (с.а.у.) өз аузынан естідіңдер ме?"
Келгендер: "иә" деп жауап берді.
Хазіреті ӘбуБәкір:
"Уаллаһи, егер ол айтқан болса, шәк келтірулерің орынсыз. Оның
сөзінде зәредей күмән болуы мүмкін емес, маған сеніңдер", - деді де, сол
бойда Расулаллаһқа барды.
"Уа, Расулаллаһ! Сен халыққа бүгін түнде қасиетті Ақсаға барып
келгеніңді хабарладың ба?" - деп сұрады.
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) "иә" деуі мұң екен, Хазіреті Әбу Бәкір:
"Сен айтсаң - шындықты айтасың. Мен сенің Аллаһтың хақ елшісі
екеніңе куәмін", - деді.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.):.
"Әзіз досым! Сенің сыддық екенің онсыз да мәлім", - деді.
Сол күннен бастап Хазіреті Әбу Бәкірдің атына «Сыддық» сипаты
қосыла аталатын болды... Сыддық - шүбәсіз растаушы дегенді білдіреді...
Исра сүресінде (9-12) Миғраж жайлы баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |