Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Бір кездері сені тұтқындау үшін,  өлтіру үшін, сені зорлап еліңнен



Pdf көрінісі
бет153/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   377
"Бір кездері сені тұтқындау үшін,  өлтіру үшін, сені зорлап еліңнен 

қуу  үшін  тұзақ  құрған  еді.  Олар  тұзақ  құрған  сайын  Аллаһ  Тағала 

олардың  тұзақ,  айлаларын  бұзып  отырды.  Аллаһ  -  айла  жасап,  тұзақ 

құрғандарға қарсылық берушілердің қайырлысы." 

 

Сәуір үңгірінде 

Аллаһ  Расулына  келер  болсақ,  өне  бойы  өнегеге  толы  тұлға  үйінен 

шыққан  беті  асығыс  Хазіреті  Әбу  Бәкірге  келіп,  жағдайды  түсіндірді  де, 

апыл-ғұпыл жол азығы мен зәру заттарын алып, жолға шықты. 



 

184


Бет  алыстары  -  Меккенің  төменгі  тұсындағы,  яғни  оңтүстік 

батысындағы қалаға үш сағат қашықтықтағы Сәуір тауы. 

Сыддық  досты  Аллаһ  Елшісінің  біресе  алдын  орағытып,  біресе  кейін 

қалып, алаңдап келеді. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.): 

"Уа, Әбу Бәкір! Неге менімен қатар жүрмейсің?" - дегенде әзіз жолдас: 

"Алды-артыңа  көз  тігіп,  сені  қорғап  жүрмесем  кім  болғаным?"  -  деп, 

сауалға сауалмен жауап берді. 

Екеуі Сәуір үңгіріне жетті. Жұманың түні. 

Үңгір  айналасында  қыбырлаған  жәндік  жоқ,  тып-тыныш  көрінді. 

Бірінші  болып  қараңғы  үңгірге  Хазіреті  Әбу  Бәкір  кірді.  Ішін  тазалап, 

қиыршық  тастарды  лақтырып,  отыратын  орын  әзірледі.  Үңгірдің  майда 

тесіктерін  бел  орамалын  жыртып  бітеген  болды.  Қалған  бір  тесікке  аяғын 

тіреді. Сонан соң Пайғамбарымызды (с.а.у.) шақырды. 

Мұхаммед (с.а.у.) үңгірге еніп, досының тізесіне басын қойған күйі көзі 

ілініп кетті... 

Біраздан  соң  Хазіреті  Әбу  Бәкірдің  қуысқа  таяған  аяғы  удай  ашыды. 

Жылан  шаққанын  білсе  де  аяулы  жанның  ұйқысын  бұзбайын  деген  ниетпен 

тістенген  күйі  қыбыр  етпеді.  Бірақ  жылан  зәрі  жанын  сыздатқаны  сондай, 

көзінен  ыршып  кеткен  ащы  жас  тәтті  ұйқыдағы  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.) 

бетіне тамып кетті. Сол уақытта шырт ұйқыдан оянған Хазіреті Мұхаммед: 

"Не болды саған досым?" - деп, басын көтеріп алды. 

"Анам-әкем 

сенің 

жолыңда 


құрбан 

болсын, 


уа, 

Расулаллаһ, 

мазасызданатын ештеңе жоқ. Аяғымды жылан шақты ғой деймін, удай ашып 

кетті", - деді Хазіреті Әбу Бәкір. 

Расулаллан мүбәрак түкірігін Хазіреті  Әбу  Бәкірдің аяғына  жағуы мұң 

екен, Аллаһтың құдіретімен айығып шыға келді. 

Мұнан  соң  Аллаһтың  әмірімен  үңгірдің  қуысына  бір  өрмекші  келіп, 

өрмек  құра  бастады.  Тура  кіре  беріске  бір  көгершін  ұшып  келіп,  ұя  салды. 

Бұлар  Расулаллаһ  пен  оның  досы  Хазіреті  Әбу  Бәкірді  құрайыштық 

дұшпандардан қорғауды өз мойындарына алып, күзетке тұрғандай еді. 

Сәуір үңгіріне таяу келген мүшріктер: 

"Осы үңгірді тінтіп шықсақ қайтеді?" - деді. 

Олардың айтқандары үңгірдің ішіндегілерге анық естіліп тұрды. 

Жауыздардың бірі үңгірдің аузына жақын келіп, сәл тұрды да, қайтадан 

кері бұрылды. 

"Ішіне үңілсең етті, ақыры қасына барған соң", - деген жолдастарының 

сөзіне: 

"Кіре  берісінде  жабайы  көгершіндер  ұя  салыпты.  Кешелі-бүгінді 

салынғанға  ұқсамайды.  Бұл  жерге  адам  қалай  кіреді?  Ұя  бұзылуы  керек  еді 

ғой",- деп жауап берді. 

Умаййа ибн Халаф та ашуланып: 

"Неғып  үңгірдің  айналасынан  шықпай  қалдыңдар?  Көздерің  жоқ  па, 

ана  өрмекшінің  торына  қарасаңдаршы.  Атам  заманғы  өрмек  қой  ол. 

Мұхаммед (с.а.у.) тумастан бұрын бар шығар", - деді. 

Мүшріктер үңгір маңынан алыстай берді. 



 

185


Осылайша  Аллаһ  Тағала  жаратқан  жәндіктерін  -  өрмекші  мен 

көгершінді сүйікті құлына күзетшілікке пайдаланғандай еді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет