Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет160/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   377
Сурақаның содырлығы 

Құрайыштың  Мұхаммедті  (с.а.у.)  ұстап  берген  кісіге  жүз  түйе  сый 

беретінін  естіген  Кинана  тайпасының  сотқарлары  да  тыным  таппай,  оңай 

олжа  тапқысы  келді.  Қызыл  теңіз  маңынан  екі  түйелі  төрт  адамның  өткенін 

ұзынқұлақтан естіген олар күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылады. 

Әсіресе,  батырлығымен  аты  шыққан,  әрі  із  кесуде  алдына  жан 

салмайтын  Сурақа  ибн  Малик  оңай  олжадан  қағылғысы  келмей,  құлқыны 

құрып, Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) ізіне түскен еді. Оған іздегенін табу аса 

қиынға соққан жоқ. Бар екпінімен желе жортып Хазіреті Мұхаммед пен оның 

жолдастарына  жақындап-ақ  қалады.  Хазіреті  Әбу  Бәкір  қуғыншыны  көріп 

қобалжи бастайды. 

Мұхаммед (с.а.у.) болса, еш абыржымастан: 

"Уайымдама,  досым,  Аллаһ  бізбен  бірге",  -  деді  де,  артына  бұрылып 

Сурақаға көз тастады. Сол мезетте Сурақаның атының аяғы белуарына дейін 

жерге  кіріп  кетті.  Бар  пәрменімен  атын  қамшылап,  енді  шықтым  дегенде 

құмға  қайта  батты.  Атының  аяғы  кірген  жерден  түтін  шыққанын  көргенде, 

мүшкіл  халден  құтыла  алмасын  сезген  қуғыншы  Хазіреті  Мұхаммедке 

жалбарынып: 

"Дұға  ете  көр,  мына  бәледен  құтқар  мені.  Құлың  болайын.  Саған 

зәредей зиян келтірмеймін. Сені көргенімді де ешкімге айтпаймын", - деді. 

Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) дұға етіп, Сурақаны құтқарған соң: 

"Соңымызға түскендер болса, кері қайтар", - деп бұйырды. 

Сурақа  құтылғанына  қуанып,  кері  қарай  шаба  жөнелді.  Жолай 

кездескен мүшріктерге: 

"Бұл  жақты  іздеп  босқа  шабылмай-ақ  қойыңдар.  Мен  айнала  шолып 

келемін,  ешкім  жоқ.  Бағыттарыңды  өзгертіңдер",  -  деп,  дұшпанның  бетін 

қайтарады. 

Тағдырдың  тамашасы  деген  осы  емес  пе,  таңертең  пайғамбарды  қолға 

түсіру  үшін  қамданып,  жолға  шыққан  адам,  түстен  кейін  Оны  дұшпаннан 

қорғауға күш салды. 

Кейіннен  Сурақаның  бұл  әрекетін  естіп  білген  Әбу  Жәһил  ызаланып, 

қолынан басқа ештеңе келмейтін болған соң "айдың күннің аманында қорқып 

қашқан" деп, Сурақаны келемеждейді... 

Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) муғжизасына куә болған Сурақа: 

"Менің көргендерімді көрсең, сен де Мұхаммедке иман келтірген болар 

едің", - деп жауап қайтарған екен. 

Сол Сурақа Мәдинаға хижреттен соң сегіз жыл өткенде, Расулуллаһты 

Хунайн  шайқасынан  қайтып  келе  жатқанда  қарсы  алып,  мұсылмандықты 

қабылдағанын айтып, пайғамбарға бас иген. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет