"Ей, иман еткендер! Мас кездеріңізде не айтқан-дарыңды білгенге
дейін, және жолаушылықтан тыс басқа уақытта жүніп күйінде ғұсыл
алғанға дейін намазға жақындамаңдар..." делінген.
Бұл тиымның екінші басқышы еді.
Мұны естігенде мұсылмандар:
"Уа, Расулаллаһ! Біз намаз уақыты жақындағанда ішкілік ішпейміз",-
деді.
Пайғамбарымыз оларға жауап берген жоқ.
Мұсылмандар арасында ішкіліктен бас тартқандар күн санап көбейді.
Намаз уақыты кіргенде "Мас күйінде намазға тұрушы болмаңдар" деп
әрдайым ескерту жасалатын.
Соған қарамастан бір мұсылман арақ ішкен күйінде кешкі намазға
келеді.
Мұны көрген Хазіреті Омардың шыдамы таусылғандай:
"Аллаһым, ішкілік туралы нақты үкіміңді білдір", - деп тағы дұға еттті.
Осыдан соң Маида сүресінің 90-91 аяттары түседі. Онда былай
делінген:
Достарыңызбен бөлісу: |