Пайғамбарымыздың немересі Хүсейіннің дүниеге келуі
Хижреттің төртінші жылы шабан айында Хазіреті Әли мен Хазіреті
Фатиманың шаңырағында Аллаһ Елшісінің немересі Хүсейін дүниеге келді.
Туылғанына жеті күн толғанда Аллаһ Расулы немересінің жолына
құрбандыққа екі қошқар бауыздатты. Азан шақырып атын қойып, шашын
алдырады.
Үлкен немересі Хасан сияқты Хүсейін де Пайғамбарымызға қатты
ұқсайтын. Пайғамбарлар Сұлтаны әрдайым дұғасында:
"Аллаһым! Мен бұларды (немерелерімді) жақсы көремін. Сен де
сүйгейсің"- дейтін болған.
Бірде сахаба Әюб әл-Әнсари пайғамбарымызбен жүздесуге келгенде
Расулаллаһтың екі немересін ойнатып отырғанының үстінен шығады.
"Уа, Расулаллаһ! Сен осыларды өте жақсы көресің бе?"- деп сұрайды
ол. Пайғамбарымыз оған: "Қалайша сүймеймін? Бұлар маған осы дүниеде
иіскеуге бұйырған екі райханым ғой",- деп жауап береді.
282
Достарыңызбен бөлісу: |