Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Абдуллаһ ибн Үбәйдің бүлігі



Pdf көрінісі
бет258/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   377
Абдуллаһ ибн Үбәйдің бүлігі 

Қашанда  араздық  отын  тұтатуға  дайын  мунафиқтардың  басшысы 

Абдуллаһ ибн Үбәй бұл оқиғаны қалт  жібермеуге тырысты. Пасық  пиғылын 

жүзеге асыру мақсатымен: 

"Ей,  әнсарлар!  Муһажирлерге  есіктен  кіріп,  төр  менікі  дегізіп 

қоймақпыз  ба?  Сендердің  арқаларыңда  адам  болғандарын  ұмытып,  жан 

шақырып  алған  соң  өзімізге  ұмтыла  бастады",-  деп  ұйытқыта  жөнелді. 

Мұнысымен де тынбай, сайқали мысқылмен шешенсіп: 

"Бұларды қалаға  кіргізіп, жер беріп,  ішіп-жемдеріңе ортақ қылдыңдар. 

Төр  де,  сөз  де  осылардікі  дедіңдер.  Енді  ызалы  сөз  естіп  жатырсыңдар,  кінә 

өздеріңде. Сиыр сипағанды білмейдінің кері. 

Уаллаһи,  осыдан  Мәдинаға  аман-сау  жетсек,  ең  құрметті  әрі  игілер 

(өзін  де  соған  қосып  қойды)  ең  бейшара  әрі  дәрменсіздерді  (Хазіреті 

Мұхаммед  пен  муһажирлерді  айтып  тұр)  ол  жерден  қуып  шығады",-  деп 

балағаттап та жіберді. 

Мұны естіген жас сахаба Зәйд ибн Әркам, Абдуллаһ ибн Үбәйге: 

"Уаллаһи,  осы  қауымның  бейшарасы,  жексұрыны  сенсің.  Мұхаммед 

Аллаһ тарапынан мадақталған, әзіз тұлға",- деп ызалы үн қатты. 

Бас  мунафиқ  дереу  өзгеріп  шыға  келді.  "Уа,  бауырым!  Жарайды 

үндемей-ақ қой. Мен қалжындап айтып едім",- деп тағы да екі жүзділігін паш 

етті. 



 

285


Жас  сахаба  Зәйд  естігендерін  ішіне  бүгіп  қалуды  жөн  көрмей 

Пайғамбарымызға  айтып  келді.  Мұхаммед  (с.а.у.)  мұны  естігенде  түрі  

бұзылып    кетті.    Қасында  Хазіреті  Әбу  Бәкір,  Хазіреті  Осман,  Хазіреті  Саад 

ибн  Әби  Уаққас,  Хазіреті  Мұхаммед  ибн  Мәслама  және  бірнеше  әнсар 

мұсылман отырған-ды. Пайғамбарымыз Зәйдтен: 

"Ибни Үбәйға дұшпандықпен айтып тұрған жоқсың ба?" - деп сұрады. 

Жас сахаба Зәйд: "Аллаһ атымен айтайын бұл сөздерді содан есіттім",- 

деді. 


Аллаһ  Елшісі  қайтадан:  "Жаңылыс  естіген  жоқсың  ба?"-деді.  Зәйд 

Аллаһтың  атымен  ант  ішіп  айны-қатесіз  мунафиқ  басшыдан  естігенін 

жеткізді. 

Абдуллаһ  ибн  Үбәйдің  бейәдеп  сөздер  сөйлегенінен  сахабалар 

түгелдей  құлағдар  болып  үлгіреді.  Әнсарлардан  кейбіреулері:  "Өз 

қауымыңның басшысына жала жапқаның не?"- деп Зәйдке тиісті. 

Зәйд  оларға  "Уаллаһи,  мен  бұл  сөздерді  түгелдей  соның  өз  ауызынан 

есіттім. Егер осы айтылғандарды туған әкем айтса да Расулаллаһқа жеткізген 

болар  едім.  Аллаһ  Тағаланың  пайғамбарына  уахи  арқылы  болған  жайды 

білдіретініне  сенемін",-  деп  жауап  берді  де,  "Аллаһым,  Расулыңа  менің 

сөздерімнің растығын білдір", - деп дұға етті. 

Хазіреті  Омар  сол  тұста  Расулаллаһтан  Абдуллаһ  ибн  Үбәйді  өлтіруге 

рұқсат сұрады. 

"Егер,-деді  ол,-  муһажирлердің  өлтіргенін  қаламасаңыз,  Саад  ибн 

Муазға немесе Мұхаммед ибн Мәсламаға өлтіртейік", - деді. 

Расулаллаһ бұл ұсынысты қабылдаған жоқ. 

"Егер  мен  оны  өлтіруге  рұқсат  берсем,  Мәдинаның  бас  көтерер 

бірсыпыра  адамы  іштей  үрейленіп  қалуы  мүмкін.  Екіншіден,  мәселенің 

астарын білмейтін қара халық "Мұхаммед (с.а.у.) асхабын өлтіріп жатыр" деп 

әңгіме таратса жағдайымыз не болмақ?"- деп сахабаларына ой тастады. 

Аллаһ  Расулы  күн  тас  төбеге  көтерілген  сәтте  шыжғырған  аптапты 

елеместен табан астынан Мәдинаға бет түзеуге бұйрық берді.. 

Аллаһ  Расулы  Абдуллаһ  ибн  Үбәйді  шақырып  алып:  "Маған  жеткен 

сөздерді айтқан сен бе?"- деп сұрайды. 

Бас мунафиқ басын ала қашты: 

"Жоқ!  Саған  кітап  түсірген  Аллаһқа  ант  етемін,  ол  сөздердің  бірде-

біреуін  айтқан  жоқпын.  Зәйд  өтірік  айтады",-деді.  Пайғамбарымыздың  ми 

қайнатқан  ыстық  сәтте  сарбаздарын  сапқа  тұрғызуы  оларды  аң-таң 

қалдырды. Әнсардың алдыңғы қатарлыларының бірі Үсәййід ибн Худайыр: 

"Уа,  Расулаллаһ,  бұл  уақытта  жолға  шыққан  мүлде  қолайсыз.  Сен 

бұлай жасамаушы едің ғой",- деді. Пайғамбарымыз: 

"Соңғы оқиғаны естімеп пе ең?"- деді. 

Үсәййід: 

"Нені айтасыз?" 

"Абдуллаһ ибн Үбәйдің айтқандарын", - деді Аллаһ Расулы. 

"Не депті ол? "- деді Үсәййід таңырқай. 




 

286


Пайғамбарымыз:  "Мәдинаға  барған  соң,  ең  құрметті  әрі  игілер,  ең 

бейшара әрі дәрменсіздерді қуып шығады",- депті. 

Үсәййід ибн Худайыр: 

"Уа,  Расулаллаһ!  Сен  қаласаң,  оны  Мәдинадан  айдап  шығасың.  Әлсіз, 

бейшараның нақ өзі-сол. Әзіз әрі құрметті -Сенсің. 

Аллаһ  сені  бізге  әкелген  тұста  қауымы  оны  билеуші  сайлап,  тәж 

әзірлеп  жатқан  еді.  Ол  сұлтандық  билікті  сен  тартып  алды  деп  ойлайды",- 

деді. 


Пайғамбарымыз  сахабалардың  қаңқу  сөзге  еріп  алаңдамауы  үшін  аяқ 

астынан  жолға  шығуға  шешім  қабылдаған-ды.  Бір  күн,  бір  түн  тоқтамай 

жүріп,  шаршап,  ыстықтан  ығыр  бола  бастағанда  барып  тынығуға  рұқсат 

етілді. Ұйқысыз жол жүріп әбден қалжыраған сарбаздар түскен жерде жатып 

тыныққанды мақұл көрді. Сөйтіп  Аллаһ Елшісі алып-қашпа әңгіменің, өсек-

аяңның таралуына тосқауыл қойды. 

Мұсылмандар армиясы «Бәка» деген жерге келгенде алай-түлей дауыл 

соғады.  Мужаһидтер  үрейленіп  қалады.  Олардың  ойы  сол  жерге  жақын 

Ғатафан  тайпасы  шабуылдап  келе  ме  деген  қатер  еді.  Өйткені  онымен 

арадағы келісімнің де мерзімі біткен. 

Пайғамбарымыз:  "Қорықпаңдар!  Сіздерге  дәл  қазір  ешкімнен  зиян 

келмейді. Бұл дауыл кәпірлерден азулы біреуінің өлгенінің ишарасы",- деді. 

Шындығында  мужаһидтер  Мәдинаға  келген  соң  дәл  сол  дауыл  ескен 

сағатта  яһуди  басшыларының  бірі  Рифа'а  ибн  Зәйдтің  өлгенін  естиді.  Ол 

пайғамбарымыз бен мұсылмандардың ата жауы болатын. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет